ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ ӨНІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспары айқындалды. Жоспарда негізгі алты  бағытты дамытуға басымдық берілген. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру, жылыжай шаруашылығын дамыту, қарқынды бау-бақша шаруашылығын дамыту, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау, мақта кластерін дамыту, мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын дамыту және серпінді инвестициялық жобалар. Атап айтқанда, жалпы өнім көлемін және еңбек өнімділігін 2027 жылға қарай екі есеге, жеке инвестициялар көлемін алты есеге, өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын — 2,3 есеге ұлғайту көзделген.

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін бес жылға дамыту тұжырымдамасы агроөнеркәсіптік кешенді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді. 2023 жылға 37 даму көрсеткіші бекітілгені айтылады. Атап айтқанда, егіс алаңын 860 мың гектарға дейін, бір алаңнан бірнеше өнім алу жөніндегі жобаға арналған жерді 9303 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Қосымша 93 гектарға жылыжай салу жоспарлануда, су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, алаң 39,2 мың гектарға, қарқынды бақтар — 665 гектарға, жүзімдіктер — 120 гектарға жеткізілсін. Өнімді сақтау көлемін қосымша 29,3 мың тоннаға ұлғайту және 1346 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарлануда. Жоспар бойынша жылына 40 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, 17 мың тонна ет ассортиментін, 37 мың тонна сүт өнімдерін өндейтін кәсіпорындар ашу көзделген.

Бұдан басқа, 1000-нан астам басқа арналған 13 бордақылау алаңы, 200 басқа арналған төрт сүт фермасы ашылады. Төрт ірі құс фермасы және 270 мың басқа отбасылық құс шаруашылығы ашылады. Биыл Түркістан облысында төрт тоқыма және тігін кәсіпорны іске қосылады, ал алтауы жүн мен былғары өндейтін болады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 75,2 млрд теңге, тамақ өнеркәсібіне — 11 млрд жеке инвестиция түседі деп күтілуде, ал жалпы өнім көлемі 1 трлн 127 млрд теңгеге жетеді.

Түркістан облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшем шарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беруге «Ауыл аманаты» жобасына Түркістан облысы, Сауран ауданының Шаға және Қарашық ауылының тұрғындары қатысады. Бұлай таңдап алуы да тегін емес. Өйткені қос ауылда сүт және мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мен осы сала өкілдерінен құралған топ мүшелері ауыл халқымен кездесіп, жобаның маңызына тоқталып, шарттарын түсіндірді. Айта кетейік, жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз. Жиылғандар жобаның экономикалық дамуға, қазақстандық өнімнің сапасын арттыру бағытына жаңа серпін береріне сенімді. Жобаның тиімді екенін айтып, қызығушылық танытып жатқандар қатары көп. Олар табысын арттырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге ниетті. Жүздесуде тұрғындар жеңілдетілген несие алу, субсидияға қол жеткізу, сауатты бизнес-жоспар құру тағы да басқа ауыл мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Көпшілігі бағдарламаға белсенді қатысуға бел байлап отыр. Пилоттық жобаға республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінбек. Оған өңірдегі 16 ауданның 32 ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындар қатысады. Арнайы топ алдағы уақытта өзге де аудан, қалаларды аралайды. Кесте алдағы уақытта қосымша жарияланады.

Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіндегі «Bokei» қыш зауыты былтыр іске қосылды. Тәулігіне 100 мың дана қыш шығаратын өндіріс орны «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен жеңілдетілген 6% қаржыландырылған. «Аmanat» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлау алды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына енгізілген. Италия, Жапония, Франция, Ресей сияқты мемлекеттерде жасалған заманауи қондырғылармен жабдықталған зауыт Түркістан облысымен қатар еліміздің өзге де аймақтарын сапалы кірпішпен қамтуға қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 3 млрд. 200 млн.теңге. Жаңа өндіріс орнында 60 адам жұмыспен қамтылған.

Республика күні қарсыңында іске қосылған зауыттың ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай қатысты. Өндіріс орнының әлеуетінің зор екенін атап өткен ол инновациялық жобаларға мемлекет тарапынан қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Түркістан облысында жүріп жатқан құрылысқа отандық құрылыс материалдарына басымдық беріледі. Жаңа зауыт осы бағытта жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесіне ерекше тоқталды. Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, әкімшілік кедергілерді жою және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінде облыста аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр,-деді Арман Жетпісбай.

Жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына келген облыс әкімінің бірінші орынбасары бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Бадам ауыл округінде орналасқан қара металдың көптеген түрінен құймалар шығаратын елімізде теңдесі жоқ «Karlskrona LC AB» зауытының өнім сапасы экспресс-зертханаларда тексеруден өткізіледі. Өндіріс орны 2016 жылы «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның құны – 868,2 млн.теңге. 64 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 3 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы.

Ал, «Қазақ-Түрік индустриялды аймағында» орналасқан «Green Technology industries» өндіріс орны полиэтилен бұйымдарын қайта өңдеумен, синтепон талшығын өндірумен айналысады. Жылына 15 000 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Құрылтайшылар — қытайлық инвесторлар (49%). Инвестициялық құны – 6 млрд. 800 млн.теңге. Зауытта 250 адам жұмыспен қамтылған. Өнім ішкі нарықтан бөлек Ресейге экспортталады.

Ордабасы ауданында бүгінгі таңда 40 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олар өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру, электр энергиясымен жабдықтау салаларын қамтыған. Жыл басынан бері онда 21 млрд. 189 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 105,1 млрд.теңге болатын 6 жоба іске асырылуда және 1 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. 9 айдың ішінде ауданға 26 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылған. Ордабасы ауданында 12 мың 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 18 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Өткен жылдың 9 айында инвестициялық құны 2 млрд.254 млн.теңгені құраған және 82 жаңа жұмыс орнын ашқан 21 жоба (сауда орталығы, дәріхана, емдеу орталығы, тамақтану орны, май ауыстыру бекеті, жылыжай, жаңбырлатып суғару, мал бордақылау алаңы және т.б.) іске асты. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 2022 жылдың 1-тоқсанында 13,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Жылдық жоспар – 105 млрд.теңгенің өнімін өндіру.

«Ауыл шаруашылығы Түркістан өңірі экономикасының негізгі және жетекші саласы болып табылады. Сондықтан біз үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы өте маңызды. Біз бұл жұмысты жүйелі түрде орындап, нарықта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қамтамасыз етуді мақсат етуіміз керек. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардың ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға тиімді бағытталуын қадағалау маңызды», — деп атап өтті өңір әкімі Дархан Сатыбалды алқалы кеңес барысында.

Кеңесте өңірдің ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері дамыған елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы озық тәсілдерімен бөлісті. Ғалымдар оңтүстік климаты үшін ең қолайлы болып саналатын жүзім шаруашылығын дамытуға баса назар аударды. Сондай-ақ әңгіме жоңышқа өсіру механизмдерін жақсарту туралы болды.

Сонымен қатар жуықта Түркістанда «KazAgro/KazFood Turkistan 2023» көрме-жәрмеңкесі аясында «AgroForum Turkistan 2023» халықаралық форумы өтті.

Форумға еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және әлеуетті кәсіпкерлер қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды форумның маңыздылығын атап өтті.

«Сіздерді бірінші кезекте жыл бастауы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Түркістан облысы – ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңірлердің бірі. Облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұмыс істеп жатыр. Өңірдің 1 миллионға жуық ауыл тұрғынының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде аграрлық саланың әлеуеті өте үлкен екендігін атап өткен болатын. Осы тұрғыда Түркістан облысы құрылғалы бері ауыл шаруашылығының өсімі тұрақты даму үстінде. Соңғы 5 жылда жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайып, 1 трлн. теңгеден асты. Өнімділікті арттыруда жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, ауыл шаруашылығы кешенінің тиімділігін арттыру жоспары жасалды»,- деді Дархан Сатыбалды.

Облыста суғармалы жерді тиімді игеру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, шикізат секторынан дайын өнім секторына өту, мақта кластерін дамыту бойынша нақты жоспарларды да жеткізді. Қайта өңдеу саласында 2023-2027 жылдары 329 млрд. теңгеге 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жыл сайын 230 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі. Форумда Түркістан облысы әкімдігі мен отандық және шетелдік инвесторлармен агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 257 млрд. теңгені құрайтын 10 келісім меморандумына қол қойылды.

Форум барысында келіссөздер мен тәжірибе алмасу жиындары өтіп, кәсіпкерлердің идеялары тыңдалды. Агросала табысын арттыру жолдары талқыланды. Түркістан облысында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 336 млрд. теңгеге жеке инвестициялар тартылған. Жалпы, республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдынғы қатарларда. Өндірілген мақтаның 100 пайызы, жүзімнің 74 пайызы, бақшаның 59 пайызы, жеміс-жидектің 35 пайызы, мақсарының 29 пайызы, жүгерінің 26 пайызы, көкөністің 24 пайызы және еттің 11,4 пайызы, сүттің 12 пайызы – Түркістан облысының үлесінде.

Облыста барлығы 875 мың гектар егіс алқабы бар, қазіргі уақытта оның 98 пайызы пайдаланылып жатыр. Қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Бұл салада өнімділік 5 есеге артып, бір гектардан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4,6 мың гектарды құрайды.

Өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарынан 100 гектардан агроаймақ құрып, 2027 жылға дейін 500 гектар жаңа жылыжай кешендерін жүзеге асыру жобасы әзірленіп, жүзеге асады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы рентабельді дақылдарға алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл облыстың оңтүстік аймақтарында қосымша 2 мың гектарға дәндік жүгері, 1 мың гектарға бұршақты дақыл (маш) егіледі. Аталған дақылдарды өткізу нарықтарымен қамтамасыз ету үшін Шардара ауданында құны 26 млрд. теңгеге («Шардара-Агро» ЖШС) жүгері өңдейтін кәсіпорын ашылады. Бұл зауытта Түркия және Франция елдерінің технологиясымен жылына 100 мың тонна жүгері өңделеді. Мақта-тоқыма кластерін дамыту бағытында 2027 жылға дейін облыста 12 кәсіпорын ашып, мақта талшығының 100 пайызын терең өндеуден өткізу көзделген.

Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты дамып, қарқынды жүзеге асырылуда. Өңірде отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақта негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар қатарында уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті бар. Инвесторлар мен экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің кең түрін ұсынатын «Turkiston Invest» қызмет көрсету орталығы құрылған.

Сондай-ақ, «Turkiston Invest» орталығының көмегіне жүгінуші кәсіпкерлердің қатары да көбейген. Мәселен, компаниялар аталған орталықтың көмегімен көлік қызметтеріне, шетелдік көрмелерге қатысуға және тауарды шетелде жарнамалауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтінім бере алады. Бүгінде «QazIndustry «СОО» АҚ — на Түркістан облысының 18 экспорттаушы компаниясы өтінім түсірген. Оның ішінде өткен жылы іске қосылған «CG Corp Global» ЖШС бар. Жылына 400 мың тез дайындалатын кеспе шығаратын зауыт өнімі бүгінде ішкі және сыртқы нарықта да сұранысқа ие. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасында сүт өнімдерін экспорттау бойынша келісім жасалған болатын. Нәтижесінде «Golden Camel Group» зауыты ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қытайға 30 тонна құрғақ түйе сүтін экспорттаған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 33 мың тоннаны құрайды және өнім толығымен экспортқа сай келеді. Ал, таяуда Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында өткен «агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Түркістан облысы мен өзбекстандық кәсіпорындар арасында жалпы сомасы 50 млн АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімге қол қойылды. Өңірде сондай-ақ, экспортқа бағдарланған «Standard Petroleum» ЖШС мұнай өңдеу зауыты бой көтереді. Жаңа зауыт Ордабасы ауданында 2021 жылы іске қосылмақ. Экспорт көлемі жылына 2 млн Ақш долларын құрайды деп күтілуде. Жоба аясында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның жалпы құны 95 млрд теңгені құрайды.

Айта кетейік, Түркістан облысының экспорт көлемі 54,9 млн АҚШ долларын яғни оның ішінде шикізаттық емес экспорт түрі  15 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы