Түркістан облысы азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін өңір билігі АӨК дамытудың 19 басым бағытын айқындады. Өңделген өнімнің экспорты өткен жылы $578,8 млн-ға жетеді деп күтілуде. Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленді, оған сәйкес ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2022 жылы 482,3 млрд теңгеден 1225,0 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Бағдарламаға сәйкес егін шаруашылығында егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізу көзделген және айналымға жаңа жерлер енгізіле отырып, олардың жалпы ауданы 2022 жылы 798 мың гектардан 926 мың гектарға дейін ұлғаюы тиіс. Жоспарланған қайта құру нәтижесінде өңірде саладағы негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуі күтілуде.
Облыс аумағынан жеміс-көкөніс және бақша дақылдарының 80%-ы Ресей, Қырғызстан және Беларусь еліне экспортталса, қауын өнімі Латвия, Германияға экспортталды. Сонымен қатар мақта талшығы Түркия, Бельгия, Латвия, Германия, Франция, ҚХР және Молдова елдеріне экспортталуда. Ұн өнімі Өзбекстан, Ауғаныстан, Тәжікстан және Қырғызстанға жөнелтілді. Сиыр және қой еті түгел Өзбекстанға экспортталса, құс еті Ресей мен Өзбекстанға шығарылды. Балық өнімдері Ресей, Германия, Латвия, Польша, Австрия, Венгрия Израилға экспортталып жатыр. Сиыр және қой етін экспорттаушылар: «Тұран Агро Ет-Сүт» АШӨК, «On Export» ЖШС, «Агро-Қазақстан-2050» АШӨК, «Ет Агро Манкент»АШӨК, «Юг Агро 21» АШӨК, «Сардор KZ» АШӨК және т.б. Құс етін экспорттаушы: «Ордабасы құс» ЖШС; Балық өнімдерін экспорттаушылар: «Хамит» АШӨК, ЖК «Жалгасбаев Т.С», ЖК «Назарбекова К.А», ЖК «Абдибилал А», ЖК «Байкошкаров А.С», «Балжан» ШҚ, ЖК «Томай», «Торг Рыба» ЖШС, «Шардара-Балык-1» ЖШС, «Ser-Kun» АШӨК.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қорғас» халықаралық сауда орталығының базасында Қытаймен бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды. «Қазір жаһандық азық-түлік нарығы жиі құбылып тұр. Сондықтан біз осы саладағы ынтымақтастықты нығайта түскеніміз жөн. Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын арттыруға және оның түрін көбейтуге мүдделі. Еліміз бидай және ұн өндіретін әлемдегі ең ірі он елдің қатарына кіреді. Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттаймыз. Шаруаларымыз сыртқа шығарылатын дәнді және майлы дақылдардың көлемін арттыруға дайын. Олар экологиялық жағынан таза әрі жоғары сұрыпты ет пен органикалық өнімдерді де көптеп жеткізе алады. Есесіне, бау-бақша өнімдері мен азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуға мүдделіміз», — деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша біз мемлекеттеріміздің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек.
«Сонда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтамыз. Бұл қадам бәріміздің мүддемізге сай келеді. Осы ретте мен «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынамын. Агроөнеркәсіп саласында цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізу мәселесіне баса мән берген жөн. Бұл істе қытайлық серіктестеріміздің тәжірибесі мен мүмкіндігі аса қажет», — деді Тоқаев.
Түркістан облысы бойынша тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы наурызды 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 101% құрады.Азық-түлік тауарларының бағасы 0,7%, азық-түлік емес тауарлары – 0,7%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 2% өсті.
Түркістан облысы бойынша тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы наурызды 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 101% құрады.Азық-түлік тауарларының бағасы 0,7%, азық-түлік емес тауарлары – 0,7%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 2% өсті.
2023 жылғы наурызда азық-түлік тауарлар нарығында бағалар жармаға 0,2% көтерілді, оның ішінде сөкке – 2,2%, қарақұмық жармасына – 0,9%, ал арпа жармасына – 5,5% төмендеді. Бағаның өсуі макарон өнімдеріне 0,8%, оның ішінде кеспеге – 1,9%, спагеттиге – 1,2%, сондай-ақ күрішке – 0,5% байқалды. Тоқаштар және ұннан жасалған кондитерлік өнімдеріне 0,4%, соның ішінде үгілмелі печеньесі – 2,8%, кептірілген нанға – 2,2%, орамалар, кекстерге – 1,1% көтерілді. Бағаның көтерілуі шошқа етіне – 1,4% байқалды, керісінше кус етіне 3,6%, оның ішінде тауықтың сан етіне – 6,1%, тауықтың жамбасы мен сирағына – 1,5% төмендеді. Балық және теңіз өнімдеріне бағалар 0,4% қымбаттады. Сүт өнімдеріне бағалар 3,1%, оның ішінде қатыққа – 6,7%, құртқа – 6,4%, айран майлылығы 2,5% – 5,2%, балқытылған ірімшіктерге – 4,9% өсті. Май және тоңмай өнімдерінің бағасы 1%, оның ішінде маргаринге – 3,7%, зәйтүн майына – 2,6%, тұздалмаған сары майға – 1,6% көтерілді, ал өсімдік майына – 0,2% төмендеді. Жаңа жиналған жемістердің бағасы 4% көтерілді, оның ішінде жүзімге – 7,1%, алмаға – 5,4%, лимонға – 5%, бананға – 4,9%, ал бағаның төмендеуі апельсинге – 8,3% байқалды. Сондай-ақ жаңа піскен көкөністерге бағалар 2,2% көтерілді, оның ішінде қызанаққа – 11,3%, қырыққабатқа – 9,2%, қиярға – 5,1%, тәтті бұрышқа – 4,6%, ал керісінше басты пиязға – 7,8%, картопқа – 4,6%, сәбізге – 3,3% бағалар төмендеді. Сонымен қатар, құмшекер бағасы 1,3% түсті. Бағаның өсуі алкогольсіз сусындарға 2,3%, алкогольді сусындар мен темекі өнімдеріне – 0,3% байқалды.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі, халықтың жеке тұтыну үшін сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы баға деңгейінің уақыт ішіндегі өзгеруін көрсетеді. Осы мақсатта арнайы іріктеліп алынған сауда орындары мен қызмет көрсету орындарында бағаны тікелей тіркеу жолымен жиналған баға өзгерісі туралы деректер; халықтың нақты тұтыну шығыстары құрылымында үй шаруашылықтарын зерттеу материалдарынан алынған ақпарат негізінде жүргізіледі.
Бағаның өзгеруі туралы ақпараттардың жиналуы іріктелген қалалар мен аудан орталықтарында, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалалармен астанада жүргізіледі. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау олардың орналасқан жерінде жүзеге асырылады. Барлық типтегі сауда және ақылы қызметтердің объектілері сауданың түрлі жағдайлары және жұртшылықтың басым сұранысына ие тауарларды (қызмет көрсетулерді) тұрақты сататын кәсіпорындар болу үшін таңдалады.
Тұтыну бағасын байқау және ТБИ-ін есептеу үшін қажет тауарлар мен қызметтер жиыны Қазақстанның барлық өңірлері үшін бірдей. Тауарлар мен қызмет көрсетулердің тізбесіне 508 позиция кіреді, бұл тізбеге репрезентанты, халық тұтынуындағы үлес салмағы ең көп орын алатын тауарлар мен қызметтердің негізгі түрлері қосылады. Баға туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілер тауарлардың (қызмет көрсетулердің) тікелей сатылған орындарында жүргізеді. Зерттеу жүргізілген күні салықтарды қоса төленген бағалар тіркеледі, бірақ оған тауарларды жеткізу үшін қосымша алымдар кірмейді.
Өткен жылы өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің үш топтары бойынша тұтынудың төмендеуі байқалды: сүт және сүт өнімдері — 4,1%, қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдері — 3,4%, май және мал майы — 5,5%. Тұтынудың өсуі азық-түлік өнімдерінде екі топ бойынша байқалды: картоп — 1,6%, ет және ет өнімдерін — 0,8%.
Түркістан облысы бойынша тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 101,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,9%, азық-түлік емес тауарлары – 0,8%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 2% өсті. 2023 жылғы ақпанда азық-түлік тауарлар нарығында бағалар жармаға 0,1% көтерілді, оның ішінде сөкке – 2,5%, ал жүгері жармасына – 5,1% төмендеді. Сондай-ақ ұнның бағасы 1,6%, рожки – 0,4% төмендеді. Бағаның көтерілуі күрішке – 5%, тоқаштар және ұннан жасалған кондитерлік өнімдеріне 0,5%, соның ішінде қамырға – 3,2%, торттарға – 2,1% көтерілді. Бағаның көтерілуі сиыр етіне – 0,1% байқалды, керісінше кус етіне 3%, оның ішінде тауықтың сан етіне – 5,4%, тауықтың жамбасы мен сирағына – 2,8% төмендеді. Балық және теңіз өнімдеріне бағалар 11,7% қымбаттады. Сүт өнімдеріне бағалар 1,7%, оның ішінде қантсыз қоюландырылған сүті – 17,3%, қоюланған тәтті сүтке – 8,1%, құрт – 3,7% өсті. Май және тоңмай өнімдерінің бағасы 0,2%, оның ішінде зәйтүн майына – 6,9%, көтерілді, ал өсімдік майына – 2,7% төмендеді. Жаңа жиналған жемістердің бағасы 3,2% көтерілді, оның ішінде алмұртқа – 6,5%, алмаға – 6%, жүзімге – 2,2%, апельсинге – 2,1%, ал бағаның төмендеуі лимонға – 0,8% байқалды. Сондай-ақ жаңа піскен көкөністерге бағалар 12,8% көтерілді, оның ішінде басты пиязға – 25,3%, қызанаққа – 20,1%, қиярға – 13,7%, тәтті бұрышқа – 9,1%, ақ қауанды қырыққабатқа – 6,9%, сәбізге – 2,1% өсті. Сонымен қатар, құмшекер бағасы 3,2% төмендеді, ал тұз – 4,6% көтерілді. Бағаның өсуі алкогольсіз сусындарға 1,3%, алкогольді сусындар мен темекі өнімдеріне – 1,9% байқалды.
Ақпан айында азық-түлік емес тауарларынан бағаның қымбаттауы киім және аяқ киімге 1,4%, тұрмыстық бұйымдарға – 1,2%, жуу және тазалау құралдарына – 0,4%, тұрғын үйділерді күтіп ұстау және жөндеу үшін жабдықтар – 0,5%, қатты отынға –1%, фармацевтикалық өнімдерге – 1,3%, автокөлік құралдарын сатып алу – 0,2% байқалып, жанар-жағармай өзгеріссіз қалды.
Халыққа ақылы қызмет көрсету саласында ақпан айында медицина қызметі – 2,7%, пара медициналық қызмет – 3,1%, аурухана қызметі – 9,7%, көлік қызметтеріне – 0,2%, тұрғын үйлерді күтіп ұстауға және жөндеу қызметтеріне – 0,4%, әуе жолаушылар көлігіне – 38% көтерілді, ал сақтандыруға – 2,4% төмендеді. 2023 жылғы қаңтар-наурызда Түркістан облысы бойынша сауда көлемі 80120,4 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 108,4% құрады.
2023 жылғы қаңтар-наурызда Түркістан облысы бойынша бөлшек сауда көлемі 53611,4 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 107,6% құрады. Сауда кәсіпорындарымен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 43882,4 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 105,9% құрады. Жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базарда сауда-саттықпен айналысатын тұлғалардың сауда көлемі 9729 млн. теңгені3. немесе 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 116% құрады. Аудандар кесіндісінде облыстың бөлшек сауда көлемін жасақтауда Түркістан қ. (29,1%), Сайрам (17,5%), Сарыағаш (13%) және Жетісай (7,3%) аудандары елеулі үлеске ие болды. 2023 жылғы қаңтар-наурызда облыстың көтерме саудасы 25822,2 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар- наурызға 110,8% құрады. Азық-түлік тауарларының үлесі – 71,7%, азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар – 28,3% құрады.
Көтерме сауданың едәуір үлес салмағы Түркістан қ. (30,6%), Сайрам (12,9%), Сарыағаш (10,8%) және Ордабасы (9,1%) аудандарының кәсіпорындарына тиісті болып отыр.
Сонымен қатар биыл 2023 жылы 65 тауарлы-сүт фермасын құруға 100 млрд теңге бөлінбек.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын іске асыру барысы қаралды. Мәселе бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады. Сонымен қатар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баяндама жасады.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарында 31 іс-шара көзделген, оның 17-сі – өнім өндіру көлемін ұлғайту, аграрлық ғылымды дамыту және тауарларды сақтау, жетеуі – азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, тағы жетеуі – азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі мен сапасы бойынша іс-шара. 31 іс-шараның 11-і 2022 жылы орындалды және 20 іс-шараны іске асыру 2023-2024 жылдарға көзделген.
«Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте азық-түліктің негізгі түрлерін: өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, жарма, шұжық өнімдері мен қантты өндіру бойынша өсім байқалады. Сонымен қатар өндірісі төмендеген бірқатар өнімдер бар және олар негізінен сүт өнімдері: сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері», — деді Ербол Қарашөкеев.
Меншікті өндіріс есебінен қамтамасыз ету 2022 жылы шұжық өнімдері бойынша 56,4%-дан 61%-ға дейін, алма бойынша 73,7%-дан 75,6%-ға дейін, құс еті бойынша 65,4%-дан 68%-ға дейін, қант бойынша 42,6%-дан 51%-ға дейін ұлғайды. Бұл ретте ірімшіктер мен сүзбе бойынша 56%-дан 53%-ға дейін төмендеу байқалады. Осылайша, сүт өнімдері бойынша тағы да төмендеу байқалады. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бұл бүгінгі таңда сүт өнімдерін өндіру проблемалы екенін растайды, бұл шикізат базасының дамымауымен байланысты.
Сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат базасын кеңейту үшін өңірлік ӘКК арқылы ірі тауарлы-сүт фермаларының құрылысын жеңілдікпен қаржыландыруда Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесін кеңейту жөніндегі жоба іске асырылуда. Жобаны іске асыру нәтижесінде отандық сүт зауыттары сапалы шикізатпен қамтамасыз етіледі және сүт бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендейді.
«Осы мақсаттарға 2023 жылға өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлы-сүт фермасын құруға 100 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Келесі жылдары жоспарда қосымша 50 тауарлы-сүт фермасын салу бар, оған 113 млрд теңге қаражат қажет», — деді Е. Қарашөкеев.
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, Қазақстан көкөністердің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. Мәселен, 2022 жылы 4,1 млн тонна картоп, 621 мың тонна сәбіз, 1,1 млн тонна пияз және 551 мың тонна қырыққабат өндірілді. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндірудің едәуір көлеміне қарамастан, қыс-көктем кезеңінде сақтау қуатының төмендігіне байланысты нарықта отандық көкөністер ұсынысының төмендеуі байқалады. Бұл нарықта импорттық өнімнің өсуіне және маусым аралық кезеңде бағаның көтерілуіне әкеледі. «Бұл мәселенің шешімі – көкөністерді сақтау қуатын арттыру, бұл отандық өнімнің бір бөлігін маусым аралық кезеңде сақтауға және сатуға мүмкіндік береді», — деді Ербол Қарашөкеев.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 1 952,8 мың тонна болатын 1 208 көкөніс қоймасы, оның ішінде 770 көкөніс қоймасы, 382 картоп қоймасы және 55 жеміс қоймасы бар. Көкөністерді сақтау сыйымдылығын арттыру мақсатында 2025 жылға дейін көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Кешенді жоспар аясында 2021-2022 жылдар аралығында жалпы сақтау көлемі жоспарланған 181,5 мың тоннаның орнына 200,8 мың тоннаға 37 жоба жүзеге асырылды. Осылайша, жоспарланған көрсеткіштер 110%-ға орындалды. 2023 жылдың соңына дейін 111,5 мың тонна өнімге 29 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Бұл ретте сақтау қуаттарымен қамтамасыз ету бойынша нақты көріністі белгілеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, санаттары бойынша бөлініп, барлық қоймаға тексеру жүргізетін болады, оның қорытындысы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, қоймаларды салуды ұлғайту жағына қарай қайта қаралатын болады.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдауды реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде өнімнің тауарлық сипатын сақтай отырып, ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы жабдықтары бар заманауи қоймаларды салу кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін 25%-дан 50%-ға дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде.
«Біздің есебіміз бойынша ел халқының жалпы тұтыну көрсеткіштерін ескерсек, бүгінгі таңда келесі импортталатын тауарларға тәуелдіміз: қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері, және маусымаралық кезенде қырыққабат пен пияз. Бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік 16,2%-дан 55,9%-ға дейін және қант бойынша 90% тәуілділік бар. Кейбір тауарлар бойынша нарық халықтың тұтыну деңгейінен едәуір жоғары көлемде қамтылды. Алайда көрші нарықтардағы жағдайларға байланысты біз агрессивті экспортты байқап отырмыз. Әсіресе көкөніс өнімдерінің экспорты жоғары», — деді С. Жұманғарин.
Сауда және интеграция министрінің айтуынша, біз ішкі нарықты қамтамасыз ететін және азық-түлік секторындағы дағдарыстарға төзімді саясат құруымыз керек. Нарықтағы бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктері аясында қалыптастырылған қорлармен молықтыру жөніндегі үйлестіру жұмыстары жалғасуда. Биыл тарифтік/тарифтік емес реттеудің уақытылы шаралары оң нәтиже берді. Мәселен, күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу нәтижесінде өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалады.
Пияздың агрессивті экспортын болдырмау үшін 3 айға экспортқа тыйым салынған, кейінен бұл тыйым квотаға ауыстырылды. Бұл шара халықты пиязбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және алдыңғы жылдардағы қырыққабат пен картоп сияқты бағаның күрт өсуіне жол бермеді. Қазіргі уақытта 2024 жылдың маусым аралық кезеңін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы күзгі егінге келісім-шарт бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда 90,0 мың тоннаға жуық өнім қалыптастырылды. Жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың маусым аралық кезеңіндегі келісім-шарттарды жасасуды жылдамдатуы керек.
«Сонымен қатар Түркістан облысының фермерлерінде ерте піскен қырыққабат аталған бағамен қазіргі танда сатуына байланысты біз отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында өзбек қырыққабатын сатып алудан бас тарттық. Қырыққабат өндірушілердің тізімі барлық аймаққа ақпарат ретінде берілді. Барлық аумақ осы қырыққықабатты тікелей сатып алып, аумақтарға жеткізіп, интервенцияны жүргізуі қажет», — деді сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, келешекте ерте пісетін қырыққабаттың бағасы мамыр айында төмендейді деп күтілуде. Нарықты ерте пісетін картоппен қамтамасыз ету үшін Пәкістан мен Өзбекстаннан жеткізу пысықталуда. Бүгінгі таңда барлық сақтау нысанының ішінде елімізде тек 200-ге жуық көкөніс қоймасында климаттық жабдықтар бар. Қоймадағы көкөністердің көлемін анықтау мақсатында талдау жүргізу кезінде дәйекті тауар балансын қалыптастыру үшін деректердің болмауы проблемасы анықталды. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросына қоймалардағы көкөніс қорлары бойынша статистикалық деректер әзірлеу және енгізу туралы ұсыныс енгізілді.
Түркістан облысы әкімі орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 38 мың тоннаны құрайтын 20 жеміс-көкөніс сақтау қоймасы бар. 2023-2025 жылдарға жалпы құны 21 млрд теңгеге сыйымдылығы 86 мың тонна арналған 15 заманауи үлгідегі жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2023 жылы 22 мың тоннаға арналған 8 жоба жүзеге асырылады.
«Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы “1 мың тоннадан басталатын картоп-көкөніс сақтау орындарын салу, кеңейту” жобалары шығынының 25%-ын өтеуге бюджеттен тиісті қолдаулар көрсетілетін болады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда», — деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.