Түркістанда «Шауғар» секторында 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді

9 просмотров

«Шауғар» секторында 177 көше болса (оның ішінде 67 көше асфальт жол, 91 көше тас жол, 19 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 30,8 шқ құрайтын 30 көшеге тас төселіп, 20,5 шқ. құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.

Одан бөлек сектор аумағында 20 аялдама орнатылды және 2 бағдаршам жаңартылды. Бұл жөнінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Шауғар” секторының тұрғындарымен кездесу барысында баяндады.

 

Темір жол аумағында жаяу жүргіншілер үшін 2023 жылы көпір құрылысы жоспарлануда, Қалаби көшесінің құрылысын 2023-2024 жылдары іске асыру көзделуде. Сондай-ақ, “Шауғар” секторында 3 нысанның құрылысы аяқталып, 5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 1 нысанның құрылысы жүргізілуде.

 

Тұрғындар өтініші негізінде 4 трансформатор орнатылды.

Алдыңғы кездесулерде М.Мақатаев, Серт, Тұңғыш Президент, Әлімтау, Бөкейхан, Сүлейменов, Аубакиров, Асфендияров, Асанов және Нарбаев 3-ші мен 4-ші тұйықтарында ауыз су жоқтығы туралы шағымдар түскен болатын, нәтижесінде аталған көшелерде бұл мәселе толығымен шешімін тапты.

 

Жалпы жыл басынан бері секторда қала әкімінің тұрғындармен өткізген 3 кездесуі барысында 93 мәселе көтерілген болатын. Оның:

– 46 орындалды (12 инфрақұрылым, 25 жол мәселесі, 4 қоғамдық көлік, 3 электр жарығы және 2 әлеуметтік сала);

– 9 мәселе бойынша жұмыстар жоспарлы жүргізілуде;

– 14 өтініштің заңдылығы түсіндірілді.

 

Бүгінгі кездесуде де шауғарлықтар жол мен жарық мәселесін көп көтерді. Нұрбол Әбдісаттарұлы барлық өзекті мәселенің бір деммен шешілуі мүмкін емес екенін түсіндіріп өтті. Биыл бірқатар өтініштер орындалды, бірқатар өтініштер келесі жылғы жоспарға енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.