Еліміздің 7 облысы бойынша ШАҒЫН ГРАНТТАР байқауы жарияланды!
Байқау мақсаты – Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы ауылдық елді мекендердің проблемаларын шешуге азматтарды тарту.
Байқауға Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының жергілікті қоғамдастық мүшелері (жиын немесе жиналыс мүшелері) және ауыл белсенді тұрғындары жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып қатыса алады.
Жобалар келесі бағыттар бойынша қолданылады:
Жергілікті тұрғындардың мәдени дамуына жағдай жасау, оның ішінде ақпараттық орталықтардың жұмысына қолдау көрсету немесе ұйымдастыру;
Балалар мен жастардың шығармашылығын дамыту
Еріктілерді дамыту;
Жастар мен балалардың бос уақытын өткізу;
Жасөспірімдер мен жастарды мәдени тәрбиелеу;
Туризмді дамытуға ықпал ету;
Инженерлік инфрақұрылымды орнатуға қолдау көрсету;
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдай жасау;
Тарихи орындарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар;
Жұмыссыз ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға, оқытуға, қайта даярлауға қолдау көрсету;
Ауылдық елді мекеннің дамуын жоспарлау;
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қолдау көрсету;
Қоғамдық мониторинг жүргізу.
Сыйақы қоры – 7 000 000 теңге, 1 өңірге 1 000 000 тг
Бір жобаның максималды қаржыландырылуы 435 000 тг дейін
Өтінім беру мерзімі: 21 маусым – 12 шілде 2022ж. (Нұр-Сұлтан қ., уақытымен 18.00 дейін)
Байқауға қатысу өтінімдерін grants_gamo@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Байланыс тел: 8 (775) 698-88-30, 8(702)726 12 96
Жоба Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.