МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

16 просмотров

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшыларына қоғаммен байланыс және дағдарыс кезеңіндегі коммуникация тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов баяндама жасап, Қазақстан және әлемдегі белгілі тұлғалардың БАҚ тілшілерімен және жұртшылықпен сұхбат барысында жіберген кемшіліктері, елмен кері байланыс жасау бойынша әңгіме өрбітті.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

«Ақпараттар ағыны секунд сайын жаңарып отыратын XXI ғасырда әр мемлекеттік қызметші өз саласы бойынша кез келген сұраққа сүрінбей жауап беріп, ашықтықтан қашпау керек. Бұл — мемлекеттік қызметті таңдаған кез келген маманның міндеті», — деген Сәкен Амангелдіұлы мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, оның көпшілік алдында өзін-өзі ұстауы, дағдарыс жайында коммуникация жүйесін реттеу, сөз саптауына дейін жіктеп, түрлі оқиғаларға талдау жасады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

Сондай-ақ, дәріске қатысушыларға кез келген дағдарыс кезінде ресми ақпаратты шұғыл тарату, қоғамда тұрақтылықты сақтау алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізу жүйесі түсіндірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.