ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМДІ БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМДІ БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

9 просмотров

Бүгін жастар арасында терроризмді болдырмау мақсатында Төлеби аудандық мәдениет үйі, аудандық музей және «Аудандық жастар ресурстық орталығы» мекемесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Діни экстремизм әлемге төнген қауіп!» атты дөңгелек үстел өтті.

ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМДІ БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп, арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол – шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.

Шараға аудандық маслихат депутаттары, ауданымыздың дін өкілдері, ардагерлер, спортшылар және мектеп оқушылар қатысты. Жиын барысында келген қонақтар жастар арасында белең алып келе жатқан кеселдің бірі терроризмді болдырмау жолдары мен ел алдындағы жастардың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйі жанынан құралған «Жебе» халықтық драма ұжымының тақырыпқа сай саналық қойылымы көрермен назарына ұсынылса, аудандық мәдениет үйі өнерпаздары жастардың рухын көтеретін әсем әндері мен терме – толғауларын тарту етті.

Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.