РУХАНИ АСТАНА: Түркістанның құрметті азаматтары анықталды

Түркістан облысының құрылғанына үш жыл толған атаулы датаға орай бірқатар азаматқа шаһардың түрленіп түлеуіне қосқан үлесі үшін  «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атағы  берілді.
Аталған марапатты қала жұртшылығына мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы табыстады.
Бұл марапат «Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемелекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалд әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, облысты мекендейтін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда облыс алдында айрықша сіңірген еңбегі үшін беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы