РУХАНИ АСТАНА: Шаһар басшысы имамдармен кездесті

Рухани астанаға жуырда тағайындалған әкім Нұрбол Тұрашбеков түркістандық имамдармен кездесу өткізді.  Басқосу барысында көне шахардағы мешіттер мен намазханаларды қайта тіркеу жұмыстарын жандандыруды қолға алып, қаладағы мешіт имамдарының шешендік өнерін, сөз саптауларын дамыту мақсатында түрлі шаралар мен байқаулар ұйымдастыру жайы пысықталды.

Қазіргі таңда облыс орталығында ҚМДБ-на қарасты жалпы саны 32 мешіт, 16 намазхана тіркелген. Сондай-ақ, Түркістан қаласы бойынша 31 имам қызмет атқаруда. Дін өкілдерінің басым көпшілігі Алматы қаласындағы Имамдардың білімін жетілдіру институтын тәмамдаған. Кездесу барысында қала әкімі  жастар арасында уағыз, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жолдарын бірізділікке келтіру мәселелеріне аса мән беру қажеттілігін айтты.

— Өсіп келе жатқан жастардың теріс ағымға түсіп кетпеуіне қандай да бір ұсыныстарыңызды тыңдағымыз келеді. Карантин уақытында әлеуметтік қашықтықты сақтау отырып діни бағытта сабақтар өткізудің де артықтығы жоқ, — деді әкім.

Сондай-ақ, жиында ҚМДБ-ның Түркістан қалалық өкілдігі мен қала әкімдігі тарапынан өткізілетін бірлескен іс-шараларда белсенділік таныту мәселесі айтылды. Түркістан қаласы рухани орталық имиджін қалыптастыруда имамдарымыздың алар орны ерекше. Осы орайда, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы міндеттері: жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып, қоғамдық істерге қарқынды атсалысуы қажет, -деді қала әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы