«ТУҒАН ЖЕРДІ АЯЛАЙЫҚ!» эко-слеті

«ТУҒАН ЖЕРДІ АЯЛАЙЫҚ!» эко-слеті

4 просмотров

«ТУҒАН ЖЕРДІ АЯЛАЙЫҚ!» эко-слеті
Бүгін, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мен «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы жанынан құрылған «Жастарды қолдау кеңесі»-нің бірлесе ұйымдастыруымен қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Қаратау табиғаты аясында «Туған жерді аялайық!» эко-слеті өтті.
Кенді қаланың ЖОО-нан 6 команда шығып, қызыққа толы табиғат аясында түрлі спорттық сайыстарға, эко-сенбіліктерге қатысты. Атап айтқанда: ұлттық ойындардан асық ату, ләңгі тебу, ою-өрнек салу. Сондай-ақ, қаппен секіру, таяқ лақтыру, алтын қазына іздеу, т.б қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде1-орын Кентау Көпсалалы Колледж «Бәйтерек» командасы, 2-орын №7 Кәсіптік колледж командасы, 3-орын Арнаулы Кәсіптік колледж командасы иеленді.
Жеңімпаздарға және қатысушыларға арнайы дипломдар, жүлделі орындарға кубог пен медальдер табысталды.
Сонымен қатар, қалалық «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жастарды қолдау кеңесінің» мүшесі және «Жастар қанатының» төрағасы Жақсыбек Нұрсат демеушілік етіп, қатысқан барлық командаға қаржылай сыйлықтар табыстады. Жеңімпаздарды Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, қалалық мәслихат депутаты, жастар жанашыры Қанат Әбдіәзизұлы марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.