ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

38 просмотров

Биыл Ордабасы ауданында жалпы құны 8,5 млрд. теңгені құрайтын  6 инвестициялық жоба іске асады. Нәтижесінде 257 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Яғни олар  «Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, «Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару цехы, «RZN» ЖШС газоблок бұйымдарын өндіру цехы және «Ордабасы Сапар» орталығы ашылады.

Ал былтыр 5 жоба іске қосылған болатын. Нәтижесінде 140 тұрғын жұмыспен қамтылды. Тартылған инвестиция көлемі 34 млрд. теңгені құрады. Ал осы жылы инвестиция көлемін 37 млрд.-қа көтері көзделіп отыр. Қазақстанға 24 шетелдік компания көшті, деп хабарлады премьер-министр Әлихан Смайылов. «Релокация аясында Қазақстанға 24 шетелдік компания көшті, тағы 43 компаниямен жұмыс жалғасып жатыр», – деді ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте. Премьер биыл Қазақстан негізгі капиталға 18,3 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырғанын айтты. Жалпы құны 28,1 триллион теңгені құрайтын 873 инвестициялық жобаның жалпы ұлттық пулы пысықталуда.

«Биыл өнеркәсіп саласында 1 триллион теңгеге 170 жоба іске қосылады. Осының арқасында 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда», – деді Әлихан Смайылов.

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Осындай саясатты ту еткен миллионды қала билігі инвесторларды тартуда қарқынды жұмыстар атқаруда. Соңғы екі жылдың ішінде қалаға тартылған инвестиция көлемі едәуір молайған. Бірқатар зауыттар бой көтеріп, кәсіпорындардың «керегесі» кеңейген.

Түркістан облысында алғашқы арнайы ІТ хаб ашылды. Білім ошағы бір уақытта 80-ге жуық оқушыны оқытуға қауқарлы. Мектеп соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, робототехника кабинеттермен жабдықталған. Білім ошағына балалар 10 жастан бастап қабылданады. Жауаптылар алдағы уақытта облыс көлемінде хабтың тағы 2 бөлімшесін ашуды жоспарлап отырғандарын айтады. Түркістанда арнайы IT Hub ашылды. Облыстағы бірінші көпсалалы IT мектебі жоғары білікті мамандарды дайындайды. 20-дан астам бағытта курстар қарастырылған білім ошағы 80-нен астам баланы оқытуға мүмкіндігі бар.

Әсет Әбдіраханов, Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының басшысы: “IT мамандарды даярлау бойынша Түркістан облысында алғаш рет инвестиция тартылып, IT мектеп ашылып жатыр. Бір кезеңде 80-ге жуық балалар оқитын мектеп, 2 қабаттан тұрады. Ашылған жұмыс орын саны-13. Қазіргі таңда облыс көлемінде тағы 2 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз.” Жаңа білім ошағы заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Оқушылар үшін балаларда цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген. Ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға программалау, электроника, механика, электрика және пневматика өнімдері таныстырылды.

Көрмеде өндірістік робототехника бойынша әзірленген жабдықтар мен құрылғылар, жасанды интеллектте жұмыс жасайтын роботтар, автоматтандыру және басқару стендтері қойылған. Айта кетейік IT мектебінде 10 жастан бастап білім алуға болады. Ал инвесторлар алдағы уақытта қосымша тағы екі мектеп ашуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапарында Бәйдібек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ауданның активімен көшпелі мәжіліс өткізді. Ауданның дамуына кері әсерін тигізіп отырған кемшіліктер мен кедергілер бүкпесіз айтылып, аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берілді.
– Жаңа форматта жұмыс істеуге көшу керек. Бюджеттің мүмкіндігіне ғана үміт артып отыра бермей, қолдан келетін тазалық, абаттандыру секілді мәселелерді шешуге болады. Ауданның даму жоспарын айта қарап, басынан әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте әр ауданның ерекшелігі назарға алынып, басым бағыттары анықталуы керек. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесе отырып, барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етіңіздер. Кіріс көлемін арттыру, жұмыс орындарын көбейту, кәсіпорындар ашу аса маңызды. Ауданға жеке инвестицияларды тарту бойынша нақты жобалар ұсыныңыз. Даму бағыттары бойынша ізденіңіздер. Біз қолдауға дайынбыз. Жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға бет бұру қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды дамыту жұмыстарын зерделеу нәтижесімен таныстырып, өзекті мәселелерді қозғады. Деректерді сөйлетіп, жұмысты ширату жөнінде ұсыныстарын берді.
Ауданда Мемлекет басшысының индустрияландыру саясатын іске асыру мақсатында жұмыс ойдағыдай емес. Мәселен, өткен жылы облыстың индустрияландыру картасын өзектендіру үшін кемінде екі инвестициялық жоба ұсыну міндеттелген. Бұл тапсырма орындалмаған. Осыған байланысты облыс әкімі тарапынан ауданда инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін кемінде 20 инвестициялық жобаны ұсыну жөнінде тапсырма берілді.
– Жаңа жұмыс орындарын ашу – аудан әкімі жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Оның ішінде жастардың арасында жұмыссыздықты жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Тұрақты жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Алғашқы жұмыс орны», «Дипломмен – ауылға» бағдарламаларын елге түсіндіріп, игілігін көрсету керек, – деген өңір басшысы «Ауыл аманаты» жобасын да сапалы атқару керектігін ескертті.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің атқарған жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды. Оның айтуынша, былтыр ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 млрд. теңгеге артқан. 2023 жылы 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 2 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары – 3 жоба.
Дархан Сатыбалды жұмыс сапарында Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына орнатылған компьютерлік томография қондырғысын көрді. Жаңадан ашылған инсульт орталығының жұмысымен танысты. Supria 128 «FUJIFILM Corp» құрылғысы жергілікті бюджеттен қаржыландырылған. Денсаулық сақтау саласындағы жұмысты да жандандыру керектігін айтқан өңір басшысы жауаптыларға өз міндеттерін адал әрі сапалы атқару, Бәйдібек ауданындағы күрделі мәселелерді шешу, тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеу, елдің өтініштерін заңға сай орындау жөнінде тапсырма берді.

Осыған байланысты жуықта Түркістан облысына Италиядан инвестиция тартылады. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстандағы Италияның елшісі Марко Альберти бастаған делегацияны қабылдап, келіссөз жүргізді. Түркістан өңірінің бизнесті дамытуға қолайлы тұстарын жеткізген облыс басшысы итальяндық бизнес алпауыттарын тоқыма, тігін фабрикаларын ашуға шақырды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен таныстырған өңір басшысы Италиямен байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Тараптар екі ел арасында достық қарым-қатынастар мен сындарлы саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
– Бұл кездесу Қазақстан-Италия ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бүгінде біздің облыс пен Италия елі арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға жақсы мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда тарихи Түркістан өңірі қайта өрлеу дәуірін бастан өткеріп жатыр. Осыдан төрт жыл бұрын Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы орталық болды. Осы аз ғана уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Инвестиция көлемі артты. Өңірде туризм саласы үш бағытта дамып келеді. Италиямен бірнеше сала бойынша әріптестік орнатуға мүдделіміз. Бұл ретте туризм, ауыл шаруашылығы, жаңа технологияларды енгізу бойынша инвестиция тартсақ деген ой бар. Барлық мәселені талқылауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Өткен жылы өңірге тартылған инвестиция көлемі 60% — ға өсіп, 1,7 млрд. АҚШ. долларын құрады. Оның ішінде сыртқы инвестициялар көлемі 82% — ға өсті. Жалпы, 2018 жылдан бастап облысқа 3,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, Отырар ауданында Қуаты 50 МВт, құны 26 млн. АҚШ доллары көлемінде итальяндық капиталдың қатысуымен маңызды инвестициялық жоба іске асырылуда («Arm Wind» ЖШС). Итальяндық инвесторлар жасыл экономикаға да ерекше назар аударады. Атап айтқанда, ENI компаниясының қатысуымен әлеуметтік жоба аясында Түркістан қаласындағы мектепте күн электр станциясы орнатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.