81 көше жаңа кейіпке енеді

81 көше жаңа кейіпке енеді

5 просмотров

81 көше жаңа кейіпке енеді

Түркістанда тозығы жеткен жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осылайша қала билігі қара күзге дейін 81 көшені жаңалауды жоспарлап отыр.

Ауқымды іске мердігер компаниялардың мамандарынан өзге, жұмыссыздар да тартылған. Ал салынып жатқан жолдардың сапасы күн сайын тексерілуде.

Жөндеу жұмыстарын қажет еткен 81 көшенің қазіргі уақытта 91%-ында жөндеу жұмыстары басталған. Бұл жолдардың ұзындығы 96,15 шақырымды құрайды.

Аталған дәліз жолдарда су жүйесіне арналған жаңа футляр орнатып, аяқ жолдардың жиек тасын орнату жұмыстары жүріп жатыр. 58 көшеге асфальт төселіп, 64 көшенің жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған. 

Сонымен қатар, М.Әбенов көшесі мен Б.Саттарханов көшесінің арасын жалғап тұрған Жібек жолы көшесіндегі 1,53 шақырымды құрайтын жолды қайта жаңғырту жұмыстары да басталды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *