Түркістан облысның әкімі Дархан Сатыбалды өңіріміздегі халықаралық спорт нысандарының сапалығы мен онда жаттығатын әрбір спортшының дайындықтарына аса мән берілуі қажет екендігін тапсырды Мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болған дене шынықтыру және спорт саласы ұдайы дамып, өркендеп жаңаруда.
Жақында ғана панкратионнан Ақтөбе қаласында Қазақстан Кубогінің бас жүлдесі сарапқа салынды. Облыс намысын қорғап қайтқан жерлестеріміз жауапты республикалық жарысқа жан-жақты дайындалып, нәтижесінде 57келідегі талантты түркістандық спортшылар Әбілқасым Бекжан мен 62келі салмақта өнер көрсеткен Әлімқожаев Серік алтын медаль жеңіп алып, мерейімізді үстем етті. Бұдан өзге келешегі кемелді Сейтхал Батыржан мен аса ауыр салмақта сынға түскен +100 келі салмақ дәрежесіндегі Рүстеков Айболат та қола жүлдегер атанды.