ТҮРКІСТАН: ҚЫЗМЕТКЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

Керек кеңес айдарымыздың келесі санында Түркістан облысың тұрғындарына арнап маңызды ақпараттарды жариялап отырмыз. Әрбір тұрғын отбасын асырау үшін еңбек етіп, ақысын алу керек. Қызмет беруші еңбек ақыны төлеуге міндетті. Алайда кейбір қызметкерлер еңбек келісім шартымен толық таныспайды немесе оны маңызды деп таппайды. Осындай түсінпеушіліктер орын алмау үшін Түркістан облысының жұртшылығына еңбек келісімшартындағы маңызды ақпараттарды ұсынып отырмыз.

Еңбек келісімшарты – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы құжат. Екі тарап осы шарттарды қағазға түсіріп, өз келісімдерін беріп, қол қойған кезде келісімшарт жасалды деп есептеледі. Кез келген жұмысқа орналасқан кезде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында екі жақты келісім шарт жасалады. Келісімшарт екі дана болуы керек, әр тарапқа бір–бірден түпнұсқасы беріледі. Басқа келісімшарттар кейде тек орыс тілінде жасалуы мүмкін. Ал дәл еңбек келісімшарты міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Келісімшарт жасау ҚР заңдарында қарастырылған.  Онда екі жақтың құқығы мен міндеті бекітілген.

Жұмыс беруші мен қызметкер арасында жасалған келісімді орындау барысында түрлі себеп пен жағдай болуы мүмкін. Соның салдарынан бір тарап екінші тараптың алдында міндеттерін орындай алмай қалады. Тараптардың өз міндетін орындамағаны салдарынан екінші тарапқа моральдық немесе материалдық шығын келіп, дау туындауы мүмкін. Ал келісімшарт – екі тарап арасында дау туған жағдайда тараптардың өз міндеттерін орындағаны немесе орындамағанын, жауапкершілігін анықтау үшін қажет құжат.

Еңбек келісімшартынсыз екі тараптың жауапкершіліктерін айқындау қиынға соғады. Жазбаша келісімшарттың болмауы адамдарды іске немқұрайлылық танытуына әсер етуі мүмкін. Еңбек келісімшарты жазбаша жасалса, кез келген адам әр әрекетінің жауапкершілігін түсініп, оны орындамаған жағдайда заң алдында жауап беретінін түсінеді. Бір сөзбен айтқанда, келісімшарт – сіздің құқығыңызды қорғайтын кепіл. Келісімшарт жасау ерікті түрде жасалады. Заң бойынша бір тарап екінші тарапты мәжбүрлей алмайды. Сол үшін келісімшартқа қол қоймай тұрып, онымен толық танысып, өзінің құқығы мен міндеттерін анықтап, қажет болса, өзгеріс енгізіп барып жасағаны абзал. Қызметкердің құқықтары келісімшартта белгіленеді. Сонымен қатар қызметкер еңбек демалысын алуға, білігін арттыруға, ҚР заңдарында белгіленген жұмыс берушіні ескерте отырып, некеге тұрғанда, туыстары қайтыс болған жағдайда демалыс ала алады.

Еңбек демалысы – бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату. Келісімшартта көрсетілген қызметтен бөлек қосымша үстеме жұмыс істеген уақытта келісімшартқа өзгеріс енгізіп, (жұмысқа ақы төлеу және тағы басқа) қосымша шарт жасалады. Келісімшарттың маңызды бөлігіне өзгеріс енгізілген кезде міндетті түрде жазбаша қосымша келісімшарт жасалады. Өзгеріс енгізу алдын ала хабарланып, келісіледі. Жазбаша келісімшарт жасалмаса, үстеме жасалған жұмысқа ақы төленбеуі мүмкін. Келісімшартқа өзгеріс енгізу ҚР АК-нің 401, 402, 403-баптарында көрсетілген. Еңбек кодексінің 134-бабы “Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері” бойынша жалақы айына кемінде бір рет немесе келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс. Заң бойынша оның барлығы еңбек шартында немесе ұжым шартында көрсетіледі. Жұмыс беруші жалақыны кешіктірген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабы “Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу” бойынша жаза қарастырылады. Жұмыс беруші қызметкер келісімшартта өзіне белгіленген міндеттерді орындамаған кезде жұмыстан босатады.

Сонымен бірге қызметкер білігінің жетіспеуі, сынақ мерзімінде жұмыс көрсеткішінің нашар болуы, себепсіз үш немесе одан да көп уақыт жұмысқа келмеуі себеп болады. Егер жұмыс беруші қызметкердің жұмысқа мас күйінде келгенін медицина тексерісі арқылы дәлелдесе, жұмыстан шығара алады. Жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау, жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік коммерциялық құпияны ашу, құжаттарда жалған ақпарат көрсету қызметкердің жұмыстан босауына негіз болады. Дегенмен мұның бәрі сотта дәлелденуі керек. Сонымен бірге заңға сәйкес, жұмыс беруші қызметкерді қысқарту, компания тарқату, компанияның экономика жағдайының нашарлауына байланысты өндіріс көлемінің азаюы, қызметкердің зейнет жасына толуына байланысты алдын-ала ескертіп, қызметтен босата алады. Жұмысшы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғысы келсе, жұмысшы жұмыс берушіге жазбаша ұсыныс жібереді, яғни алдын ала хабарлауға тиіс. Көбіне бір ай бұрын хабарлайды немесе ескерту мерзімі келісімшартта белгіленуі мүмкін. Қызметкер жұмыс өтілі бір жылға жетпей жұмыстан шықса, онда оған компания мен жұмысшы арасында келісілген шарт бойынша есеп айырысады. Қызметкердің айлығына байланысты төлем төленеді. Еңбек демалысының соммасы шартта көрсетілуге тиіс. Еңбек кодексінде жұмыстан босатылғаннан кейін төленетін сомма нақты белгіленбеген. Онда шарт бойынша шешілетіні көрсетілген. Жұмыс істеген нақты уақытыңыз үшін еңбекақы; Қолданылмаған еңбек демалысының өтемақысы; Басқа өтемақы (бар болса) беріледі.

Барлық төлем үш жұмыс күні ішінде төленеді. Компания банкрот болып, жалақы мен өтемақы төлей алмаса, онда қызметкерге қарыз сомасы туралы ресми анықтама беруі керек. Қызметкер мен жұмыс беруші арасында келеңсіз жағдай болып жатады. Мұндай жағдай болмауы үшін тараптар нені білуі керек? Заңгер Жазира Сағынбайқызы еңбек құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

  1. Еңбек келісімшарты деген не?

Еңбек келісімшарты – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы құжат. Екі тарап осы шарттарды қағазға түсіріп, өз келісімдерін беріп, қол қойған кезде келісімшарт жасалды деп есептеледі.

Кез келген жұмысқа орналасқан кезде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында екі жақты келісім шарт жасалады. Келісімшарт екі дана болуы керек, әр тарапқа бір–бірден түпнұсқасы беріледі. Басқа келісімшарттар кейде тек орыс тілінде жасалуы мүмкін. Ал дәл еңбек келісімшарты міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

  1. Еңбек келісімшарты не үшін қажет?

Келісімшарт жасау ҚР заңдарында қарастырылған.  Онда екі жақтың құқығы мен міндеті бекітілген.
Жұмыс беруші мен қызметкер арасында жасалған келісімді орындау барысында түрлі себеп пен жағдай болуы мүмкін. Соның салдарынан бір тарап екінші тараптың алдында міндеттерін орындай алмай қалады. Тараптардың өз міндетін орындамағаны салдарынан екінші тарапқа моральдық немесе материалдық шығын келіп, дау туындауы мүмкін. Ал келісімшарт – екі тарап арасында дау туған жағдайда тараптардың өз міндеттерін орындағаны немесе орындамағанын, жауапкершілігін анықтау үшін қажет құжат.

  1. Еңбек келісімшарты болмаған жағдайда не болады?

Еңбек келісімшартынсыз екі тараптың жауапкершіліктерін айқындау қиынға соғады. Жазбаша келісімшарттың болмауы адамдарды іске немқұрайлылық танытуына әсер етуі мүмкін. Еңбек келісімшарты жазбаша жасалса, кез келген адам әр әрекетінің жауапкершілігін түсініп, оны орындамаған жағдайда заң алдында жауап беретінін түсінеді.

Бір сөзбен айтқанда, келісімшарт – сіздің құқығыңызды қорғайтын кепіл.

  1. Еңбек келісімшартының дұрыс жасалғанын қалай тексеруге болады?

Кез келген келісімшарт жасайтын жеке тұлға немесе заңды тұлға оның дұрыс жасалуына мән беруі керек. Келісімшартта шарттың жасалған күні, айы, жылы, жасалған орны, тараптар туралы толық мәлімет, келісімшарттың ұғымы мен мәні, екі жақтың құқығы мен міндеттері, жауапкершіліктері, мерзімі, мекенжайы міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

ҚР Азаматтық кодексінің 157-бабы 2,3-тармақтарына сәйкес, мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сонымен бірге олардың осы кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.

ҚР    АК    158-бабының      тармағы     бойынша  мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле,  сонымен бірге   құқықтық   тәртіп негіздеріне  қайшы  келетін мақсатпен  жасалған келісімшарт дауланатын мәміле болып есептеледі және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы