ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 115 БАЗАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Түркістан облысында 2023 жылы 21,6 мың сауда орнымен 115 базар болды. Соның ішінде жалпы саны мамандандырылған  49 азық-түлік — 5, азық-түлік емес — 44, әмбебап — 66 базар жұмыс істейді. Базарлардың жалпы санының 63,5% жеке кәсіпкерлердің, 36,5% – заңды тұлғалардың меншігінде. Аудандар кесіндісінде базарлардың ең үлкен үлесі – Түркістан қ. (14,8% жалпы санынан), Сарыағаш  (14,8%), Қазығұрт (7,8%), Сайрам (7,8%)  аудандарына тиесілі. Базарлар тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап 57,4%, сату түрлері бойынша – бөлшек (96,5%) құрады. Базарлардың жалпы алатын алаңы 919,7 мың шаршы метр, оның едәуір бөлігі Түркістан қ. (190,7 мың шаршы м), Сайрам (142,4 мың шаршы м) және Сарыағаш (115,6 мың шаршы м) аудандарына тиесілі болып тұр. 2022 жылы облыс базарларында 49 малдәрігерлік санитарлық сараптау зертханасы қызмет көрсетті. Базарлар иелігінде 74 бірлік тоңазытқыш бар.

Алдын ала деректер бойынша, 2023 жылғы қаңтар-наурызда Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 110,3 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың қаңтар-наурыз деңгейімен салыстырғанда 88,4% құрады, оның ішінде экспорт – 89,8 млн. АҚШ долларын (91,6%) немесе өзара сауда көлемінің 81,4%, импорт – 20,5 млн. АҚШ долларын (76,6%) немесе 18,6% құрады. Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 107,1 млн. АҚШ доллары (өзара сауда көлемінің 97,1%) сомасында қалыптасты, Беларусь Республикасымен – 2 млн. АҚШ доллары (1,8%), Қырғызстан Республикасымен – 1 млн. АҚШ доллары (0,9%), Армения Республикасымен – 0,2 млн. АҚШ доллары (0,2%).

ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 99% Ресей Федерациясына, 0,5% – Қырғызстан Республикасына, 0,3% – Беларусь Республикасына, 0,2% – Армения Республикасына тиесілі. Импорттың жалпы көлемінде 88,7% Ресей Федерациясына, 8,3% – Беларусь Республикасына, 3% – Қырғызстан Республикасына келеді.

Өткен жылы «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу» сауалнамасынан алынған мәліметтер бойынша, 15 жас және одан жоғарғы жастағы жұмыс күшінің саны 835218 адамға жетті. Халық санындағы жұмыс күшінің үлесі 63,9% құрады. Облыс экономикасында 792,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс күшінің жұмыспен қамтылу деңгейі 94,8% жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны 427,4 мың адамды немесе 54%, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер 364,8 мың адамды немесе 46% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында ерлер 440,4 мың адамды немесе жартысынан көбін, әйелдер – 351,8 мың адамды  құрады. Жалпы  жұмыспен қамтылу 2021 жылмен салыстырғанда 14,5 мың адамға, соның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 9,3 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен 5,2 мың адамға өсті. Жұмыссыздар саны 43 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,2% болды. 15-28 жастағы* жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%, NEET жастарының үлесі (ХЕҰ әдіснамасына сәйкес) – 7,6% құрады.

Түркістан облысының жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс шамасы алдыңғы айға қарағанда 2,1% өсіп, 43259 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түлік өнімдері 23792 теңгені, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер 19467 теңгені құрап отыр. Түркістан облысының жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс шамасы алдыңғы айға қарағанда 2,1% өсіп, 43259 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түлік өнімдері 23792 теңгені, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер 19467 теңгені құрап отыр. Жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс шамасының ең жоғары деңгейі Төлеби (46144 теңге) және Сарыағаш (45427 теңге) аудандарында, ал төменгі көрсеткіш Түркістан  қаласы (38289 теңге) және Мақтаарал ауданында (39105 теңге)  қалыптасты.

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Азық-түлік себетінде тамақ өнімдерінің 43 атауы бар: ет, балық, сүт, май-тоң май, нан, жеміс-көкөністер және олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқа тағамдар кіреді. Халықтың түрлі жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтарының халықтың орташа жан басына шаққандағы тамақтың негізгі өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормасын бөлшек сауда желісінің өкілді объектілеріндегі тіркеудің орташа бағасына көбейту жолымен есептеледі. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 739520,6 млн. теңгені немесе 2021 жылға қарағанда 108,6% құрады. Өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда кәсіпорындардың меншікті қаражаттары инвестициялардың басым көздері болып — 58,4% немесе 431938,3 млн.теңгені құрады, бюджеттік қаражат — 35,6% немесе 263124,8 млн.теңге, басқа да қарыз қаражаттар — 4,1% немесе 30127,9 млн.теңге және банктердің кредиттері — 1,9% немесе 14329,6 млн.теңгені құрады. Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 85,9% немесе 635831,2 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың технологиялық құрылымының 77,2% немесе 571135,6 млн. теңге ғимараттар мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, 17,1% немесе 126253,2 млн. теңге — машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға және күрделі жөндеуге және 5,7% немесе 42131,8 млн. теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындарға тиесілі.2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі өнеркәсіп (30,8%) және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (19,8%) салаларына келеді.

Түркістан қаласында Эко базардың техникалық ашылуы өтіп, арнайы тексерілді. Мұнда Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін саудалай алады. Техникалық ашылуына облыстың бірқатар аудандарынан өнімдер саудаланады. Шардара ауданынан – балық пен күріш, Бәйдібек ауданынан – жеміс-жидек, Ордабасы ауданынан – құс еті мен жұмыртқа және өзге де азық-түлік арзан бағада ұсынылуда. Аталған сауда кешені жаңа автовокзал маңында орналасқан. Онда өзге облыстар мен Өзбекстанға көліктер қатынайтын болады. Заман талабына сай сауда орталығында қала тұрғындарына және Түркі елінің рухани астанасына келетін туристерге қолайлы сауда жасауға барлық жағдай жасалған. Базар аймағында тауар сақтауға арналған 300 микроклиматтық қойма бар. Сонымен бірге, «Grand Bazar Yassy & EcoBazar» Экобазары келушілерге қонақ үй, демалатын орындар, ойын-сауық кешендерін мен фудкортты ұсынады. Қауіпсіздікті сақтау үшін күзет қызметкерлері жұмыс істейді, бейнабақылау камералары орнатылған. Барлық санитарлық нормалар сақталған. Базарда электронды және ақылды қоларбалар іске қосылады. Сондай-ақ, базарда кәсіпкерлер үшін «Яссы бизнес» бағдарламасы арқылы 4 пайызбен 5 жылға 60 миллион теңгеге дейін кепілдік арқылы несие беру көзделіп отыр. Бұл жөнінде Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен келісім жасалған. «Экобазар – дәстүрлі ауыл шаруашылығы нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 гектар жерге орналасқан базарда 3000-ға жуық сауда орны бар. Оның ішінде 900 орын – азық-түлікке, 1500 орын – киім-кешекке, 500 орын – тұрмыстық тұтыну тауарларына арнайы жабдықталған. Жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалған. Көтерме бағадағы бұл базар диқандардың өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам өткізуге, азық-түліктің сапасын сақтауға, тасымалдау шығынын азайтуға өте қолайлы болмақ», – дейді Экобазардың бас директоры Бақнұр Аюбек. Тағы бір айта кетерлік жайт, соңғы жылдары ірі қара мал етін өндіруде және экспорттауда Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді. Өңіріміздің ет өнімдері Қытай, Өзбекстан, Ресей, Иран елдерінде, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде жоғары сұранысқа ие болып отыр. Ал, қауынға Германияда сұраныс жоғары. Бұл деректер Түркістан өңірінің азық-түлік өнімдерінің сапалы әрі экологиялық таза екендігін аңғартады. Енді аталған өнімдер Түркістандағы Экобазарда жұртшылыққа ұсынылып, осы орталықта жүздеген жұмыс орны құрылмақ. Енді ғана жұмысын бастап жатқан Экобазар биыл толық күшіне еніп, еліміздегі ең таңдаулы сауда орындарының біріне айналмақ.
57 жылдық тарихы «Қуаныш» базарында сауда жасап, нәпақасын тауып отырған саудагер саны 2,6 мыңды құрайды.
Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жыл басынан бері 39 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрақтандыру қорынан жалпы құны 41,5 млн теңгенің 202,8 тонна көлеміндегі өнімдер сатылды. Әр аптаның жұма, сенбі күндері Экобазар аумағында азық-түлік тауарлары жәрмеңкесінде тауарлар нарықтық бағадан төмен бағада тұрақты түрде сатылады. Алдағы уақытта жәрмеңкелер ұйымдастыру жалғасатын болады.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында жалпы құны 1 054,4 млн теңгенің 5 873,1 тонна және 900 мың дана жұмыртқа өнімдері бар. Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейту мақсатында қосымша жер телімдері мен көкөніс сақтау қоймасын салуға 5 гектар жер телімдері бөлініп жатыр. Жер телімдерінің құжаттары толық «Түркістан» ӘКК» АҚ-на берілген жағдайда, жерді жалға беру арқылы жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен әлеуметтік дүкендер мен көкөніс сақтау қоймасы салынатын болады.

Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 42,9 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада бірінші орында. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 2,2 млрд теңгеге жобаларды қолдау жоспарлануда. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті.

Облыста инвестиция көлемі де артты. Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,3 есеге ұлғайып, 660,3 млрд теңгені құрады. 2020-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына құны 323,3 млрд теңге болатын 4823 жаңа жұмыс орнын құрумен 34 инвестициялық жоба енгізілді. Оның ішінде 2020-2021 жылдары 13,6 млрд теңгеге 19 жоба іске асырылып, 2015 жаңа жұмыс орны құрылды. Түркістан облысында сегіз өндіріс ашылып, оның екеуі экспортқа бағытталған. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 23,6 млрд теңгені құрады, 750-ден астам жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы өндірістік қуаттар Кентау мен Түркістандағы индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар аумағында ашылды. Сондай-ақ нысандар Созақ және Сайрам аудандарында іске қосылды. Жобалардың бірі түркиялық инвестормен бірлесіп жүзеге асырылды. Мәселен, облыста 18 млрд теңгеге бағалы металдар өндірісі жолға қойылды. Мұнда 400 адам жұмысқа орналасты. Түрік инвесторы 2021 жылы жөргектер мен дымқыл майлықтар өндірісін бастауға көмектесті. Бұл жобаға инвестиция 2 млрд теңгені құрады, 60 жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ 1,2 млрд теңгеге темірбетон бұйымдарының өндірісі ашылды, 30 адам жұмысқа орналасты.

«Түркістан» индустриялық аймағында 2,2 млрд теңгеге жобалар іске қосылды. Атап айтқанда, жол-құрылыс материалдары мен темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт, онда 241 адам жұмыспен қамтылды. Жоба 1,1 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын 1,04 млрд теңгеге бетон және 114 млн теңгеге газдалған бетон блоктарын шығарады. Сонымен қатар Кентаудың индустриалды аймағында 189,5 млн теңгеге асфальтбетон қоспасы мен 55 млн теңгеге гипохлорид өндірісі ашылды.

Түркістан облысында мақта майын өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Жоба Түркиядан келген инвестормен бірлесіп жүзеге асырылды. Жалпы құны  – 2 2,6 млн теңге, қуаты – 10 мың тонна мақта майы, жылына 12 мың тонна тазартылған май, айына 1,5 тонна мақта тұқымының қалдықтарынан жасалған сабын және 650 тонна мақта жапырағынан жасалған жем. Сонымен қатар 2025 жылға дейін жеті ірі жоба жүзеге асырылады. Облыста 136,6 млрд теңгеге химиялық кешен салынады. Бұл кәсіпорында каустикалық сода, кальций карбиді, цемент шығарылады. Жобаны 2021-2023 жылдары іске асыру жоспарланған, 1 мың жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ 130 млрд теңгеге мұнай өңдеу зауыты іске қосылады, 650 жұмыс орны құрылады. Қуаты – жылына 2 млн тонна көмірсутек. Келесі нысан – фосфор кендерін өңдеу өндірісі. Оның құны 129,9 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2022-2025 жылдары іске асыру көзделген.  Сонымен қатар аймақ басшысы натрий цианидін өндіретін зауытқа жеке тоқталды. Бұл нысан 2021-2023 жылдары салынады, жалпы құны – 25,8 млрд теңге. Сонымен қатар облыста мыс өндіру және барлау зауытын ашу жоспарланған. Инвестициялар 216,6 млрд теңгені құрайды, 1 мың жұмыс орны ашылмақ.

Өңірде қолға алынған тағы бір ірі жоба – 129,9 млрд теңгеге фосфор кенін өңдеу кәсіпорны. Сонымен қатар 36 млрд теңгеге тұрмыстық техника өндірісі жолға қойылады. Облыста 1,5 млрд теңгеге көмір химия комбинаты іске қосылды. Инвестиция тартуға келетін болсақ, соңғы үш жылда Түркістан облысының экономикасына 1,4 трлн теңге қаржы құйылды. Өңір құрылған сәттен бастап 396 млрд теңгеге 114 жоба іске асырылды, онда 6,3 мың жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта экономиканың 75%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі, осыған байланысты облыста өндірістік қуаттар белсенді дамып келе жатыр.

Сондай-ақ 2,6 трлн теңгеге 181 инвестициялық ұсыныстың пулы қалыптастырылды. Нысандар 2021-2025 жылдары ашылады деп күтілуде. Статистикалық деректерге сәйкес негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі көрсеткіші бойынша 2022 жылғы қаңтар-қазан аралығында 511,4 млрд теңге инвестиция бағытталды.

Облыста 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 трлн теңгеге 9 596 жаңа жұмыс орынын құрайтын 71 инвестициялық жобаның тізбесі қайта өзектендірілді. Оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 225,6 млрд теңгеге 915 жұмыс орны ашылатын 9 жоба бар. Жыл соңына дейін жалпы құны 29,9 млрд теңгеге 1197 жұмыс орны ашылатын 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде жалпы құны 17,7 млрд теңгеге 986 жұмыс орны ашылатын 18 инвестициялық жоба іске қосылды.

Одан бөлек, облыста жалпы құны 1,4 трлн теңгеге 3 595 жұмыс орны ашылатын үздік 10 инвестициялық жобаның тізімі қалыптастырылған. Атап айтқанда:

1. «ПГУ Түркістан» ЖШС (Төлеби ауданы) – генерациялаудың маневрлік режимімен қуаты 926,5 МВт бу-газ қондырғысын салу (инвестициялық құны – 722,7 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: қазіргі уақытта газ құбырының магистральдық желілеріне қосылуға қажетті техникалық шарттарды және «KEGOC» АҚ электр желілеріне қосылуға қуат беру схемасын ала отырып, алдын ала техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.

2. «Састөбе химиялық кешені» ЖШС (Түлкібас ауданы) – каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты (инвестициялық құны – 136,6 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жүргізілуде (электрмен жабдықтау, су құбыры, газбен жабдықтау). Жыл соңында кешен құрылысын бастау жоспарлануда.

3. «Созақ Фосфат» ЖШС (Созақ ауданы) – фосфорит кендерін өңдеу зауыты (инвестициялық құны – 129,9 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Кен қорларының көлемін барлау, сондай-ақ зауыттың жұмыс жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны қаржыландыру және салу бойынша қытайлық China tianchen Engineering Corporation (TEC) компаниясымен уағдаластық бар.

4. «Standard Petroleum & Cо» ЖШС (Ордабасы ауданы) – мұнай-химия зауыты (инвестициялық құны – 130 млрд. теңге). Ағымдағы жағдайы: «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша теміржол жүргізу аяқталды. Зауыттың құрылысы 60%-ға аяқталды. I кезеңін 2023 жылдың І тоқсанында іске қосу жоспарланған.

5. «Ocean Energy Company» ЖШС (Қазығұрт ауданы) – Өгем өзенінде Каскад ГЭС салу (инвестициялық құны – 130 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: жоба стратегиялық нысандар тізіміне енгізілген. Жобаның тұжырымдамасы әзірленді және ҚР Үкіметімен келісілді. Қытайлық «Рower CHINA» компаниясымен EPC-келісімшарты жасалды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің төрағалығымен өткен кеңесте ұлттық саябақ аймағынан жер телімін бөлу мақұлданды. Техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жобалық -сметалық құжаттама жыл соңына дейін дайындалады.

6. «Саутс ойл» ЖШС (Түлкібас ауданы) – қуаты 320 МВт газ электр станциясын салу (инвестициялық құны – 119 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: алдын ала техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ нысан аумағында іздестіру жұмыстары аяқталды. China Tianchen Engineering Corporation (TEC) қытайлық компаниясымен EPC-келісімшарт жасалды.

7. «Эко-Культура» АӨХ (Келес ауданы) – 51 га жылыжай кешенін салу (инвестициялық құны – 130 млрд. теңге). Ағымдағы жағдайы: жылыжайдың жобалық сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленді. Сыртқы желілердің ЖСҚ әзірленді. 51 га жылыжайдың жобалық құжаттамасына сараптама қорытындысы алынды, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі алынды. Қазақстан Даму банкі арқылы қаржыландыру алу және ҚР Үкіметімен инвестициялық келісімге қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2022 жылдың соңында бастау жоспарланып отыр.

8. «Саутс ойл» ЖШС (Түркістан қаласы) – 50 МВт бу-газ қондырғысын салу (инвестициялық құны – 39 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: жер учаскесі анықталды, техника-экономикалық негіздемесі аяқталды, жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. 2023 жылдың I тоқсанында мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖЭ) шартын жасасу және жылу электр орталығының құрылысын бастау көзделген.

9. «ARM WIND» ЖШС (Отырар ауданы) – 50 МВт күн электр станциясының құрылысы (инвестициялық құны – 12,5 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: құрылыс монтаж жұмыстары (ҚМЖ) 50% аяқталды. Жобаның жаңа бас мердігері – «СемАрко» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

10. «HEVEL Kazakhstan» ЖШС (Сауран ауданы) – 20 МВт күн электр станциясының құрылысы (инвестициялық құны – 9,4 млрд теңге). Ағымдағы жағдайы: қазіргі уақытта Сауран ауданы Иассы ауылында жер учаскесін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы