ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ 200 КІТАП СЫЙЛАДЫ

32 просмотров

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде оқушылардың бойында кітап оқуға деген қызығушылық дағдыларын қалыптастыру, мектеп оқушыларына қызықты кітаптарға қолжетімділікті ұйымдастыру, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру мақсатында «Bookcrossing» жобасы өтіледі. Жалпы жоба тарихына үңілсек буккроссингтің алғашқы ресми қызметін жасаушы Рон Хорнбакер өз сөзінде:

 

  • Буккроссинг – географиялық шекараны білмейтін кітапхана түрі, деп жоба арқылы адамдардың кітап құндылығы туралы көзқарасы өзгеретінін атап өткен.

 

Аталған жоба бүгінде рухани шаһардағы Зияткерлік мектебінде де белсенді әрі кеңінен жүзеге асырылуда. Осы орайда Түркістандағы NIS ұжымы бірлесе «Bookcrossing» жобасымен ауыл мектебін қолдау мақсатында облысқа қарасты Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы  Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатына 200 кітап сыйлады. Зияткерлік мектептің басшылығы аталған оқу ордасына арнайылып барып, салтанатты түрде тарту етті.

Аталған лицей-интернатының басшысы Әділхан Әріпбеков Зияткерлік мектеп ұжымына өз алғысын білдірді:

 

  • Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап» дейді. Сол секілді ауыл балаларының рухани дамуына рухани астанадан арнайылап құнды кітаптарды тарту еткен Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына ерекше алғысымды білдіремін. Ауыл мектебіне қолдау білдіріп, кітапханамыз әлем әдебиетінен бастап, түрлі жанрдағы бағалы кітаптарға толығып отыр. Бұл деген ауыл балаларының тек білім жағынан ғана емес, рухани әрі мәдени дамуына үлкен серпін бермек.

 

Айта кетейік, білім ордасының кітапханасы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиет, ғылыми, энциклопедия, қосымша әдебиет кітаптарымен толықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.