Түркістан облысында өткен жылғы көрсеткіш бойынша 19 түрлі тауардың бағалары тұрақтанды. Бүгінде Түркістан облысының аудан, қалаларындағы мобильдік топтар әлеуметтік маңызды тауарлар бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шалалар атқарылуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста жасанды азық-түлік тапшылығы байқалмайды. «Соңғы статистикалық мәліметке сәйкес, Түркістан қаласының баға индексі 0,6%-ға төмендеді. Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың 19 түрінен кемінде 1-1,5 айға қор жасақталған.
Сондай-ақ, Түркістан облысында тауар айналымы жарты млрд доллардан асқан. Осы орайда елге Әзербайжан мен Грузия елдерінен тасымалданып жатқан көліктерді рәсімдеу тәртібін түсіндірілді. Мәселен жыл басынан бері Грузиядан 179, Әзербайжаннан 3200 көлік тасымалданған.
Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1 098 меморандум түзілген. Облыс әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Айналым схемасы» шеңберінде жалпы 640 млн теңге бағытталды. Оның ішінде: «Magnum Cash&Cаrry» ЖШС — 200 млн теңге, «Али Сауда» ЖШС — 300 млн теңге, «Ғажайып-П» — 70 млн теңге, «Саурам сүт» ЖШС — 70 млн теңге қарыз берілді. Аталған сауда орындары тауарларды нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен бағада сатуда. Тұрақтандыру қоры есебінде 209,3 млн. теңге орналастырылған. Бұдан басқа, Түркістан қаласында филиалы бар Магнум (Magnum Cash&Cаrry) сауда желісімен әлеуметтік маңызды тауарларды сауда үстемесімен 15%-дан 10%-ға төмендету туралы монополияға қарсы комплаенс актісі қабылданды. Сонымен қатар көршілес ел Өзбекстан мемлекетімен тауар айналымы 103 пайызға жеткен. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Сондай-ақ, жиында кеден бекеттерінен тауар алып өту тәртібі мен көліктерді рәсімдеуге қатысты сауалдарға жауап берді. Әсіресе, Әзербайжан мен Грузия елдерінен тасымалданып жатқан көліктерді рәсімдеу тәртібін түсіндірді.
Түркістан облысының сыртқы тауар айналымы көрсеткішіне тоқталсақ. Яғни облыстың сыртқы сауда айналымы экспорттау бойынша, $748 млн (тауар айналымында 60%) — өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 22,4% — ға жоғары ($611,2 млн). Тауарлар экспорты бойынша Алматы және Павлодар облыстарын озып, Қостанай облысынан кейін бірден 11-ші орында. Экспорт құрылымы: 37,3% — шикізат, 55,1% — жартылай дайын өнімдер, 7,6% — дайын тауарлар. Экспорттық тауарлар: уран (49,9%), мұнай (9,6%), мақта талшығы (8,4%), тірі ІҚМ (6,8%), бидай (5,2%) және салқындатылған сиыр еті (2,4%). Сондай-ақ, өңірден тірі қойлар, трансформаторлар, күшті спирттік ішімдіктер, картоп, ұн, балық, бақша өнімдері экспортталады. Экспорты $100 мыңнан асатын позициялар саны-101.
Сондай-ақ, Түркістаннан шыққан тауарлар қайда жіберіледі: Ресей (56,4%), Өзбекстан (21,7%), Қытай (10,3%), Түркия (3,3%) және Латвия (1,8%). Түркістан экспорты $100 мыңнан асатын елдер саны – 24. Импорт: $504 млн (облыстың тауар айналымындағы 40%) – 2020 жылға қарағанда 12,4% — ға төмен ($575,4 млн). Тауарлар импорты бойынша ҚР өңірлері арасында 15-ші орында (Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан төмен). Импорт құрылымы: 34,2% — шикізат, 35,6% — жартылай дайын өнімдер, 30,3% — дайын тауарлар. Импортталатын тауарлар: жемістер (15,7%), көкөністер (14,4%), машиналар мен жабдықтар (9,3%), ағаштан жасалған бұйымдар (6,5%), пластмасса бұйымдары (5,8%). Импорты $100 мыңнан асатын тауарлар саны-529. Импорт қайдан келеді: Өзбекстан (34,9%), Ресей (24,4%), Түркия (12,3%), Қытай (8,5%) және Тәжікстан (3,9%). Облыс $100 мыңнан астам тауар сатып алатын серіктес елдердің саны-41.
Айта өту керек, Түркістан облысы дәстүрлі түрде Қазақстаннан жемістердің (бақша, жүзім, құрма, өрік) басты экспорттаушысы болып табылады. 2019-2020 жылдары өңірден шамамен $39-41 млн. сомасына жемістер жөнелтілді. Алайда алдыңғы жылы олардың көлемі күрт $8,6 млн. дейін қысқарды. Қарбыз, кептірілген өрік, жүзім және құрма экспорты іс жүзінде тоқтатылды. Осы аталған бағытта жуықта Түркістан облысында өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті.
Түркістан облысында өңір экспорттаушыларының, әкімдіктің, «QazTrade» АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті. Кәсіпкерлерге ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ желісі бойынша экспорттаушыларды қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы айтылды, сондай-ақ экспортты дамыту туралы сұрақтарға жауап берілді. Түркістан облысының тауар айналымы былтырғы жылдың 12 айында 1 511,9 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт көлемі 21% ұлғайып, 932,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында негізгі үлесті ет және ет өнімдері, ұн, балық филесі, трансформаторлар және басқа да тауарлар алады. Өңірдің экспорттаушыларды «QazTrade» АҚ-мен белсенді ынтымақтастықта және мемлекеттік қолдау шараларын қолданады. Мәселен өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының 11 экспорттаушы компаниясының шығындарды ішінара өтеуге арналған 16 өтінімі мақұлданды. Тауарлар мен қызметтер экспортына жұмсалған шығыстар өтемақысының жалпы сомасы 313,5 млн теңгені құрады. Қаржылық емес қолдау шаралары экспорттық қызметке дайындықтың толық циклін қамтиды. Шағын және орта бизнес экспорттық акселерация, Alibaba.com платформасына шығару бағдарламаларына, сауда-экономикалывқ миссияларына, халықаралық көрмелерге тегін қатысады және QazTrade Academy порталында халықаралық сауда негіздеріне оқытудан өте алады. Өңірлік экспорттық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.
Данияр Жаналинов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы: «Біздің елге кіргізілген көліктер Ішкі істер министрлігінің талаптарына сай болса ғана рәсімделеді. Тиісті кедендік рәсімдеуден өтіп, тиісті салықтар мен БАЖ-дары төленгеннен кейін сонымен қатар криминалдық аясында көрсетілген көліктер ондай заңды механизмге жатрпайды. Оң жақты руль дейді ғой, сондай автоқұралдар заңды заңдастыруға жатпайтын көліктер болады».
Былтыр Қазақстанның сыртқы сауда айналымы рекордтық деңгейге жетіп, 134,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32%-ға көп. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, рекордтық тауар айналымына қарамастан, экспорт көлемі айтты.
Еліміздің сыртқы сауда айналымына тоқталсақ, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы былтыр рекордтық көрсеткішке жетіп, 134,4 млрд АҚШ долларын құраған. Сауда профициті 34,3 млрд доллар деңгейінде қалыптасқан. Дегенмен, рекордтық тауар айналымына қарамастан, экспорт көлемі төмен, яғни 84,4 млрд долларды құраған. Бұл 2012 жылғы абсолюттік көрсеткіштерден 2,4%-ға аз. Бұл ретте экспорт 60,3 млрд долларға, импорт 41,1 млрд долларға дейін өскен. Жоғарыда атап өткеніміздей, 2022 жылы тауар айналымы максималды деңгейге дейін артты.
Ең көп экспортталған тауарлар түріне мұнай мен металл өнімдері жатады. Алдыңғы жылы мұнай сатудан түскен табыс 51%-ға артып, 46,9 млрд доллар болған (экспорттағы үлесі – 56%). Мыс сату көрсеткіші – 15 %-ға (3,7 млрд доллар), ферроқорытпа – 51%-ға (3,4 млрд доллар), уран – 95 %-ға (3,4 млрд доллар), мыс рудасы 51%-ға (2,4 млрд доллар) өскен. Бұдан бөлек сатылым бойынша бидай (+37%), мұнай өнімдері (+73%), мырыш (+43 %), күкірт (+91%), көмір (2,4 есе) жоғары көрсеткіш көрсеткен.
Өткен жылы алыс шетелдерге экспорт 45%-ға, яғни 69,1 млрд-қа дейін, ЕАЭО елдеріне — 24%-ға, яғни 9,7 млрд-қа дейін, ал ТМД елдеріне (ЕАЭО-ны қоспағанда) — 19%-ға, яғни 5,5 млрд-қа дейін артқан. Нақтырақ айтқанда, экспорт көлемі Италияға — 56%-ға, Қытайға — 35%-ға, Ресейге — 25%-ға, Нидерландыға — 25%-ға, Түркияға — 60%-ға дейін яғни 4,8 млрд-қа дейін ұлғайған.
Сонымен бірге өткен жылы Қазақстан ең көп тауарлар мен қызметтерді Ресейден (17,3 млрд доллар), Қытайдан (10,9 млрд доллар), Германиядан (2,2 доллар), АҚШ-тан (1,9 млрд доллар) және Кореядан (1,6 млрд доллар) сатып алған.
Қазақстанда өндірілген өнімнің жартысынан көбі, яғни 59%-ы экспортқа шығарылған. Айта кетейік, рекорд жасаудан импорт та қалысар емес. Соңғы бір жыл ішінде өзге елдерден сатып алған тауарлардың жалпы құны 50 млрд долларға жеткен.
Қазақстанның сыртқы саудасындағы негізгі тенденциялары
Экономикалық зерттеулер институтының өкілі Ернар Серік сыртқы сауда айналым көрсеткішінің артуы тауар бағасының өсуімен байланысты екенін айтады.
«Менің бағалауымша, сауданың 32% + жылдық өсімі шикізат пен металдың рекордтық бағаларымен, сондай-ақ 2022 жылы жалпы әлемдік инфляцияның жоғары деңгейімен байланысты. Мәселен, біз өткен жылы ел экспортының нақты өсімі 2022 жылдың 9 айында 3 пайызды құраса, номиналды көлем 47,5 пайызға өскенін көрсететін есептеулер жүргіздік. Бұл 47,5%-дың 44,5%-ы баға факторы деген сөз», — деді Ернар Серік.
Мәселен былтырғы жылдан бастап еліміздің сыртқы сауда ағынында кезең-кезеңімен өзгерістер орын алуда. Мысалы, ел импортының құрылымында Қытай Ресейді қуып жетті, бұл ресейлік тауарлар импортының өсу қарқынының төмендеуімен де, қытайлық тауарлардың өсуімен де байланысты. 2022 жылдың 4-тоқсанында Ресейден импорт 13%-ға қысқарды, ал Қытайдан импорт осы кезеңде 54%-ға өсті», — деді сарапшы. Экономикалық зерттеулер институтының өкілі қазіргі таңда біз Түркі мемлекеттері ұйымының елдерімен көбірек сауда жасай бастағанымызды атап өтті. Олардың ішінде Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдері бар және олардың үлесі еліміздің тауар айналымындағы 10%-на жетіп қалғанын айтып өтті.
Ресми деректерге сүйенсек, импорттың өсуі машина жасау тауарлары импортының 11%-ға, яғни 13,2 млрд долларға дейін, көлік құралдары – 44%-ға, яғни 6,5 млрд долларға дейін, тамақ өнеркәсібі – 19%-ға, яғни 4,4 млрд долларға, химия өнеркәсібі – 27%-ға, яғни 4,1 млрд долларға дейін көбірек тасымалдануымен байланысты. Ұлттық экономика министрлігі 2022 жыл Қазақстанның сыртқы саудадағы жетістігін мұнай және металл бағасының жоғары болуымен байланыстырады.
Ал өңірлік тұрғыда алсақ, сыртқы сауданың 25%-ы – Атырау облысына ($33,8 млрд), 21%-ы – Алматы қаласы ($27,6 млрд), 11%-ы – Астана қаласына ($14,6 млрд) тиесілі. Ал Ұлытау (Қазақстанның тауар айналымының 0,2%-ы), Жетісу (0,3%) және Жамбыл (0,6%) облыстарында сауда белсенділігі төмен.
Ел экономикасының қазіргі қарқыны қалай? Яғни Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, есептік кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,3%-ды құраған. Оның ішінде, нақты сектор 2,7%-ға, қызмет көрсету саласы 5%-ға өскен.
«Барлық негізгі салаларда, атап айтсақ құрылыс, ақпарат және байланыс бойынша оң динамика байқалады, сондай-ақ сауда саласы да ең үлкен өсімді көрсетті. Негізгі капиталға инвестициялар ағыны 19,2%-ды құрайды. Биылғы сыртқы сауда айналымы 15,7%-ға өсіп, 10,3 млрд АҚШ долларына жетті. Экспорт 0,4%-ға ұлғайып, 6,1 млрд долларды құрады. Оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – 21,5%-ға өсіп, яғни 2,1 млрд долларға жетті, тауарлар импорты 4,2 млрд долларды құрады», — деді министр.
Қазіргі таңда еліміздің шикізат секторы да даму үстінде. Мәселен, тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,5%-ға артты. Сала бойынша көмір өндіруді қоспағанда, барлық сала бойынша өсім байқалған. Атап айтқанда, металл кендерін өндіру – 2,1%-ға, газ өндіру – 1,1%-ға, мұнай өндіру – 0,1%-ға, сондай-ақ өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 12,9%-ға өскен. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 6,5%-ға артқан.
Сыртқы тауар айналымына қатысты биыл Түркістан облысында ерте пісетін қырыққабат сәуір айынан бастап жиналады. Қазіргі уақытта 68,7 мың тонна жиналса, шілде айының соңына дейін 125 мың тонна жиналады деп күтілуде. Ербол Тасжүрековтің айтуынша, Түркістан облысынан келетін ерте пісетін қырыққабат есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге болады.
Осы тұста Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен апта сайынғы кеңесте ел өңірлерінде бір аптадағы баға ахуалы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігі талқыланды. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Көкөністер – қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп бағасының төмен маусымдық өсуі жалғасып отыр. Күріш пен сиыр етінің өсімі байқалды. Нан, тауық еті, май, сүт, айран, тұз, сүзбе бағасы тұрақты. Сонымен қатар қарақұмық бағасының төмендеуі үш ай қатарынан жалғасып отыр. Апта ішінде жұмыртқа, ұн, қант және түтік кеспе бағасы арзандады.
Күріш бағасының үздіксіз өсуіне қатысты жағдай бөлек талданды. Бір апта ішінде ел бойынша орташа өсім 0,7%-ды құрады, өңірлер бойынша ең үлкен көрсеткіш Ұлытау, Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарында тіркелді. Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде 380 теңге бағасымен 6 мың тонна өнім қоры дайындалған. Қызылорда өңірінің өндірушілерінен 7 облыс 1 021 тонна күріш сатып алды. Вице-премьер Сауда министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, жақын арада елдегі күріш өсірушілермен жиын өткізіп, бағаның көтерілу себептері мен бизнестің өзекті мәселелерін анықтауды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өткен жылдың маусымаралық кезеңдеріндегі астық қорының қолжетімділігі мен ерте егін жинау нәтижелері туралы баяндады. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, республикадағы картоп қоры 107,6 мың тоннаны құраса, халықтың сұранысы мамыр айының соңына қарай 40,7 мың тонна, маусым айының соңына қарай 101,7 мың тоннаны құрап отыр. Осылайша, мамыр-маусым айларындағы республика бойынша бұл көкөністің жалпы балансы қамтамасыз етіліп, картоп қоры қажетті деңгейден төмен өңірлер басқа өңірлерден жеткізілімге келісулері қажет. Мамыр айында оңтүстік облыстардан 1,3 мың тоннаға (Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Шымкент қаласы), маусым айында 5,6 мың тоннаға (Жетісу облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы және Шымкент қаласы) ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарттар бар. Жалпы көлемі 12,4 мың тонна импорттық картоп жеткізуге (БҚО, ШҚО, Ақтөбе облысы, Алматы және Астана қалалары) арналған шарттар бар.
Мамыр айының бірінші онкүндігінен бері Түркістан облысында ерте пісетін картоп 5,8 мың тонна көлемінде жиналды. Маусым айында жалпы өнім 109,5 мың тонна, шілдеде 108,8 мың тонна болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ Алматы облысында ерте пісетін картопты 37,8 мың тонна, маусым айында 3,5 мың тонна, шілдеде 34,3 мың тонна көлемінде жинау жоспарлануда.
Былтырғы сәбіздің қоры да қажетті қамтамасыз ету шегінде тұр. 2,9 мың тонна көлемінде импорттық сәбізді жеткізуге шарттар бар (Жамбыл, БҚО, ШҚО, Ақтөбе облысы, Алматы, Шымкент және Астана қалалары). Түркістан облысында ерте пісетін сәбіздің жалпы өнімі 30,3 мың тоннаны құраса, оның 980 тоннасы маусым айында, 29,3 мың тоннасы шілдеде алынады деп күтілуде.
Пияз бен қырыққабаттың жағдайы басқаша. Мамыр айында елімізде бұл көкөністердің былтырғы қоры қажетті деңгейде болғанымен, ол маусым айында жеткіліксіз болады. Импорттық пиязды жеткізу бойынша келісім-шарттар 4,5 мың тоннаны құрайды. Маусым-шілде айларында Жамбыл және Түркістан облыстарында 161,2 мың тонна көлемінде ерте өнім беретін пияз жиналады деп күтілуде, бұл күзгі жиын-терім науқанына дейін халықтың қажеттілігін өтейді.