Түркістан облысындағы жаңа әуежай ғимараты әлемдегі ең жылдам салынған аэропорт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бүгінде Түркістан әуежайының аумағына 140 мың ағаш егілді Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан халықаралық әуежайға барар тасжолдың бойы тұтастай жасыл желекке бөленеді. Мұнда 140 мың түп шаған, үйеңкі, қарағаш, бозарша, жиде ағаш көшеттері отырғызылды.
Яғни әуежай аумағында тамшылатып суару жүйелері жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, алдағы 2-3 жылда бұл аймақ жайқалып, қалың орманға айналады. Енді бұл жерлерге далалық шөп тұқымдары себіліп, газон төселмек.
«Түркістан Халықаралық Әуежайы «- бұл МЖӘ жобасы (Мемлекеттік-Жекешелік Әріптестік) шеңберінде өз қызметін жүргізетін» YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI » АҚ-ның 100% инвестициялық жобасы. Түркістан қаласының әуежайы халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған. Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін еуропалық стандарттарға және IATA стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету үшін терминал қауіпсіздік пен күзеттің барлық қажетті талаптарымен жабдықталған. Өткізу қабілеті сағатына 450жол/сағатты құрайды. 2 телескоптық трап, 14 жолаушыларды тіркеу бағандары, 88 орындық автотұрақ, сондай-ақ VIP және CIP залдары бар.
Әлемге ашылған Түркістан қақпасы! Халықаралық Түркістан әуежайынан алғашқы рейс 1 желтоқсан күні «Fly Arystan» авиакомпаниясы арқылы жүзеге асты. Осылайша, Халықаралық Түркістан әуежайының жұмысы Нұр-Сұлтан қаласынан Түркістан қаласына бағыт алған «Fly Arystan» авиакомпанисының рейсімен басталды.
YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. 28 қыркүйек күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған әуежайымыз Түркістанның әлемге ашылған қақпасы болуға мүмкіндік береді
«YDA ретінде айтарымыз Біз Қазақстанды екінші Отанымыз ретінде қабылдаймыз. Біздің алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік жобамыз 2007 жылы салынып, қазіргі кезде жұмысын қарқынды түрде жасап жатқан Ақтау халықаралық әуежайы. Бүгінде біз Түркістан әуежайында алғашқы жолаушыларымызды қарсы алғанымыз үшін өте қуаныштымыз және Ақтау қаласындағы әуежайымыз сияқты Түркістан әуежайы да сәтті жобаларымыздың қатарын толықтыратынына сеніміміз мол. Ұлы Қазақ даласында Қазақ-Түрік бауырластығының символы болатындай әлі де көптеген жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Түркістан әуежайының өсіп өркендеуіне шын жүректен тілектеспін.»,- деді Хусейн Арслан.
Жылына 3 миллион жолаушы тасымалына қабілетті әуежайымыз туризмді дамытуға өте үлкен мүмкіндік береді. Түркістан халықаралық әуежайы 905 га көлемін қамтиды, ұшу-қону жолағы 3300 м., 2 рулежді жолақ, 1 қызмет көрсету алаңы, 7 үлкен көлемді әуе кемесін сыйдыра алатын перрон, терминал мен өндірістік ғимараттар аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта, Түркістан халықаралық әуежайынан Стамбул, Мекке, Баку, Москва және Дубай қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр.
Жасыл желекке оранған қаладағы құрылыс барысын бақылауға шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты тұлғаларға тапсырмалар беріп, жұмысты ширатуды жүктеді. Шаһарда тек туристтік нысандарға ғана көңіл бөліп қоймай, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Түркістан қаласындағы орталық көшелердің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарды бірыңғай, бір үлгіге келтіру үшін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.
Түркістанда жаңа желілік саябақ салынып жатыр. Ж.Майкотов көшесінің бір жақ бетінде құрылысы басталған желілік саябақ көктемде ашылды. Тұрғындар үшін ыңғайлы орта қалыптастыру – басты назарда. Сондай-ақ, 28 га құрайтын қалалық дендробақта 12 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Жасыл аумақ толық көгалдандырылады. Бірнеше жаңа саябақтар өткен жылы пайдалануға берілді. «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандырудың бірінші кезеңі «Орталық саябақ» биыл пайдалануға берілді.
Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Ясауи кесенесінің айналасында ашық аспан астындағы мұражай, мәдени демалыс орындары қызмет көрсетуде. 2021 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және ҚР Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстанбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Түркістан және Ыстанбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рейспен, жұма және жексенбі күндері А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейіннен рейстер саны аптасына 7-ге дейін (күн сайын) көбейеді. Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Түркістан – Ыстанбұл алғашқы рейсіне 176 билет сатылды (98%). Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласы әуежайынан 80-нен астам рейс орындалып, 23 мыңға жуық жолаушы тасымалданды. Рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі 85% құрады. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларына ішкі рейстер орындалуда. Биыл жылдың екінші тоқсанынан бастап түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістанды 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) аптасына 53 рейспен байланыстыру жоспарланып отыр. Түркістан қаласының әуежайы шет елдердің әуе компанияларының ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне енгізілген. Бұл ұшу географиясын кеңейту үшін әуежайды тартымды етеді және шетелдік туристерді көптеп тартуға ықпал етеді. Түркістаннан Новосибирскіге (РФ), Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. жаңа рейстерді іске қосу жоспарда бар. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Сонымен қатар биыл Түркістаннан тікелей Абу-Дабиге әуе рейсі ашылмақ. Түркістан қаласынан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласына әуе рейсін ашу бойынша жиын өтті. Оған Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, облыстық мәдениет және туризм басқармасының және Түркістан халықаралық әуежайы мен Еуропалық лоукостер (Венгрия) “Wizz Air”авиакомпаниясы өкілдері қатысты.
“Wizz Air” авиакомпаниясы «Түркістан – Абу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді 2023 жылдың қазан айынан бастауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет жиілікпен заманауи А-321 ұшақтарымен орындалатын болады.
Сондай-ақ, “Wizz Air”авиакомпаниясының өкілдеріне Түркістан қаласының туристік нысандарына тур ұйымдастырылып, Түркістан халықаралық әуежайы және ондағы арнайы техникалар таныстырылды. Өңірдің сауда-экономикалық қатынастарын нығайту және туризм саласын жан-жақты дамыту мақсатында облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдаулардың болатыны жеткізілді.
Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды. Жалпы, былтыр өңірге 441 млрд.теңге инвестиция салынған. Айта кету керек, биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 185,9% құрап отыр. Сондай-ақ, сыртқы инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалады. 13,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 87% — ға жоғары. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1-тоқсанында облыстың негізгі капиталына 56,8 млрд.теңге бағытталған. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 141,3% -ға жоғары.
Қазіргі уақытта «Turkistan Invest» өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуде. Мысалы, 2020 жылдың 1-ші тоқсанында «TURKISTAN INVEST» компаниясымен бірге жалпы құны 23,18 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 197 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына 5 жоба өнеркәсіп саласында, 21,5 млрд.теңге сомасына 2 жоба энергетика саласында іске асырылды.
Осыған дейін Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд.теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 5 508 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 268,8 млрд. теңге болатын 14 жоба аясында 2 660 жұмыс орны құрылады. Жоспарланған жобалардың басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Жасыл экономика», химия өнеркәсібі және әлеуметтік нысандар құрылысын атап өтуге болады. Агроөнеркәсіптік кешен саласына тоқталар болсақ, «Ecoinvest» ЖШС жобасының I кезеңі, яғни, 21 га жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. Естеріңізге сала кетейік,» ARM WIND » — Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік инвестор болып табылатын ENI (Италия) Халықаралық энергетикалық компаниясының еншілес ұйымы. Сонымен қатар, «KZT Solar» ЖШС және «HEVEL KAZAKHSTAN»ЖШС компаниялары Кентау қаласында қуаты 110 мВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2020-2021 жылдарға белгіленген. Ал, «YDA Insaat» түрік компаниясы Түркістан қаласында халықаралық әуежай салды. Инвестиция сомасы — 78,8 млрд.теңге. 1500 жұмыс орны ашылды.