МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СОЗАҚТА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді.
«Спорт саласын өркендетуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, меценаттардың және жарнама берушілердің әлеуетін пайдалану қажет. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілін кеңінен қолдану керек. Бұқаралық спортты дамытуға тұрғындардың ынта білдіріп, белсенді атсалысуы маңызды. Мемлекет бұған барлық жағдайды жасауға тиіс.Бұқаралық спортты дамытуға өз қаражатын салатын кәсіпкерлер мен басқа да азаматтар салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі, олар алдағы уақытта ең жоғары мемлекеттік наградаларға ие болады. Жалпы, бұл саладағы жұмыста көзбояушылық пен әміршілдік-әкімшілдік тәсілден бас тарту қажет. Үкімет пен әкімдіктер тиісті бағдарлама әзірлеп, шешім қабылдаған кезде осының бәрін ескеруге тиіс», — деді Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында сөйлеген сөзінде.
Президенттің бұл тапсырмасы аясында Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылында 23 маусым Мемлекеттік қызметші күніне орай, мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті. Спорттың бес түрінен ұйымдастырылған шараны аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
«Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік қызметте халықтың сенімін ақтап, ел абыройын асқақтату – мәртебелі міндет. Бүгінгі шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстап қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуда алар орны ерекше. Баршаңызға әріптестік қарым-қатынасты арттырып, Жаңа Қазақстанды дамыту жолында аянбай еңбек етуге тілектеспін. Аудан эканомикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын. Алдағы күндеріміздің бәрі жарық, жақсылық болғай,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов мемлекеттік қызметшілерді айтулы мерекелерімен құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттық шарада Созақ ауданы әкімі аппараты, аудан әкімдігінің 8 дербес бөлімі, 12 ауыл, кент округ әкімдіктерінен құралған мемқызметшілер қол күрес, арқан тартыс, жүзу, үстел теннисі, бильярд сынды спорт түрлерінен бақ сынасты.
Шара соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бакиров Абдуахат жарыс жеңімпаздарын құттықтап, жүлделі орыннан көрінген қызметшілерді арнайы диплом, медаль және кубоктармен марапаттады.
Айта кетсек, Созақ ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 2 стадион, 1 ипподром, 34 кіші футбол алаңшасы, 33 балалар ойын алаңшасы, 9 стрит воркаут, 8 спорттық мәндегі спорт зал, 2 жүзу бассейні бар. Өткен жылы бөлім тарапынан 182 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілсе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 41 спорттық іс-шаралар өткізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы