САУРАНДА АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

САУРАНДА АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

32 просмотров

Ағымдағы жылғы 23 маусым күні Сауран аудандық Ақсақалдар алқасының кезекті жиыны өтті.
Жиынға Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов, ауылдық округтегі Ақсақалдар алқасының төрағалары мен мүшелері, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Құрышбаев және бөлім мамандары қатысты.

Жиынды Ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Ермекбайұлы ашып, жүргізіп отырды.

САУРАНДА АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жиын барысында аудан әкімі Ғани Құрмашұлы сөз сөйлеп, Ақсақалдар алқасының елдің дамуына үлес қосып жүргендігін, аудандағы халықтың әл-ауқатын арттыру мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда белсенді жұмыс атқарып жатқандығын тілге тиек етті.

САУРАНДА АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Асылбек «Сауықтыру және демалыс орындарына бөлінетін жолдамалар» туралы баяндама жасады.

Д.Асылбек өз баяндамасында ағымдағы жылы зейнеткерлерге санаторлық-курорттық демалуға 400 жолдама ауданға бөлініп отырғандығын және кезек-кезегімен жыл аяғына дейін демалыс орындарына жіберілетіндігін баяндады.

САУРАНДА АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Ақсақалдар алқасының мүшелері тарапынан осы мәселеге қатысты көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аудан әкімі Ғ.Рысбеков ұсыныс-пікірлердің назарға алынатындығын және мәселені өзі тікелей бақылауына алғандығын айтты.

Жиын соңында Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов қорытындылап, аудан әкімі Ғани Рысбековке уақыт бөліп, ақсақалдардың мәселесін тыңдап, қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.