ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

 

Кентау қаласындағы №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуға жақын.

Су айдайтын 2 қазандықты жыл соңына дейін қайта құру және 4 қазандықты ағымдағы жылы жөндеуден өткізіліп, қуаттылығы күшейтіледі. Ондағы 8 қазандықтың 4-еуі жөндеуден өтсе, қалған 4-еуіне қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Орталықтағы жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары қатар жүріп жатыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады. Жылу орталығында болып, жай-күйімен танысты. Құрылыс барысы облыс әкімінің қатаң бақылауында. Өңір басшысы жауапты басқарма мен қала әкіміне жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды. Құрылыстың сапасына басты назар аударылатынын ескертті.

Бірінші кезеңде тозығы жеткен 6,6 магистральді жылу құбырлары ауыстырылады. Сондай-ақ жылуэнерго орталығын рекострукциялау көзделген. Осы жылы 4 қазандықты №8, 9, 10, 11 реконструкциялау жоспарланған. Қажет 7,5 млрд. теңгеден облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Магистральді жылу құбырларын қайта жаңғырту және қосалқы станцияны жаңарту жұмыстары ауқымды құрылыстың екінші кезеңіне жоспарланған. Одан кейін 2024-2025 жылдың ішінде ішкі орам жылу желілері жаңартылады.

Кентау жылу электр орталығында қазандықтарға жөндеу 2015 жылы, ал күрделі жөндеу тек 2012 жылы жүргізілген.

Өткен ғасырдың ортасында пайдалануға берілген жылу орталығы соңғы 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Сала мамандарының айтуынша, қазандықтардың алды 1951 жылы іске қосылса, қалғаны 1958-1959 жылдары қойылған. Қазір мұндағы 8 қазандықтың барлығы әбден тозып, істен шыққан.

Жылыту маусымына дайындық барысында қысқа қажетті отын қоры жинақталуда. Биылға жоспарланған құрылыс кестеге сәйкес аяқталуы тиіс.

Келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген. Осыған орай жеткізуші газ құбырының құрылысына мемлекеттік сараптама қорытыңдысы алынды. Бұл газ құбыры бірнеше күрделі мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, ЖЭО мен Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету, 10 үйге қосымша газ қысымы, Индустриалды аймақ, Кентау байыту комбинаты мен Кентау эксковатор зауыттырына арнайы қосылу нүктелері қарастырылған.

Жалпы, Кентаудағы ЖЭО 14 000- нан астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 347 көпқабатты үй, 106 бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2229 жеке сектордағы үй бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы