ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

53 просмотров

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында көшелерді қайта жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығындағы М.Әуезов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл — үлкен көшелердің бірі. Жол сапасын тексеру барысында аудан әкімінің коммуналдық салаға жауапты орынбасары Бағдатбек Жанғазиев бірқатар сын-ескертпелер айтып, бөлім басшысына бақылауға алуды тапсырды. Мердігер мекеменің басшыларына асфальт төсеу барысында сапасына мән беруді ескертті. Жалпы М.Әуезов көшесінің бірқатар аумағының ені 3 метрге кеңейтіліп, жаңадан суағарлар орнатылған.
Бәйдібек ауданында өткен жылы жалпы ұзындығы 73,1 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында елді мекендердегі ішкі көшелердің 6,8 шақырым жолы жөнделді. Сонымен қатар, биыл аталған бағдарламамен 3 елді мекендегі ішкі көшелердің 19,6 шақырымы (18 көше) жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын 3 елді мекеннің 18 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарықтандыру, аяқжолдар және суағарлар орнату жоспарланған. Қазіргі таңда жоба аясында Ақбастау ауылындағы 11 көшеге жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жаңадан асфальт төселіп, аяқжолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылу үстінде.
Одан бөлек, биыл облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 19,4 шақырым Шаян елді мекеніндегі 14 көшеге (М.Әуезов, Е.Шөкеев Б.Қарашаұлы Қ.Спатаев, Қ.Жандарбеков, Шәкәрім, С.Әлжанов, Мыңбұлақ, А.Нысанов, Жамбыл, Абай, К.Нұржанова, О.Жандосов, Б.Болатбеков және Қошқарата ауылдарында  Дүйсебаев көшесіне) орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Бүгінде аталған 14 көшеге асфальт бетон жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар Қаратас ауылында кіреберіс автомобиль жолына 7,5 шақырым, Теректі елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолына 2 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, биыл облыстық маңызы бар Таңатар елді мекенінің кіреберіс 3 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 3 елді мекеннің 19,6 шақырым ішкі 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдарды жаңарту, жарықтандыру, аяқ жолдар, суағарлар орнату жоспарланған. Қазіргі таңда жоба аясында Ақбастау ауылындағы 11 көшеге жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жаңадан асфальт төселіп, аяқ жолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылады. Одан бөлек ағымдағы жылы облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 19,4 шақырым Шаян елді мекеніндегі 14 көше атап айтқанда М.Әуезов, Е.Шөкеев Б.Қарашаұлы Қ.Спатаев, Қ.Жандарбеков, Шәкәрім, С.Әлжанов, Мыңбұлақ, А.Нысанов, Жамбыл, Абай, К.Нұржанова, О.Жандосов, Б.Болатбеков және Қошқарата елді мекеніндегі Дүйсебаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Бүгінде аталған 14 көшеге асфальт бетон жамылғысын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоспарлы жұмысқа сәйкес Қ.Жандарбеков көшесіне асфальт бетон төселді.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар Қаратас елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолына 7,5 шақырым, Теректі елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолына 2,0 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ биылғы жылы облыстық маңызы бар Таңатар елді мекенінің кіре беріс 3 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл тұрғыда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында да бірқатар жоспар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, бірер күн бұрын аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапарымен Ақбастау, Боралдай ауылдық округтеріне барып, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақбастау елді мекенінде жүргізіліп жатқан ішкі көшелерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталған жоба аясында Ақбастаудағы 11 ішкі көше жөндеуден өткізіліп, жаңадан асфальт төселіп, аяқ жолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылып жатыр. Сонымен қатар, аудан басшысы Боралдай ауылдық округіне қарасты Қаратас-Теректі елді мекеніне баратын автожолға асфальт төсеу жұмыстарын да бақылады. Мердігер мекемеге атқарылып жатқан әрбір жұмыстың сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, Ақжар елді мекеніндегі құрылысы аяқталуға жақын қалған ауызсу жүйесін де көрді. Құрылысты жүргізген мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, бір апта көлемінде қалған жұмыстарды толық бітіру керегін ескертті.

Оған қоса Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 17 елді мекен табиғи газды тұтынуда. Қалған елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең кезеңімен атқарылуда. Өткен жылы Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Нысан толық аяқталған соң 5 елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болады. Сонымен қатар 2023 жылы аудандағы Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Теректі, Жиенқұм, Шақпақ, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Кеңестөбе, Бәйдібек ата елді мекендері және Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық (жалдық) тұрғын үй мен 55 гектар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымында салынатын тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша тиісті қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады.

Сондай-ақ аудандағы 10 ауылдың (Жаңаталап, Таңатар, Қошқар ата, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы) газ құбырларының құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.

Жалпы 2023 жылы Бәйдібек ауданындағы халықтың 82 пайызын газбен қамту жоспарлануда. Бүгінде Түркістан облысында ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Жуырда, Сауран ауданы, Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ берілді. Табиғи газ беру жұмыстары Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның 30-жылдығы елді мекенінен басталды. Қалған елді мекендерде ретімен жалғасын табатын болады. Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ №16 Ескі Иқан автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімдігімен «ҚазТрансГаз» АҚ елді мекендерге газ беру жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігер мекемелермен келісім-шартқа тұрып, құжаттарды түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.