Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолында жаппай жол апатынан 2 адам қаза тапты

 

 

 

Қарағанды-Нұр-сұлтан автожолында бес көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Көлік соқтығысуынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Tengrinews.kz.

Қарағанды — Нұр-сұлтан тас жолында жаппай жол апаты 14 қараша күні сағат 19.20-да орын алды. Көктайғақ пен қалың қардың салдарынан тас жолда бірден бес көлік соқтығысты. Құрбандарсыз болған жоқ. Оқиға орнында алған жарақаттардан екі адам қайтыс болды. Апат болған жерден бейне әлеуметтік желілерде пайда болды.

«Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігі «абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу»бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда жеті көліктің қатысуымен жол апаты болған. Көлік соқтығысуынан төрт жүргізуші мен бір жолаушы зардап шекті. Олар дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *