ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҰРЫН СОТТЫ БОЛҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҰРЫН СОТТЫ БОЛҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

14 просмотров

Түркістан облысында алаяқтық жайтына қатысы бар бұрын сотты болған күдікті ұсталды
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адам арызында, өзінің атынан алыс танысы ғаламтор арқылы заңсыз онлайн несие рәсімдегенін жазып көрсеткен. Яғни, 2 жыл бұрын күдікті өзінің туыстары ақша салатындығын айтып, жәбірленушіге тиесілі «Каспий голд» банк картасы мен жеке куәлік көшірмесін алған. Содан танысының жеке куәлігінің мәліметтерін пайдаланып, микроқаржы ұйымынан онлайн несие рәсімдеп, есепшотқа түскен ақшаны өзі иеленіп алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 125 000 теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы «Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушы алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін алдау жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғынды анықтады. Алайда күдікті тұрғылықты мекен-жайында болмай, оның қайда кеткендігі туралы жақын туыстарынан сұрастырды. Олар ешқандай ақпарат бере алмады. Полицейлер талаптарға сәйкес жеке басын анықтаған күдіктіге ҚР ҚПК-нің 202-бабы «Адамды күдікті деп тану туралы жариялау» бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы «Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін алдау жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену» бойынша күдікті деп танып, оған республика көлемінде іздеу жариялады. Тәртіп сақшыларының тыңғылықты жұмысының нәтижесінде, ол Қарағанды қаласынан ұсталды. Тергеу барысында ұсталған ер азамат бұған дейін де сотты болып, ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша
Қарағанды облысының сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылғандығы белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде шығыны толық өтелген жәбірленуші азамат: «Аудандық полиция бөліміне менің атымнан танысымның онлайн несие рәсімдегендігі туралы арыз түсірген едім. Жедел әрекет жасаған полицейлер күдіктіні ұстап, шығынымды толық өндіріп берді. Сіздерге алғысым шексіз» — деп полицейлерге ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.