САЙРАМ: АУЫЛДАҒЫ АШЫҚ ТҰРҒАН ТРАНСФОРМАТОР ҚОРШАЛДЫ

Адам үшін ең қымбаты — өмір. Өмір сүру –адам үшін ең басты байлық. Сондықтан да қауіпсіз өмір сүруге, жергілікті тұрғындардың өздерін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау – маңызды мәселе.

«Ауыл – Ел тірегі» жобасы негізінде өткізіліп жатқан Ақсукент ауыл округінің онкүндігі аясында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғын жұмыстар атқарылуда. Ашық күйде тұрған, қоршалмаған электр тарату қондырғылары ауыл тұрғындарының өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Дана халқымыздың «Сақтықта қорлық жоқ» деген сөзін ескере отырып, ауылдастырымыздың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасау мақсатында Оқу өндірістік комбинаты аумағында орналасқан трансформаторды қоршау жұмыстары атқарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы