ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

63 просмотров

Биыл Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Индустраилды-инновациялық даму бағдарламасы индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. Құрылған индустриалды аймақ өндірісті өркендетуге айрықша серпін бермек. Жергілікті атқарушы орган жаңадан құрылған индустриалды орталыққа қажетті инфрақұрылымдарды жеткізіп, инвесторлардың жұмысын айтарлықтай жеңілдететін болады. Келес ауданында құрылған индустриалды аймақ Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойында орналасуы, алдағы уақытта жоспарланған айналма жолға жақындығы, «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне, көршілес аудандарға (Шардара, Мақтаарал және Жетісай) және жұмыс күшін тарту үшін елді мекендерге жақындығымен инвесторларға тиімді болмақ.

Бүгінде индустриалды аймақ инвестициялық жобаларды іске асыруға, отандық және шетелдік инвесторларды орта және шағын бизнесті дамытуға барынша ықпал ететіні мәлім. Бұл жобаның мақсаты – өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру болып табылады.

Қазіргі таңда облыста 9 индустриалды аймақ жұмыс істеуде. Олар:  Түркістан қаласындағы индустриалды аймақтың аумағы 40 га құрайды. Индустриалды аймақта 3 664,5 млн. теңгеге 601 жұмыс орнын  құрайтын  15 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі күнге  1 млрд. теңгеге  6 жоба іске қосылып,  238 жұмыс орны ашылды.

Созақ ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 50 га құрайды. Қазіргі таңда индустриалды аймақта 1 143,5 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, 279 жұмыс орны ашылды. Шардара ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 35 га құрайды. Аймақта 255 млн. теңгені 65 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге 55 жұмыс орны бар, 225 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды. Түлкібас ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 55 га құрайды. Индустриалды аймақта 293 жұмыс орнын, 3 681,5 млн. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Мақтаарал ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 28 га құрайды. Индустриалды аймақта 1 335 млн. теңгені, 186 жұмыс орнын құрайтын 6 жоба іске асырылуда. Оның ішінде ағымдағы жылы 36 жұмыс орнымен қамтылған, 450 млн. теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырлатын болады. Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 40 га құрайды. Индустриалды аймақта 2 001,4 млн. теңгені, 167 жұмыс орнын құрайтын 7 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күнге 100 жұмыс орнымен қамтылған, 876 млн. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылған. Бәйдібек ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы  57 га құрайды. Индустриалды аймақта 13 жұмыс орнын құрайтын, 161,5 млн. теңгеге 1 жоба іске асырылуда.

Кентау қаласындағы  ауданындағы индустриалды аймақтың аумағы 25 га құрайды. Индустриалды аймақта 2 054,5 млн. теңгені, 162 жұмыс орнын құрайтын 6 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 1 709 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 100 жұмыс орны ашылды. «Бадам» ҚТИА Индустриалды аймағы 203 га құрайтын «Бадам» ҚТИА индустриалды аймақтың инфрақұрылымы жүргізілуде. Аймақта 65 716,9 млн. теңгені, 1 583 жұмыс орнын құрайтын 12 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 7 788,9 млн. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылып, 107 жұмыс орны ашылды. Өңірлерде индустриалды аймақтарға бөлінген жердің жалпы ауданы 533 гектарды құрайды. Қазір Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда 78,778 млрд. теңгені құрайтын 61 жоба қолға алынуда. Онда 3 349 жұмыс орны ашылады. Бүгінде аталған 61 жобаның ішінде 20 млрд. теңгені құрайтын 23 жоба нақты қолға алынып, 1 215 адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылы 8,4 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асып, 222 жұмыс орны ашылған.

«Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы» ЖШС басшылығының айтуынша, бүгінгі таңда Шымкент қаласы мен Түркістан облысында инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Мұнда жуырда Жапония, Пәкстан елдерінен делегациялар келген. Бұдан бөлек, Қазақстан Өзбекстан бизнес-форумы аясында индустриалды аймақ аумағында инвестициялық жобаны іске асыру туралы бірқатар меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ, индустриалды аймақтарға жаңа жобаларды тарту үшін 25 әлеуетті инвестормен кездесулер өткізілді. Компания тарапынан Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің ірі кәсіпорындарына 320 шақыру хаты жіберілген. Атап өтер болсақ, «КТИЗ БАДАМ» индустриалды аймағында «Gold Alumіnum» ЖШС-нің ПВХ профиль, ПВХ және алюминийден жасалатын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар шығаратын цехы, «Green Technology іndustrіes» ЖШС-нің полиэтилен қалдықтарынан жасанды талшықтарды өндіру зауыты іске қосылды. Ал, «Кентау» индустриалды аймағында «Ауезов» ЖК оттегі цехының құрылысын, «Қазығұрт» индустриалды аймағында «АСЫЛ-бастау.KZ» ЖШС құрғақ майсыз сүт және сары май өндіретін жобасын қолға ала бастады.

Өңірлік үйлестіру кеңесіне жыл басынан бері құны 20,6 млрд. теңге, 316 жұмыс орнын құрайтын 8 инвестициялық жоба бойынша өтініш түскен. Кеңес қорытындысымен «Мақтаарал», «Бәйдібек», «Қазығұрт», «Түркістан» және «КТИЗ Бадам» индустриалды аймақтарынан қара металл қалдықтарын, дәрі-дәрмек өндірісі үшін фармацевтикалық және темір-бетон өнімдерін шығаратын, тағы да басқа зауыттар салуға рұқсаттар берілген.

Жоғарыда айтылған инвестициялық жобалардың барлығы да Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынуда.

Айта кетейік, елімізде 2010 жылдан бері жүзеге аса бастаған индустрияландыру картасының алғашқы бесжылдығында (2010-2014 жж.) Түркістан облысында 7,7 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 115 жоба іске қосылды. Ал, екінші бесжылдық аясында (2015-2019 жж.) құны 1,2 трлн. теңге болатын 135 жоба (18,3 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орны) жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар биыл Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан.

2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде.  Сайрам ауданында жаңа индустриалды аймағын құру бойынша жер көлемін анықтап, инфрақұрылым жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Бадам» индустриалды аймағының көлемі үлкейтілмек. Индустриалды аймақтардың қатысушылары – «Grand Miks» ЖШС-і (жоба құны – 2,47 млрд.тг), жиһаз өндіріс кәсіпорны, «CG Food Central Asia» ЖШС-і (жоба құны – 1,1 млрд.тг.) дайын тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорны. Индустриалды аймақтарды дамыту барысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2022 жылы құны 8,205 млрд. тг. және 640 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 8 инвестициялық жобаны тарту көзделген.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының кәсіпорындар ашу, индустриалды аймақтарды көбейту бойынша тапсырмасы аясында облыстағы аудан және қалалардың мүмкіндіктері зерделенуде. Осы орайда, Жетісай ауданында «Жетісай» индустриалды аймағын» ашу ұсынысы жан-жақты қаралды. Бұл туралы «Turkistan» Индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясының» Бас директоры Қанат Ұзақбайұлы Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында талқыланды. Аудан басшысы Серік Мамытов индустриалды аймақ ашу – өнеркәсіп саласы дамыған аудан үшін маңызды шешім екенін атап өтіп, жалпы аумағы 50 га жерде ашу мүмкіндік бар екенін жеткізді. Индустриалды аймақ ашылған жағдайда, Жетісай ауданындағы өнімдер шығаратын өндіріс орындары бір аумаққа орналастырып, компания тарапынан көрсетілетін қызметтерге жүгіне алады. Атап айтқанда, дайын ғимарат сатып алуға немесе бос жерлерді жалға алып, толықтай жүргізілген инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта қаржылық-экономикалық тиімділігі анықталып, облысқа ұсынылатын болады. Жетісай ауданы егістік бойынша, оның ішінде жеңіл және мақта өнеркәсібі, дәнді дақылдар өсіруде алдыңғы орында тұр. Жалпы, кәсіпкерлік саласында Жетісайдың 70%-ы агроөнеркәсіп болып саналады. Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінде 9 индустриалды аймақ бар. Онда құны 44,4 млрд. теңгені құрайтын 63 жоба жүзеге асқан. Асфальтті бетон жасау, металл бөлшектер мен бұйымдар өндірісі, мобильді жылжымалы контейнерлер өндіру, тігін, жиһаз өндіру, металл торлары мен құрылыс блоктарын жасау, темір есік өндірісі, тауарлық бетон шығару цехы, темір бетон бұйымдары және басқа да өнімдер өндіріліп, Түркістан және басқа да өңірлерге тасымалдануда. Бүгінде Индустриалды аймақтар Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Ордабасы, Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек аудандарында орналасқан. Жетісай ауданында агро индустриалды  аймақ қалыптасып, Түркістан өнімдерінің саны артады деп күтілуде.

Түркістан қаласында 2023-2025 жылдар аралығында 169 жаңа жұмыс орнын құрайтын 4 жоба іске асырылады. Құны 3 млрд. теңгелік жоба темірбетон бұйымдары, темір және ағаштан есік жасау, асфальтты бетон өндіруге бағытталған. Қазірдің өзінде Түркістан индустриалды аймағында 1330 жұмыс орнын құрайтын 27 жоба орналасқан. Жалпы құны – 13,01 млрд. теңге. Оның ішінде жалпы сомасы 8,564 млрд. теңгені құрайды.  Түркістанға Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігінің саяси кеңесшісі Пис Кеннеди жұмыс сапарымен келді. Африка құрлығындағы экономикасы дамыған елдің өкілімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. — Сізді Түркістан облысында қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Бүгін екіжақты байланыстарды жан-жақты саралауға мүмкіндік бар. 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Өңірде 170 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік тіркелген. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өңірдің әлеуеті жоғары. Соңғы жылдары өңірге 5,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік мол. Арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақ инвесторларға қолайлы жағдай ұсынады. Осы артықшылықтарды пайдаланып, оңтүстік африкалық кәсіпкерлермен әріптестік орнатуға дайынбыз, деді Нұралхан Көшеров. Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігінің саяси кеңесшісі Пис Кеннеди ауыл шаруашылығы туризм салалары бойынша Оңтүстік Африка Республикасының жетістіктері мол екеніне тоқталды. Осы бағытта іскерлік байланыс орнату тиімді болатынын, туризм бағытында әріптестік орнатуға ниетті екенін атап өтті. Қазақстандықтарды Оңтүстік Африка Республикасына саяхаттауға шақырды. Бүгінде аталған елдің ішкі жалпы өнімі көлемінде туризм саласының үлесі мол. Оңтүстік Африка Республикасының өкілі сонымен бірге, Түркістандағы еркін экономикалық аймақ туралы өз елінің кәсіпкерлеріне ақпарат беретінін жеткізді. Сондай-ақ кездесуде Пис Кеннеди Түркістандағы бір көшеге Нельсон Манделаның, ал Оңтүстік Африка Республикасындағы бір көшеге Әбу Насыр Әл-Фарабидің атын беру жөнінде ұсынысын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.