8 ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНДА

8 ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНДА

20 просмотров

8 ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНДА

Ақпан айының соңында спортсүйер қауым қаламызда өткен “Alash Pride grand prix” аламан бәйгесін “Qazsport” телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаған еді. Енді міне, араға апта салып Алматы қаласында ерлер мен мен әйелдер арасындағы ұлттық спорт түрі жекпе-жектен ҚР чемпионаты мәреге жетті.

Жалпы саны 200-ге жуық өрендердің басын қосқан ел біріншілігінде Түркістан облысының спортшылары да сәтті өнер көрсетті. Облыс намысын қорғаған 24 спортшымыз арасынан 8 спортшымыз жеңіс тұғырынан көрінді.

10 салмақ ерлер, 5 салмақ әйелдер бас жүлдені сарапқа салған додада Меруерт Нурмаханова (67 келі) 1-ші орынды иеленсе, Махсуда Джаппарова (57 келі), Динара Оралбай (62 келі), Даурен Келесбай (85 келі) 2-ші орынға табан тіреді. Ал, жүлделі 3-ші орынды Серік Мақұл (61 келі), Аяжан Полат (+67 келі), Ержан Хожамуратов (70 келі), Абдурахман Ізімбай (90 келі) місе тұтты.

Жерлестеріміздің жетістіктеріне қарап соңғы уақытта жүректілер жекпе-жегі қарқынды даму үстінде екендігін анық аңғаруға болады. Жарайсындар, жерлестер!

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *