САЙРАМ: Биылғы жоспарланған 9 жоба

Ауылды өркендетудің басты факторы — агроөнеркәсіп кешені ауданымызда жақсы дамыған. Өңірде өндірілетін өнімдер өзімізді қамтып қана қоймай, өзге аймақтарға да жіберіледі.

Карантин режимі болса да, шаруа тоқтаған жоқ. Биылғы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында 57,0 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, өткен жылға қарағанда 57,1 млн. теңгеге артық өнім алынды. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 14,1%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.
Жаңадан 101 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 601 га жетті. Жылыжайлар 6,5 га жерге салынып, жалпы көлемі 51,6 га құрады. Қарқынды бау 20 га жерге егіліп, көлемі 500 га құрады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылына 2 өнім алу жобасы аясында бүгінгі таңға 262 шаруашылықта жалпы көлемі 274 га жерге егістік егіліп, жоспар 105% орындалды.

Аудандағы барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, 8 айда ет өндірісі 10,2%-ға, сүт – 4,6%-ға, жұмыртқа – 5,8%-ға артты.

Биыл бұл салада 9 жоба жоспарланған. Негізгі жобаларға тоқталсақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы