ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН АЛҒАШҚЫ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

17 просмотров

Түркістанда “Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының” ашылғанына 1 жыл толуына орай 22-25 қыркүйек күндері аралығында Үлкен теннистен ашық біріншілік өтті. Сайысқа “Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» ұйымдастыруымен 8 бен 14 жас аралығындағы балалар мен 16 жастан жоғары жасөспірімдер қатысты.

Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларынан және Түркістан облысынан келген 68 теннисші жас ерекшеліктеріне қарай 4 категория бойынша өзара бақ сынасты. Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру.

Жарыс қорытындысына сәйкес 2014-2015 жылғы қыздар арасында І орынға С.Ирискулова, 2012-2014 жылдар ұлдар арасында І орынды М.Жаксыбай жеңіп алды. Сонымен қатар, 2012-2013 жылғы ұлдар арасында І орын М.Айдарали мен 2007-2011 жылғы ұлдар арасында І орындарды А.Мукадда иеленді.
Жасөспірімдер арасында 16 жастан жоғары қыздар мен ұлдар арасында Г.Абуева мен Қ.Баймаш мықты деп танылып І орынға ие болды. Ашық біріншіліктің қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.