САЙРАМ: Жол – әрбір ауданның басты күретамыры

Жол – әрбір ауданның басты күретамыры. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының басым көпшілігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, бүгінгі таңда жолдардың тозығы жетіп, жарамсыз жағдайда болуынан жол көлік оқиғалары жиілеп отыр. Осыған орай, аудандық маңызы бар 5 көшені күрделі жөндеуден өткізуге 3,5 млрд.теңгеге жобалық құжаттама дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылды. Жоғарыда аталған жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыруға ықпал ету жөнінде ҚР Сенат депутаты Ә. Бектаевқа ұсыныс жолданды.

 Аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигондардың жетіспеушілігіне байланысты қоқыстарды орналастыру мәселесі өте өзекті. Жұмыс істеп тұрған 2 полигонның(Қарабұлақ, Манкент) күл-қоқыс қабылдау қабілеттілігі күніне 22,5 тн болса, аудан тұрғындарынан күнделікті 5 есе артық күл-қоқыс шығарылады. Мәселені шешу мақсатында Қайнарбұлақ ауыл округінен полигон ашу үшін 10 га жер бөлініп, аудан бюджетінен полигон құрылысын жүргізу үшін қажетті жобалық құжаттама 7,5 млн.теңгеге дайындалып жатыр. Және де Манкент ауылынан 3 шақырым аралықта орналасқан 7 га жерге полигон ашу үшін жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселенің шешімі де қаржыға тіреледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *