ТҮРКІСТАН: АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ТЕТІГІ

Конституциялық сот – елде қабылданған заңдардың Конституцияға қаншалықты сәйкес келетінін бағалайды. Ол нақты құқықтық актінің (президент жарлығы, үкімет қаулысы, парламент қабылдаған заңның) Ата заңда белгіленген құқықтар мен бостандықтарға қайшы келетін-келмейтінін анықтайды, конституциялық емес деп танылған заңдардың күшін жояды.

Конституциялық сотты Жоғарғы сотпен шатастырып алмаңыз. Жоғарғы сот — елдегі ең жоғары кассациялық сот. Ол төменгі сатыдағы сот істерін қарайды, сонымен қатар елдегі сот тәжірибесін қорытындылайтын арнайы қаулылар (ұқсас істер бойынша үкім шығару тенденциялары) шығарады.

Конституциялық сот — кез келген елдегі тепе-теңдік жүйесінің маңызды бөлігі. Биліктің басқа тармақтарын бақылаумен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзатын заңдарды қабылдауға жол бермейді.

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтқан Конституциялық сотты құру туралы ұсынысы – Жаңа Қазақстан үшін маңызы жоғары жаңалық. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болып, ХІХ ғасырдың 60-жылдарына қарай 80-ге жуық елде салтанат құрып үлгерген бұл институт бүгінде демократияның ажырамас белгісі ретінде қаралады.

Қазақстанның құқықтық жүйесі тұтас­тай алғанда континенталдық (романо-германдық) құқықтық отбасыға жатады. Соның ішінде романдық бағытқа келетін белгілері басымдау (ал ресейлік құқыққа германдық сипат көбірек тән). Роман­дық бағыттағы Франция құқы­ғында Конституциялық әділ сот инсти­туты жоқ. Сондықтан оның орнына біздегі сияқты консультативті орган – Конс­ти­туциялық кеңес жұмыс істейді. Анығында біз Франция тәжірибесін көшіріп алғанбыз.

Конституциялық сотты құру туралы мәселе қойылған тұста, қай елдің тәжірибесін ескеруге тиіспіз деген заңды сұрақ туындайды? Романдық дәстүрде бұл институт жоқ немесе аса жетіле қоймаған. Қалып отырғаны германдық бағыттағы елдердің тәжірибесі (Скандинав елдері бұл институттан бас тартқан), соның ішін­де жақсы болсын, жаман болсын Зорькин, Тумановтар басқарған, әлі де бас­қарып келе жатқан Ресей тәжірибесі бар.

Жалпы юрисдикциядағы соттар өз алдына құқық нормасын түзе алатын­дықтан АҚШ секілді англо-саксондық елдер үшін конституциялық юстиция­ны әдейілеп құруға қажеттілік жоқ. Сондықтан бұл елдердің құқықтық моделі үлгі болуға келмейді. Десе де әділ сот, жалпы құқық туралы танымымыз эмпиризмі басым ағылшын-америкалық құқықтық мәдениетке көбірек туысатындықтан, оның фунда­менталды заңдылықтары мен процес­суалдық принциптерін (жарыс­пашы­лық, жариялық) сөзсіз ескеруге тиіспіз. Оның үстіне әлем ғана емес, құқық та жаһанданып, оның интерком­муни­кативті сұлбасы күн өткен сайын кеңеюде.

Бұл мәселенің сондай-ақ екінші жағы бар. Тек шетелдік тәжірибені емес, әділ сот туралы қалыптасқан ұлттық құқық­тық ой мен тұжырымдарды, тарихи-мәдениеттанушылық негіздерді тең ескеру қажет. Осылай қарағанда ғана құрылуы көзделіп отырған Консти­туция­лық сот тиімді жұмыс істейтін институтқа айналады.

Конституциялық соттың басты артықшылығы, оның тек адам құқығын жоғары деңгейде қорғауында ғана емес, сонымен қатар Конституция нормаларын тікелей қолдануы және іске асыруы болып табылады.

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов жаңа қызметке кіріскенде бірнеше рет халыққа үндеу тастап, көпшіліктің сот жұмысына қатысты пікірін біліп, ұсыныс-тілектерін сұрағаны есімізде. Осы қадамы арқылы Төраға сотты елге жақындатуды көздегені анық. Әрі бұл сот саласы үшін көпшіліктің пікірі маңызды екенін, әр тілек, талаптың ескерілетінін аңғартқан әрекет болды. Жақып Қажыманұлының үндеуінен кейін қарапайым азаматтар, заңгерлер, адвокаттар, ғалымдар, құзырлы орын өкілдері, сондай-ақ халық қалаулылары сот жүйесінде өздері байқаған кемшіліктерді ашық көрсетіп, сот жұмысын жандандыруға ықпал ететін ұсыныстарын іркілмей ортаға тастаған болатын. Соның нәтижесінде «Сот төрелігінің жеті түйіні» деп аталатын стратегиялық бағдарлама түзіліп, саланың дамуына серпін бергеніне баршамыз куә болып келеміз.

Сот саласы үнемі жаңарып, жаңғыруда. Үздіксіз жүргізілген рефрмалар саланы жаңа биікке көтерді. Ең бастысы, сотқа деген халықтың сенімі нығайып келеді. Оған азаматтардың өз талап-тілегінің сот реформасында көрініс табуы әсер еткені даусыз. Қазақта «Тосылған судың тұнығы болмайды» деген тағылымы терең сөз бар. Бұл үнемі қозғалыс, ізденіс болмаған ортада іркіліс орын алатынын, даму тежелетінін аңғартатын сөз. Осы тұрғыдан алғанда соттағы реформаларды дасалаға жан бітіріп, алға жетелейтін қозғаушы күш деп бағалаған дұрыс. Реформалар сот жүйесін Қазақстандағы жетекші құрылымның біріне айналдырды. Мысалы, бұрын азаматтар кез келген сұраныс үшін сот ғимаратына келетін. Арыз жазу үшін де, өзі түсінбеген сауалға жауап алу үшін де, сот актілерін алу үшін де азаматтардың жұмыстан сұранып, өзге маңызды шаруаларын ысырып қойып сотқа келуден басқа амалы болмайтын. Ол аздай, қарапайым анықтаманың өзін сағаттап кезекке тұрып алатын еді. Бұл кездерде сот отырысына қашықтан қатысуға болады, шетелде тұрып та сотқа куәгерлік ете аласың дегенге ешкім сене қоймайтын еді. Соңғы жылдары салаға заманауи технология жетістіктерінің көптеп енгізілуі бұрын ертегідей көрінген игіліктерді қарапайым азаматтар үшін шындыққа айналдырды. Игілікті істердің басында — Сот кабинеті бірыңғай сервисі тұр. Бұл сервис азаматтар мен сот қызметкерлерінің тікелей байланысын азайтып, сот қызметін қашықтан жедел, жеңіл алуға мүмкіндік туғызды. «Сот кабинетін» қолданушылардың біртіндеп өсуі сервистің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қызмет түрлерін көбейтуге жол ашты.

Бүгінде сервис арқылы арыз-шағымын, өтінішін жолдайтындар қатары қалың. Әсіресе, «Сот кабинетінің» мобильді қосымшасының енгізілуі азаматтарды арыз-шағымын оңай жолдап, өз сұранысын сырттай бақылауға жағдай туғызды. Цифрлы әлемнің жетістіктері алдағы уақытта да сот саласына енгізіле берері даусыз. Өйткені, бүгінгідей ең қымбат байлық — уақыт болған кезде цияфрлық технологияның көмегімен ғана жұмысты жүйелеуге, жеңілдетуге, мінсіз етуге мүмкіндік мол.

Қорыта айтқанда, Түркістан қаласының тұрғандары арасында сот қызметін тұтынатын азаматтардың кейбірі аталған қызметтерге өз дәрежесінде қол жеткізе алайтыны жасырын емес. Сондықтан осы мәселені мейлінше насихаттау мақсатында Түркістан қалалық сотының пәрменді әрекеттері жалғаса бермек.

Соттар биік белестерді елдің өсіп-өркендеуімен бірге бағындырып келеді. Саладағы реформалар адам игілігіне, олардың тұрмыс сапасы мен қауіпсіздігіне бағытталуда десек, Қазақстанда азаматтардың сот арқылы қорғалуына барынша жағдай жасалған.

«Сот кабинеті» сервисі сот өндірісін жеңілдетумен бірге саладағы ашықтықты аттырды. Нәтижесінде халқымыз өркениет көшінен қалмай, электронды талап арыз беріп, соттарға қашықтықтан жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Бұл тұрғыда Қазақстан соттарының әлемдік пандемия кезінде де жұмысын тоқтатпай, халыққа онлайн тәртіпте қызмет көрсетуін атауға болады.

Қазіргі таңда соттарға «Судьяның интеллектуалды көмекшісі», «Сандық сот сараптамасы», «Сот өндірісін роботтандыру», «Жасанды интеллект» сынды заманауи қызметтер қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Мысалы, «Сандық сот сараптамасы» бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруымен құнды. Себебі, бұл сервис сот өндірісіндегі кез келген іс бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Ал, робот судья сот қарауынсыз шешілетін даусыз істерде сот актілерінің жобаларын дайындауға көмектеседі. Бұл жерде сот шешіміне судья қол қоятындықтан, конституциялық талаптар бұзылмайды.

Жасанды интеллект процеске қатысушылар құқығын сапалы қорғау мен сот тәжірибесін біріздендіруді қамтамасыз ететін қосымша құрал ретінде пайдаланылады. Мұндай жаңашылдықтар өз кезегінде ел азаматтарының конституциялық құқықтарының әділ қорғалуына кепіл болады.

Сот саласын жаңа деңгейге көтеру жолындағы игі бастамалар уақыт талабымен үйлестіріле отырып жетілдірілуде. Әсіресе, судьялардың өздері қабылдаған сот актілерін тараптарға түсіндіруі саланы заман талабына сай жаңғыртуда деуге толық негіз бар.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ғандай, Конституциялық соттың корпусы негізінен академиялық сынмен қарай алатын құқық профессорларынан қалыптасады. Олардың шығар­ған шешімдерін, ондағы келтіретін концептуалды уәждер мен бейтарап негіз­деулерін оқудың өзі неге тұрады?! Бұл түптеп келгенде отандық конституцио­нализм мен конституциялық құқық ғылымының дамуына да үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Конституциялық соттың корпу­сын қалыптастыруда Президент пен Пар­ламент теңдей қатысқаны жөн. Қай­сыбіріне басымдық беру сот тәуел­сіздігіне нұқсан келтіруі ықтимал.

Құрамы 12 судьядан тұрғаны жөн. Бұл әлемдік тәжірибемен салыстыратын болсақ көп те емес, аз да емес, дәл ортасы болып шығады. Мәсе­лен, бұл көрсеткіш Моңғолияда – 9, Бразилияда – 11, Испания мен Иран­да – 12, Грекияда – 13, Польшада –15, Германияда – 16. Оның үстіне қазақ­тың әділ сот тарихында 12 биден тұра­тын хан кеңестері жиі кездесетін құбы­лыс. Мәселен, Шыңғыс ханның, Жәңгір ханның жанында 12 биден тұратын кеңестері болған деген дерек бар. Жаңа қалыптасып жатқан институт болғандықтан, азаматтар тарапынан жолданатын істер де көп болады, сон­дай-ақ Конституция нормаларын қол­данудың соттық практикасын қа­лып­­тастыру да маңызды жұмыс.

Ендігі жерде Конституциялық соты бар елдің алдында тұрған кезекті мін­дет ол – Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа (ЕСПЧ) мүше болу. Қазақстанның бұған территориялық қана емес (Франция сыйып кететін Батыс Қазақстан облысы Еуропа континентіне жатады), юрис­дик­циялық та негіздемесі бар. Сондық­тан Конституцияға отандық құқықтың еге­мендігін қамтамасыз ететін нормаларды алдын ала ескеріп енгізу қажет болады.

Қорыта айтқанда, осы мақала арқылы Түркістан облысы және Түркістан қаласы тұрғындары Конституциялық сот туралы мәліметтерден қанық болады деп ойлаймыз. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, әрбір азамат заң аясында жұмыс істесе, заңға бағынса алдына қойған мақсатына еш кедергісіз жетеді.

Қазыбек ДАУТАЛИЕВ,

заң ғылымдарының кандидаты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *