ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КИКБОКСИНГТЕН ЖАРЫС ӨТУДЕ

38 просмотров

Сайрам ауданында  партия ардагері, ауданның ядролық полигоны ардагерлері кеңесінің төрағасы Ирсметов Махаммеджан ағамыздың бастамасымен, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауымен  кикбоксингтен VII-ші облыстық турнир басталды.
Жастарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, оларды спортқа баулып, қызушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан турнир 2013 жылдан бастап тұрақты өткізілуде.
Турнирдің ашылу салтанатына ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, Семей ядролық полигоны ардагерлері мен партия белсенділерімен бірге қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледім.
2009-2012 жылғы жасөспірімдер арасында кикбоксингтен өткізіліп жатқан турнирге Атырау, Жамбыл, Түркістан обылыстары мен Шымкент қаласынан жалпы 180 бала қатысып, байрақты бәсекеде бақтарын сынауда.
23-25 қыркүйек күндері өткізілетін турнир қортындысымен жеңімпаздарға арнайы кубоктар беріліп, дипломдар табысталатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.