ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа шақырады

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында «Жастар практикасына»қатысуға шықырады. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы оқу орындарында атлған бағдарлама жайында қалалық жұмыспен қамту басқармасы тарапынан бағдарламаның талаптары мен тиімділігі түсіндіріліп жатыр.

Жастар практикасы-жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын бағдарлама.

Жалпы, биыл  қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған.   Жыл басынан бері 800-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.

Бағдарлама талабына сай,  қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және  «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек.

Және де соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғарғы оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.

Былтырғы жылы 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасты.

 

One thought on “ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа шақырады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *