Созақта ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мемлекет басшысы өзінің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Жолдауы барысында мемлекет басшысы: «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын» , – деп мәлімдеді.

«Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады. Енді реформалардың нақты бағдарларына тоқталайын», – деді Президент.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдегі Созақ аудананында былтыр ауданның маңызды 12 мәселесі көтерілген болатын. Сол мәселелерді шешу бойыша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде, 4 мәселе өз шешімін тапты, атап айтқанда: Аққолтық елді мекенінде 75 орындық ауылдық клубтың құрылыс жұмыстарына 97 млн. теңге қарастырылып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы Тасты ауылында 75 орындық ауылдық клубтың құрылысын жүргізу үшін бюджеттен
181 млн. теңге бөлінді. Аққолтық елді мекенінде интернет байланысы өзекті мәселелердің бірі болған. Енді, «Кселл» тарапынан байланыс арнасы мен интернет желісінің базалық станциясы орнатылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылынан 4 км қашықтықта орналасқан мектепке қатынайтын балаларға арнайы көлік беру мәселесі көтеріліп, бүгінгі таңда оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында былтыр Созақ елді мекенінде 150 млн. теңгеге футбол алаңшаның құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда. Несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылатын болады: ол өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 8,6 млн. теңге несие 5 жылға дейін беріледі, ал мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 27,6 млн. теңге 7 жылға дейін ұсынылады. Созақ ауданында бұл бағдарламаны пилоттық режимде Созақ, Құмкент ауыл округтерінде іске асыру жоспарлануда.

Енді, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып өтсек. Былтырғы жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 519 млрд. теңгені құрап, 100 млрд. теңгеге артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 61,2 млрд. теңгені құрады. Алдағы екі жылда 475 млн. теңгеге
7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 19,7 млрд. теңгені құрады. Ауданға төмендетілген бағамен 195 тонна дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд.теңге бөлінді.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны
4,5 мыңға жетіп, 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Cозақ ауданы бойынша былтыр 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 4,4 мың адам жұмыспен қамтылдыСонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 763 жұмыс орындары ашылды. Жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

Аудандағы білім беру саласы бойынша ауданда
37 мектепке дейінгі ұйымдар, 35 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 9 мың бала қамтылған. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы әзірленіп, салынатын мектептер жаңа форматта болмақ. Замануи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Жоба аясында Шолаққорған ауылында 900 орынға арналған орта мектептің кұрылысы ағымдағы жылы басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар Ыбырай ауылында Құрманғазы атындағы орта мектептің құрылысына 937 млн. теңге бөлініп, пайдалануға биыл тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз.

Аудандағы денсаулық саласында 33 мекеме қызмет көрсетеді. Тасты, Жуантөбе, Қаратау, Сызған, Құмкент, Жартытөбе ауылдары мен Қыземшек, Таукентте дәрігерлік амбулатория ғимараттарының жылыту қазандықтары жаңартылды. Өткен жылы аудандық орталық ауруханасына 57 млн. теңгеге Реабилитациялық медициналық құрал жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, аурухананың Жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына 32 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, Балдысу, Қарабұлақ, Саржаз, Басбұлақ ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған ауылдар 2025 жылға дейін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Осы жылы Шолаққорған ауылындағы Ақшам және Наурыз шағын аудандарының су құбыры желілерін салуға 500 млн. теңге бөлінді. Жалпы жобаның құны
1,5 млрд. теңгені құрайды. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Шолаққорған мен Жеткеншек ауылдарында табиғи газ өткізу үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 7,7 млрд. теңге. Созақ ауданы аумағындағы елді мекендер толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес Созақ, Қайнар, Бабата ауылдарына 12 шақырым электр желілері мен 4 дана трансформаторлар ауыстырылды. Бұдан бөлек, Шолаққорған ауылының 16 көшесіне электр желілері жүргізіліп, 10 дана жаңа трансформаторлар мен 388 дана жарықтандыру шамдары орнатылды. Биыл аталған жұмыстар жалғасын тауып, елді мекендер сапалы электрмен қамтамасыз етіледі.

 

Аудандағы маңызды мәселелердің бірі – жолдардың жәй күйі. Осы сала бойынша тұрғындардан бірқатар өтініштер түскен. Елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу үшін бюджеттен былтыр 442 млн. теңге бөлініп, 34 шақырымды құрайтын 23 көше жөндеуден өтті. Осы жылға бюджеттен 27 шақырымды құрайтын 24 көшенің жөндеу жұмыстарына 841 млн. теңге қаражат бөлінді.  Сонымен қатар, ауданда облыстық маңызы бар
5 автомобиль жолын жөндеуге осы жылы бюджеттен
1 млрд. теңгеден астам қаржы қаралды. Созақ — Қарақұр елді мекендерін және Шолаққорған — Таукент елді мекендерінің арасындағы облыстық маңызы бар 2 автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.  Таукент, Созақ, Ыбырай елді мекендерін және Құмкент — Шолаққорған елді мекендерін жалғайтын облыстық маңызы бар 3 автомобиль жолын жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталатын болады.

Созақ – Қазақ хандығының бірінші астанасы болған аймақ. Бұл өлкеден мықты азаматтар шыққан. Күйшілер, ақындар, зиялы қауым өкілдері туып-өскен. Қазіргі уақытта, Созақ өңірі пайдалы қазбаларымен,  уранымен еліміздің дамуына өз үлесін қосып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы