Биыл егемендік алып, дербес ел ретінде еңсемізді тіктегенімізге 30 жыл. Қысқа мерзім ішінде еліміз заманауи дамыған мемлекетке айналды.
Алайда, әлемді жайлап, жұртшылықты әбігерге салған қауіпті індет COVID-19-дың өмірімізге дендеп еніп, көп тұстарда шұғыл шешім шығарып, жұмысты басқаша жүргізуге мәжбүр етті. Індеттің алдын алу мақсатында ауданда тиісті жауапты органдар тарапынан қажетті шаралар қабылданды және әлі де қабылдануда. Ауыл округі әкімдіктері қызметкерлері мен мобильді топтар жұмысын жалғастырып келеді. Халықтың қауіпсіздігі мен сақтығы басты назарда.
Еліміздегі пандемиялық ахуалға қарамай, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы бүгінде тұрақты дамуда.
Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 103,0 млрд теңгеге жетіп, өсім 3,2 млрд.теңгені құрады. Жалпы өнімнің ішінде 56,0%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 23,0%-ы өнеркәсіп саласына, 18,0%-ы бөлшек саудаға, 4,0%-ы құрылыс саласының үлесінде.
Сайрам ауданының әкімі Уласбек Сәдібековтің 2021 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы Сайрам аудандық мәслихат депутаттарына берген есепті баяндамасынан