Түркістан облысы: САУРАНДА ҮШ МЫҢ ОРЫНДЫҚ МЕШІТ САЛЫНАДЫ

6 просмотров

Бұл туралы Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қарашық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, бұған Қарашық ауылындағы Наурыз алаңы таңдалып отыр. Бұған дейін жыл бойы бос тұратын аумақта әсем кешенді мешіт қана бой көтеріп қоймай, оның маңынан демалыс орындарына арналған көкжелектендірілген бау, естиярлар демалатын жайлы беседкалар, балалар алаңы, футбол, волейболға арналған жабық үлгідегі стадион бой көтереді.

Аудан әкімі жұртшылықпен кездесуге дейін Қарашық ауылында «Жайлы мектеп» үлгісімен салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Мұны жеке кәсіпкер, Сауран ауданы мәслихатының депутаты Әзизбек Азимов қолға алған екен. Оның айтуынша, қыркүйекте пайдалануға берілетін мектепте үш спорт алаңы, бассейн, жылыжай, асхана, балаларға арналған жатақхана салынады. Қазірдің өзінде құрылыстың сексен пайыздай жұмысы аяқталған. Қасында үш жыл бұрын осы кәсіпкер салған 200 орындық балабақша халыққа қызмет етуде. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев өз күшімен оқу ордасын салып жатқан кәсіпкерге алғысын білдірді. Барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Бұдан кейін аудан әкімі Қарашықта 7-8 жылдан бері жыр болып келе жатқан Қарашық су қоймасының құрылыс барысымен танысты. Қосқорған су қоймасынан келетін су жаз айында сарқылып қалатын болғандықтан диқандар қауымы ағын судан тапшылық көріп келе жатқан еді. Ғалымжан Қарабайұлы 3млн 800 мың текше метр су жиналатын қойманың алдағы уақытта аздық ететіндігін алға тартып, жобаны қайта қарап, қауіпсіздік шараларын барынша ескере отырып, заманауи үлгіде жасау керектігіне тоқталып, сараптаудан өткізу қажеттігін айтты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.