Биыл Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында балық және жеміс шаруашылығы қарқынды дамып келеді.
Осыған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барған болатын. Іссапар барысында аудан әкімі Нұрлан Байғұтпен бірге ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасының ауданда іске асырылу барысымен танысты. Ең алдымен аудандағы балық шаруашылығының тынысымен танысты. Жаскешу ауылдық округі аумағында орналасқан «Tulkibas-Fishing Resort» ЖШС фарель балығын өсірумен айналысады. Онда арнайы өсірілген фарель балығы жергілікті халықтың үлкен сұранысына ие. Ермек Кенжеханұлы Мичурин ауылдық округі аумағындағы «Клубничный Рай» АӨК-ның құлпынай шаруашылығымен, Шақпақ ауылдық округіндегі 210 гектарлық алма бағы «Кентау» ЖШС-нің алма сақтау қоймасымен танысты. Сондай-ақ жергілікті шаруалармен кездесіп, сәуір айынан бастап іске асатын 2,5 пайыздық несие «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының артықшылығы мен ерекшелігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Облыс әкімінің орынбасары Рысқұлов ауылдық округі аумағындағы «Майлыкент Сүт» ЖШС-нің сүтті қайта өңдейтін зауыт жұмысын аралап көрді. Түлкібастың брендіне айналған сүт өнімдері 2012 жылдан бері нарықта. Қазіргі таңда 50-ге жуық адам тұрақты жұмыс істейді. Сапар аясында аудандағы суармалы жерлерді ұлғайту мәселесі бойынша «Құлый» магистралды каналының жөндеу жұмыстарын тексерді. 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екені және мердігер мекеме қазіргі таңда тиісті жоспарлы уақыттан кешігіп жатқаны анықталды. Ермек Кенжеханұлы мердігер компанияға ескерту жасап, қосымша уақыт берді.

«Түлкібас ауданы табиғаты тамаша туристік аймаққа жататындықтан ауданға инвестиция тарту мәселесінде жобаның Түлкібастың климатын бұзбайтындай қауіпсіз болуын қатаң қадағалаймыз. Яғни, біздің ауданда орналасып, жұмысын бастайтын өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, терең өңдеу, мал бордақылау, етті өңдеу сынды зиянсыз кәсіп түрлерімен айналысатын болады», — деді Ә.Тұрғымбеков.
Мұнан бөлек, ауданның жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теңге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен. Ауданда 1991-2016 жылдар аралығында барлығы 1619,5 га жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салынған, 4474 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Мұның көбісі соңғы жылдары енгізілген ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында іске асты. «Агробизнес-2020» бағдарламасының шарапатын Түлкібас ауданы молынан көрді. Осыған орай аудандағы өнім көлемі күрт артқан.
Ауданның табиғи ерекшелігіне сай қарқынды дамып келе жатқан туризм және ауылшаруашылығы саласы жайлы тілге тиек еткен аудан басшысы бүгінгі таңдағы аудандағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы да өз ойын ортаға салды.