САЙРАМ: НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС КӨП

Ауданда түрлі салаларда жеткен жетістіктерімізбен қатар, шешуді талап ететін көкейтесті мәселелер де бар. Олардың негізгілерін атап өтсек:

 Аудан халқының өсіміне байланысты жаңа құрылыс жүргізу үшін бөлінген жер учаскелерінің инфрақұрылым мәселесі күрделеніп отыр. Қазіргі таңда 3 ауыл округі бойынша 9 нысанға 250 га жер аумағына инженерлік коммуникация жүргізуге құны 5,7 млрд. теңгелік жобалық құжаттамалар дайындалып, республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыныс жасалды.
Тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтарды баспанамен қамту мақсатында Қарасу ауылындағы 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысына жоба дайындалып, 2020 жылы жоғарғы бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекетік сатып алу өткізілген (құны 2 597,4 млн теңге). Қаржы қысқартылған. Нысанды іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдар. Республикалық бюджетке 2,6 млрд.теңге бөлуге ұсыныс берілді. Қаржы мәселесі шешілсе, кезекте тұрған 300 адам тұрғын үймен қамтылар еді.

 Ауданымызда халық тығыз орналасқан. Жыл сайынғы бала өсімін (1500 балаға) ескерсек, ауданға жылына кем дегенде 600 орындық 2 жаңа мектеп қажет. ы4,1 млрд.теңгеге 5 білім беру нысандары (1 жаңа мектеп, 4 мектепке қосымша оқу корпустары) құрылысының жобалық құжаттамалары дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылды. Қаржыландыру мәселесі шешілген жағдайда 3 ауысымға өту қаупі бар мектептер типтік мектепке ауыстырылып, сынып бөлмелерінің тапшылығы жойылып, оқушылардың терең білім алуына қол жеткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *