САЙРАМДЫҚ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ БҮГІН ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛАДЫ

Аудандағы 42 елді мекеннің 26-сы табиғи газбен қамтылған. Бүгін тағы бес елдімекенге көгілдір отын беріледі. Мұнда жүйелердің құрылысы толық аяқталды. Ол — Қасымбек датқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе ауылдары. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалымен 7,9 млн.теңгеге газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін келісім-шарт түзілген болатын.

Жыл соңында елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 74%-ға (2020 жылы — 61,9%)жеткізу көзделуде, 2025 жылға дейін аудандағы елді мекендер 100% табиғи газбен қамтылады деген жоспар нақты.
Аудандағы Құтарыс, Қызылжар, Таскешу, Ақсуабад, Тоған, Оймауыт пен Ақарыс, Сарыарық, Көлкент елдімекендерін газдандыруға бюджеттен 1,1 млрд.теңге бөлініп, құрылыстар жұмыстары басталды. Нысандар 2022-2023 жылдарға өтпелі.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының басым көпшілігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, бүгінгі таңда жолдардың тозығы жетіп, жарамсыз жағдайда болуынан жол көлік оқиғалары жиілеп отыр. Осыған орай, аудандық маңызы бар 5 көшені күрделі жөндеуден өткізуге 3,5 млрд.теңгеге жобалық құжаттама дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы