Созақта «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталды. «Ауыл аманаты» жобасына облыстың 16 ауданынан 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл облыс шаруалары үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы өңірімізден орташа есеппен алғанда 2500-ден аса азамат бағдарламаға қатыса алады деп жоспарланып отыр. Жоба шеңберінде жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін. Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасы 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Бұл бағытта Созақ ауданында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатында бүгінгі күнге 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін аудан тарапынан жобаға Созақ және Құмкент ауыл округтері ұсынылды. Осы екі ауылдық округтер бойынша 3 кооператив құрылып, 115 адам мүше болып тіркелді. Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейту болса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашатын болып бағыттары айқындалды. Бүгінгі күнге несие алушы 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 млрд. 400 млн.  теңге қосымша бөлінген болатын. Осы орайда, «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылды.  Ауданнан қосымша Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары қатысатын болады.

Созақ ауданындағы жергілікті бюджет кірістеріне өткен  жылы 17 млрд.  736 млн. 731 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 100,8 пайызға немесе 132 млн. 706 мың теңгеге артығымен орындалған. Оның ішінде трансферттері  12 млрд. 735 млн. 042 мың теңге, өзіндік кірістері 4 млрд. 827 млн. 714 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 32 млн.  689 мың теңге, ауданның жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар 64 млн. 323 мың теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары  76 млн. 963 мың теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі 17 млрд. 576 млн. 470 мың теңгені құрап, 99,8  пайызға игерілген. Өз кезегінде ағымдағы жылдың I-тоқсанында жергілікті бюджет кірістеріне 3 млрд. 799 млн. 479 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 141,3 пайызға немесе 1 млрд. 110 млн. 534 мың теңгеге артығымен орындалған. Оның ішінде трансферттері  853 млн. 814 мың теңге, өзіндік кірістері 2 млрд. 774 млн. 403 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 11 млн. теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары 160 млн. 261 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігі 2 млрд. 479 млн. 597 мың теңгені құрап 100 пайызға игерілген.

Өткен жылдың қорытындысымен ауданда 555 млрд.  496 млн.  теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 122,4 пайызға немесе 101 млрд. 672 млн. теңгеге артқан.  Аудан экономикасына өткен жылы 61 млрд. 214 млн. теңге инвестиция тартылып, 115,8 %-ға немесе 8 млрд 370 млн.теңгеге артқан. Ағымдағы жылдың I-тоқсанының қорытындысымен ауданда  121 млрд. 967 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға немесе 11 млрд. 371 млн. теңгеге артқан. Сонымен қатар, аудан экономикасына 11 млрд. 297 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,9 пайызға немесе 3 млрд. 657 млн. теңгеге артқан.

Былтырғы жылдың қорытындысымен ауданда үш жақты келісімнің орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылдың қорытындысымен 19 млрд. 671 млн. 500 мың теңге болып, 2 млрд. 33 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 103,2% құрады.  Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына өткен жылдың қорытындысымен 429,2 млн. теңге инвестиция тартылып, тапсырма 107,3 % орындалған. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 110 млн. теңге инвестиция тарту тапсырмасы берілсе, былтырғы жылдың қорытындысымен 113,6 млн теңге инвестиция тартылған. Былтыр аудан бойынша  14 275 га егіс егіліп, тапсырма  103 % орындалды. Оның ішінде 285 га бидай, 1 016 га арпа, 817 га жүгері, 1 227 га мақсары, 508 га картоп, 504 га көкөніс, 504 га бақша, 2 500 га жаңа жоңышқа, 6 914 га өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды. Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды. Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында  Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы  62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылған. Өткен жылдың қорытындысымен  барлық  санатта  35 445 бас  мүйізді ірі қара, 288 829  бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде. Сонымен қатар,  мүйізді ірі қара 95,5 пайызға, оның ішінде 37 123 бас,  қой-ешкі 112,6 пайызға оның ішінде 256 353 бас, жылқы 95,8 пайызға оның ішінде 24 684 бас, түйе 106,9 пайызға оның ішінде 13 452 бас, құстар 78,5 пайызға оның ішінде 32 594  бас орындалды.

Ауданда  «Сыбаға» бағдарламасы  аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды. Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған. Ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд. 867 млн. 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 103,6% құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың I-тоқсанында  46,6 млн. теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ егістік жер игеру тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың   I-тоқсанында  11 920 га егіс егіліп, тапсырма  83 % орындалды.

Аудан көлемінде 1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды. Аудан көлемінде 2023 жылдың I-тоқсанында  28  жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетті.  Биылғы жылға инвестициялық  7 жоба іске асырылатын болады.  Осы жобалар іске асқан жағдайда 1291 адамды жұмыспен қамту көзделуде.  Атап айтсақ өңдеу өнеркәсібі саласындағы  «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру, осы аталған үш жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.  Ал агроөнеркәсіп  саласындағы «Атамекен» ш/қ» жаңбырлатып суару, «Дәмен» ш/қ жаңбырлатып суару,  «Қуаныш» ш/қ органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру,  ЖК «Б.Исаев» Шағын сүт фермасы аталған төрт жоба үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Ауданда қазіргі таңда индустриалды аймақта 5 кәсіпорынға 10 га жер телімі берілген. Олар «Uko-S Star»  Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-ні техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК  өз жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 га жер телімі бар. Осы индустриялды аймақта 5 жоба іске асырылуда. Онда 98 адам жұмыспен қамтылған.

2021 жылдан өтпелі болып іске асырылған 4 нысанның құрылысы өткен жылы толық аяқталды, олар Жуантөбе ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы, Қаратау ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы,   Шолаққорған ауылындағы Қожанов көшесі бойынан әкімшілік (военкомат) ғимаратына қосымша жай құрылысы, Аққолтық елді мекенінде 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы аяқталған. Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі өткен жылдың қорытындысымен 103,7 %  болып орындалды. Өткен жылдан 2023 жылға өтпелі болып, «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» нысаны іске асырылуда. 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар «Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылы, Қазақстан көшесінен жабық шағын футбол алаңының құрылысы» нысанын жүзеге асыру басталды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда, «Шолаққорған ауылындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның құрылысын бастау үшін 2023 жылға республикалық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нысан 2024 жылға өтпелі болып іске асырылады. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына тиісті түзету енгізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаны 2023 жылы бастап, 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Созақ, Таукент, Жартытөбе және Жуантөбе ауылдарында Беккери шұңқыры» және «Қаратау, Қыземшек, Шу ауылдарында мал өлекселерін тастайтын шұңқыры құрылысы» нысандарын 2023 жылы бастап, аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде заманауи «Шолаққорған ауылындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан жобалау-cметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі өткен жылдың I тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда 945,0% болып орындалды.

«Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» жұмыс жобасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100 % көмілген. АГТС  қондырғыларының орындары дайындалып, қоршау жұмыстары жүргізілді. ВОЛЬС кабельдері жүргзілген. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды. 2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралып,  2023 жылдың наурыз айында 353 млн. теңге аванс төленді. Қалған қаржысы 2024 жылға бөлінген жағдайда АГТС қондырғылары толығымен орнатылып, табиғи газға қосылатын болады. Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 2021-2022 жылдар аралығында 190 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілді. Шкафты газ реттеу пункітінің орындары дайындалған. Ағымдағы жылы  құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады. 2024 жылы АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекені тұрғындары табиғи газбен қамтылатын болады. Аудандағы Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендеріне газ құбыры жүргізілетін жер телімдеріне серветуттар белгіленіп, жерге орналастыру жобалары әзірленді. Ағымдағы жылғы 16 мамырдағы бюджеттік комиссияның қорытындысы бойынша  жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаржысы бөлінді. Алдағы уақытта жобалушы мердігер анықталып, жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, 2024 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға қаржыға сұраныс жасалатын болады.

Аудан көлеміндегі  35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі 2 кент, 27 ауылдық елді мекен 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 6 елді мекенге  (Шолаққорған, Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдық)  кестемен берілуде. «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2022 жылға 51,0 млн.тг,  2023 жылға 500 млн.тг қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға  қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жоблаушы анықталып, келісім шарт түзілді. Осы жылы ЖСҚ әзірленіп, облыстық, республикалық бюджетке ұсынылатын болады. Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржыны бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірленетін болады. Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғыртып, тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке сұраныс берілетін болады. Қарақұр, Қозмалдақ ауылдарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан  блок-модуль кешенін орнату үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылдың сәуір айында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттен қаржы бөлу үшін құжаттар ұсынылып, сұраныс жолданды. Үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларына дейін мердгерді анықтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 435 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар, 79 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, 403 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары. Өткен жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағадарламасы аясында республикалық бюджеттен ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 19 көше жергілікті бюджеттен ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын  4 көшеге барлығы 23 көшенің 34,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 15,6  шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін қаржы бөлініп, мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ішкі көшелерінің 239 шақырымы (59%) асфальт болса, 2023 жылдың қорытындысымен 266 шақырымға (66%) жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 152 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Олар «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейін 83 шақырым, «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырым, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі автомобиль жолының 39 шақырымы асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2024 жылға өтпелі.

Аудан, қалалардың аумағын көгалдандыру мақсатында облыс әкімдігімен бекітілген іс шара жоспары бойынша 2023 жылы Созақ ауданы аумағында 17650 түп көшет әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтар мен жол жиектеріне отырғызылды. Оның ішінде 2000 түп көшет Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының жоғарғы бөлігінен «Жасыл белдеу» аумағын 1,6 гектарға ұлғайтылып, сонда отырғызылды.  Демеушілер есебінен құрылған аймақ  өткен жылдың көктем айларында Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының екі шетінен 3,2 га жер телімі шарбақтармен қоршалып, 3500 түп көшет отырғызылған. Оның ішінде 2500 түп қара тал, 1000 түп гүжім. Аталған көгалдандыру аймағына политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Аудан аумағын көркейту, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу күз айларында жалғасын табатын болады.  Созақ ауданы аумағында орман қоры жерлеріне сексауыл көшеті 500 га жер теліміне отырғызылған.

Ауданда, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны — 26389,  жұмыссыздар саны – 1325 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында  жалдамалы қызметкерлер саны- 19509 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар — 5555 адамды құрайды. Өткен жылдың 12 айында 1182 отбасының 5319 адамына                             431млн.096 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді. Атаулы әлеуметтік  көмек алушы 3038 адамның ішінде еңбекке жарамды 889 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224  адамға 9249,0 мың. теңгенің көмегі көрсетілді.  «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді. Аудан бойынша 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,0% болса, 2022 жылда 5,0% болды .  Жұмыссыздар саны 2021 жылға 1342 болса, 2022  жылға 1325 адамды құрап, 99,% төмендеген. Өткен жылдың 31 желтоқсанға дейін 4440 адамды жұмыспен қамту  шараларымен қамтыған болсақ, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 140% пайыз орындалып отыр. Сонымен қатар, қысқа мерзімді оқытуға – 24 адамды оқыту жоспарланып,100% пайыз орындалды.  Әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланып, 83 адам жолданды, өткен жылмен салыстырғанда 109% орындалып отыр. Жастар практикасына – 160 орын жоспарланып, 268 адам қамтылып, өткен жылмен салыстырғанда 161% орындалып отыр. Қоғамдық жұмыстарға – 450 орын жоспарланып, 1383 адам қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 139% орындалып отыр. «Алғашқы жұмыс орындары» – 17 орын жоспарланып, 24 адам қамтылып, өткен жылмен салыстырғанда 218% орындалып отыр. «Күміс жас» жобасына – 15 орын жоспарланып, жоспар100% орындалды. Мемлекеттік грантқа – 80 орын жоспарланып, 100 % орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 114,2%  орындалып отыр. «Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 574 азамат, өткен жылмен салыстырғанда 317% орындалып отыр. Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған, жолданғаны 1899 адам, орындалу пайызы 158,3% құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 124 пайызға орындалып отыр. Интеракциондық жеке бастама бойынша 871 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып,   92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Созақ ауданында қазіргі таңда 38 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. 2023 жылдың жылдық жоспарын бекітіп, жыл басынан бері ресми және бейресми мерекелерде тақырыптық іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылып өткізілуде. Өткен жылы 649 іс-шара өткізілсе, 2023 жылға 658 іс-шара өткізу жоспарлаған, 3-айда 162 іс-шара өткізіліп 12751 көрерменмен қамтылған. Аудандағы  23 кітапхана мекемелерінде І тоқсанда 164 /159 олайн, 5-онлайн/ әдеби мәдени іс-шара өткізілген. Созақ ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 2 стадион, 1 ипподром, 34 кіші футбол алаңшасы, 33 балалар ойын алаңшасы, 9 стрит воркаут, 8 спорттық мәндегі спорт зал, 2 жүзу бассейні бар. Өткен жылы бөлім тарапынан 182 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілсе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 41 спорттық іс-шаралар өткізілген. Аудандағы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны 73. Оның ішінде 35 білім беру орындары болса, балабақшалар  саны 38 құрайды. Мектептерде 15 433 оқушы білім алуда. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелерде 4147 бала тәрбиеленеді немесе жалпы қамтылуы тиіс баланың нақты 100 пайызы қамтылып отыр. Биылғы жылы Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне 200 орындық жаңа ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жайлы мектеп бойынша Ы.Алтынсарин мектебінің құрылысы биылғы жылы басталып, 2024 жылға аяқталуы жоспарланған. Биылғы жылға республикалық бюджеттен білім беру субвенцилары есебінен мектептерге модификация талаптарына сәйкес келетін- 23 кабинет қарыстырылған. Аталған кабинеттерге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 1-орталық аурухана, 1 – медициналық санитарлық алғашқы көмек орталығы,  9- дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық және 4 фельдшерлік акушерлік бекет орналасқан. Аудандық емхана қуаттылығы тәулігіне 550 науқасқа қызмет көрсете алады. Аурухана құрамы 7 бөлімнен тұрады (терапия, хирургия, гинекология, жансақтау, балалар, жұқпалы аурулар, перзентхана және қабылдау бөлімі). Аудандық емханада рентген, физиотерапия, УДЗ, ЭКГ кабинеттері  мен зертхана бөлімі бар. Сонымен қатар, 3 жедел жәрдем бригадасы және 4 шұғыл медициналық көмек бригадасы жұмыс атқарады. 2023 жылдың есепті мерзімінде ана өлімі тіркелмеген, нәресте өлімі өткен жылмен салыстырғанда 3 жағдайдан 2023 жылы 1 жағдайға азайған. Ауыл тұрғындары үшін медицина­лық көмектің қолжетімділігін кеңейту мақсатында аудан тұрғындарына Жылжымалы медициналық кешен  қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда медициналық көмекпен  4001 тұрғын қамтылған, оның ішінде балалар саны — 652. Сонымен қатар өткен жылы аудан орталығындағы жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы Созақ Аудандық полиция бөлімінде жалпы 157 қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық істердің сотқа жолдануы 23-ке немесе 39-дан 62-ге көбейген. 2023 жылдың 3 айында Созақ АПБ-мен жалпы 31 қылмыстық іс тіркеліп, оның 20-сы сотқа жолданған.  Криминалдық саласы бойынша бір қатар іс-шаралар, атап айтқанда «Допинг», «Қару», «Қаңғыбас», «Арқан», «Көкнәр», «Айдап әкету», «Мал ұрысы», «Іздеу», «Контрафакт» және «Стоп трафик», «Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына қарсы күрес туралы» т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылуда.

Жібек жолы мен С.Қожанов көшелерін абаттандыру  бойынша атқарылған жұмыстар Шолаққорған ауылының Жібек жолы және С.Қожанов көшелері бойындағы тұрғын үйлер мен кәсіптік нысандардың сыртқы келбеттерін ретке келтіру мақсатында аудан әкімдігінің дербес бөлімдері бекітіліп, тұрғын үйлердің шарбақтарын бояу жұмыстары жүргізілуде.  Жібек жолы көшесінде 55 тұрғын үй, 30 кәсіпкерлік нысан орналасқан. 55 тұрғын үйдің 15-і қалыпты жағдайда, яғни сыртқы қасбеттері мен шарбақтары жөндеуді, ақтап, сырлауды қажет етпейді. Қалған 40 тұрғын үйдің сыртқы қасбеттері мен шарбақтарын сырлап, бояуды қажет еткен болатын. Ағымдағы жылы Жібек жолы көшесінде орналасқан 37  тұрғын үйдің шарбақтары 6 үйдің дарбазалары боялып, 2 үйдің сыртқы қасбеттері ретке келтірілді. Жібек жолы көшесінде орналасқан 19 кәсіпкерлік нысанның сыртқы қасбеттері мен шарбақтары боялып, ретке келтірілді. Әбден тозығы жеткен   1 нысан сүріліп алынды. Қазіргі таңда 16 кәсіпкерлік нысанының сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. С.Қожанов көшесінде 7 тұрғын үй, 56 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Аталған көшеде орналасқан 1 тұрғын үйдің сыртқы келбеті қалыпты жағдайда. Қалған 6 үйдің сыртқы шарбақтарына бояу жұмыстары жүргізілді. С.Қожанов көшесінде орналасқан 24 кәсіпкерлік нысанының сыртқы келбеті қалыпты жағдайда, 9 кәсіпкерлік нысанының сыртқы қасбеттері боялып ретке келтірілді. Қалған 21 кәсіпкерлік нысанының сыртқы келбеттерін ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жібек жолы көшесінің бойында егілген ағаштардың барлығына әктеу жұмыстары жүргізілген.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы