БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық ахуал жөніндегі халықаралық конференциясы өтті

Қыркүйектің он үші күні Қазақстан Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиев бейнебайланыс арқылы Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалға арналған халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігі.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ашқан іс-шара шеңберінде Ауғанстанға көмек көрсетудің донор мемлекеттер мен халықаралық құрылымдар аталған мақсатқа бөлетін қаржы ресурстары туралы мәлімдеді.

Өз сөзінде Т. Қалиев Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайуын растап, еліміздің БҰҰ қамқорлығымен халықаралық гуманитарлық көмекті қауіпсіз және бірлескен түрде Ауғанстанға жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Алматыда халықаралық гуманитарлық логистикалық хабты құру туралы бастамасын ерекше атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *