8 КҮНДЕ БОРЫШКЕРЛЕРДЕН 17 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

8 КҮНДЕ БОРЫШКЕРЛЕРДЕН 17 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

20 просмотров

8 КҮНДЕ БОРЫШКЕРЛЕРДЕН 17 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында құқық бұзушылардан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды арттыруға бағытталған «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуге 700-ден астам полиция және басқа да мүдделі органдар, «Автоураган» кешені тартылып, бірнеше мобильді топтар құрылды.
Сонымен «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты 26 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде 17 миллион теңгеге жуығы өндірілді.

8 КҮНДЕ БОРЫШКЕРЛЕРДЕН 17 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ


Сондай-ақ 8 күн ішінде «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында мамандандырылған тұрақтарға 131 көлік, оның ішінде 30-ға жуық шетелдік нөмірлері бар автокөліктер қойылды. Оған қоса Түркістан облысының полицейлері 3,5 мыңнан астам әкімшілік айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарым таратты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *