Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Ақсукент ауылдық округінде өз жалғасын табуда. Онкүндік аясында аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына кепілдендірілген көмек бойынша әлеуметтік топтама таратылуда.
Нақтырақ айтқанда, Ақсукент ауылдық округі бойынша шілде айына тиесілі жалпы пакет саны – 710, оның ішінде 1-3 жас аралығында 176 пакет, 3-6 жас аралығында 326 пакет, гигиеналық 1-6 жас аралығында 208 атаулы әлеуметтік көмек алушылардың кепілдендірілген пакеті таратылуда.
Биыл егемендік алып, дербес ел ретінде еңсемізді тіктегенімізге 30 жыл. Қысқа мерзім ішінде еліміз заманауи дамыған мемлекетке айналды.
Алайда, әлемді жайлап, жұртшылықты әбігерге салған қауіпті індет COVID-19-дың өмірімізге дендеп еніп, көп тұстарда шұғыл шешім шығарып, жұмысты басқаша жүргізуге мәжбүр етті. Індеттің алдын алу мақсатында ауданда тиісті жауапты органдар тарапынан қажетті шаралар қабылданды және әлі де қабылдануда. Ауыл округі әкімдіктері қызметкерлері мен мобильді топтар жұмысын жалғастырып келеді. Халықтың қауіпсіздігі мен сақтығы басты назарда.
Еліміздегі пандемиялық ахуалға қарамай, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы бүгінде тұрақты дамуда.