TELEGRAM ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ АДАМДАРҒА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ЖЕЛІ ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

15 просмотров

WhatsApp мессенджерінің басшысы Уилл Кэткарт әлеуметтік желі қолданушыларын Telegram платформасынан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Уилл Кэткарт өзінің Twitter парақшасында жазған. WhatsApp басшысының пікірінше, Telegram деректердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейді. «Telegram әдепкі бойынша басынан аяғына дейін шифрланбайды және топтар үшін E2EE (соңғы шифрлау) ұсынбайды», — деді Уилл Кэткарт. «Олардың е2ee (end-to-end encryption) хаттамаларында ақпаратты өзге қолданушылардан қорғайтын, шифрлайтын тәуелсіз тексеру жоқ. Telegram-да көптеген технологиялық компаниялар қабылдаған нақты ашықтық қағидаты да жоқ. Платформадағы өрескел қателіктер адамдарға қауіп төндіреді», — деп жазды Уилл Кэткарт өзінің Twitter парақшасында. Сонымен қатар, ол аталған мессенджер құпия чаттардағы мәліметтерді өзге адамдардың оқуына мүмкіндік беретінін мәлім етті. Бұған қоса, Уилл Кэткарт Telegram әкімшілігі үкімет сұратуы бойынша кез келген құпия ақпаратты ұсынатынын жазған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.