САЙРАМДА ӨНІМ АЛУ ЖОБАСЫ 105% ОРЫНДАЛДЫ

Аудандағы барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, 8 айда ет өндірісі 10,2%-ға, сүт – 4,6%-ға, жұмыртқа – 5,8%-ға артты.

Биыл бұл салада 9 жоба жоспарланған. Негізгі жобаларға тоқталсақ:

— Көлкент а/о орналасқан «Food production LTD» ЖШС-і – қарқынды алма бау жобасын (29 га, құны-400 млн теңге)мамыр айында, Қайнарбұлақ а/о орналасқан «Нұр Агро» ЖШС-і — өндірістік жылыжайды (құны-1 млрд теңге)қыркүйек айында іске қосты;

— Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «Көмешбалық» серіктестігінің балық шабағын өсіру жобасы(құны-50 млн теңге), Манкент ауылындағы»Туран Агро Ет-Сүт» кооперативінің сүтті қайта өңдеу цехы(құны-100 млн.теңге) қазан-қараша айларында іске қосылады.

Нәтижесінде, 2021 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемін 100 млрд.теңгеге жеткізу межеленуде.

Суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамтып, мол өнім алу мақсатында «Ақсу» МКК тарапынан ұзындығы 70 шақырымдық каналдар мен арықтар тазаланды. Биылғы жылға бетондауды қажет ететін 2 канал («Көтерме» каналы — Ақсукент а/о, «Қызыларық» каналы- Құтарыс а/о) мен «Жоғары Ақсу» су бөгетін (Манкент а/о) күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 440 млн-ға жуық теңге бөлінді, «Көтерме» каналының жөндеу жұмыстары аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *