Баршамызға белгілі биылғы жыл — Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы!
Айтулы мерейлі жылы аясында аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен ауданда «Ауыл – ел тірегі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында аудан халқы үшін тиімді де қажетті көптеген игі істер қолға алынды.
Мәдениет саласы бойынша 1 мәдениет үйі мен 2 кітапхана тұрғындар игілігіне тапсырылды. Одан бөлек, Республикалық байқауға ауданнан 4 өнер ұжымы «Халық атағына» ұсынылды. Нәтижесінде, 3 өнер ұжымы «Ақсу» фольклорлы ансамблі, «Ақсу әуендері» вокалды инструменталды ансамблі және «Ақ кербез» би ансамблі Халық ансамблі атағына ие болды.
Сонымен қатар, биылғы жылы мәдениет саласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында біршама ірі көлемдегі театрлық қойылымдар мен іс- шаралар өтті. Алдағы уақытта тағы бір маңызды жобалардың бірі, «Сырлы саз» керуені бастау алмақ.
Жобаның мақсаты — аудандағы 30 мәдениет ошағында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 іс- шара өткізу және ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын жандандырып, ауылдағы дарынды жастардың өнерін насихаттау.
Қадірменді аудан тұрғындары!
Сіздерді, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған іс- шараларымызға белсенді қатысып, халықтық сипатқа ие болуына атсалысуға шақырамыз!