ПОЛИЦЕЙЛЕР 100 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ АНАНЫҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН РӘСІМДЕП БЕРДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР 100 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ АНАНЫҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН РӘСІМДЕП БЕРДІ

48 просмотров

ПОЛИЦЕЙЛЕР 100 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ АНАНЫҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН РӘСІМДЕП БЕРДІ
Халқымызда «Үлкенге — құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұл аталы сөздің өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірімге тәрбиелейді. Осындай қағиданы тәртіп сақшылары да өздеріне парыз еткен.
Мәселен Төле би АПБ Көші-қон қызметі бөліміне 100 жастағы әже жеке куәлігінің мерзімі өтіп кетуіне байланысты өтініш білдірді. Ақпарат алысымен көші-қон қызметкерлері шұғыл түрде кейуананың құжаттарын дайындауға кірісті. Нәтижесінде Төлеби АПБ-ның Көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция капитаны Қуаныш Түймебеков, Аққұм ауылының тұрғыны Ұлту Үстенованың үйіне барып, құжаттарын даярлау үшін тиісті шараларды атқарды.
Бір ғасыр ғұмыр кешкен әженің құжаттарын тез арада әзірлеп, дайын бола салысымен үйіне апарып табыстады.
Төлқұжатын үйінен шықпай-ақ әзірлеп берген тәртіп сақшыларына қарт әжей алғысын білдірді: «Мен жеке куәлігімнің мерзімі өткенін айтып, өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Олар мені еш жерге әурелемей, өздері үйге келіп, құжаттарымды қайта жаңартуға көмектесті. Жасымды сыйлады. Үлкенді құрметтей білген қазақ ұрпақтары жасай берсін!» — деді қарт әже. Осылайша халықтың қандай жағдай болмасын қасынан табылатын тәртіп сақшыларына бір ғасыр өмір сүрген әже ақ батасын берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.