РУХАНИ АСТАНА: Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

23 маусым – елімізде мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленген. Тәуелсіз елдің күнтізбесіндегі айтулы мерекені атап өту дәстүрге айналған. Жылдағы қалыптасқан үрдіске сай, мемлекеттік қызметшілердің төл мейрамында облыс орталығында  салтанатты жиын өтіп, онда халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандар марапатталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, шаһардың әлеуметтік — экономикалық дамуы жолындағы еңбектерін ерекше бағалап, алғысын айтты.
«Мемлекеттік қызмет — әрбіріңізден жауапкершілікті, жанашырлық пен сабырлылықты талап етеді. Тарихи сәтте Түркістан қаласының көркеюіне үлес қосу баршамыз үшін үлкен бақ деп білемін. Рухани астанамызды гүлдендіру жолындағы бастамаларымыз жемісті болсын, құрметті әріптестер!», — деді қала басшысы өз құттықтауында.
Сонымен қатар, Нұрбол Әбдісаттарұлы мемлекеттік қызмет саласының үздіктерін марапаттады.
Шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңнамасын сақтауға және халық алдында адал қызмет етуге ант берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы