ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН АУЫЛ ШАРУАШЛЫҒЫ ДАМУДА

7 просмотров

 

Қазіргі замандағы ең пайдалыда өнімі мол, әрі қиын бизнестің бірі бұл ауыл шаруашылығын дамыту. Ірі қара малды асырап, одан пайдалы өнім алу. Міне бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз ірі қара малды бордақылау жөнінде болады. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының тұрғыны Мұхит Жанегізов «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен жеке шаруашылығын ашқан. Ол 6 миллион теңге несие алып, он алты жылқы сатып алған. Алдағы уақытта мал санын көбейтіп, ет бордақылауды қолға алмақ. Бүгінде шаруашылығының көлемі ұлғайып, етке тапсырыс көбейген.

Дәл осындай кәсіп түрін қолға алған ауыл тұрғыны Іңкәрбек Қасымбеков. Шаруа иесі мемлекеттен 5 млн теңге несие алып, оған 14 бас жылқы сатып алған. Жиырма жылдан бері екі-үш малды бордақылап, ет өңдеумен айналысып келген. Қазіргі таңда жылқы басын көбейтіп отыр.

Бүгінде екі шаруаның ісі отбасылық кәсіпке айналған. Олар кәсіп көлемінің ұлғаюына байланысты ет өнімдерін Кентау қаласынан бөлек, Шымкент, Алматы қалаларына жіберуді қолға алған.

Айта кетейік, малды бордақылау оңай шаруа емес. Қажетті мөлшерде сапалы ет алу үшін шаруашылық иелері малдың теңгерімді тамақтануына жіті назар аударуы керек. Сиырларды азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру тұтас ғылым болып табылады. Өйткені мал азығына түсетін әрбір өнім өзінің ерекше қызметін атқарады.

Ендеше малды бордақылауды бастамас бұрын оны ұстауға қолайлы болу үшін қандай жағдай жасау керектігіне тоқталып өтсек. Бастысы, желдетілген бөлме, тазалық және температураның қалыпты күйде болуы.

► Бөлме нашар желдетілсе және ылғалдылық деңгейі жоғары болса, аммиакпен улану пайда болады, ол зәр мен көңнен бөлінеді. Бұл иммунитет пен жануарлар тәбетінің төмендеуіне және қабыну процестеріне әкеледі. Сондықтан желдетілетін бөлмені және ылғалдылық деңгейін 40-тан 75% -ға дейін қамтамасыз ету қажет.

► Қыста жас малдарды бордақылау алаңдарында 10°С төмен емес аумақта температуралық режимді қатаң сақтау ұсынылады.

► Тыныс алу (өкпе) ауруларының пайда болу қаупін болдырмау үшін қораларда төсеніш жабдықтары болуы керек. Төсемені сабаннан жасауға болады және мүмкіндігінше жиі ауыстырып отыру маңызды.

► Малды жасына, жынысына қарай қораларға бөлу қажет. Жасын ересек табыннан, ал құнажындарды бұқалардан бөліп алу керек.

► Көбінесе жайылымдағы мал әлсіреген күйде қайтып келеді, әртүрлі аурулармен ауырады, сондықтан профилактикалық дегельминтизацияны жүргізу, эндо және экзо паразиттерге қарсы вакцинациялау, мүмкіндігінше дененің ерекше ластанған жерлерін жылы сумен жуу қажет.

Көпшілік білетін бір жылдық бұқашықтарды бордақылау тәсілдері өте көп. Бірақ соның ішіндегі ең тиімді бордақылау тәртібімен күнтізбесін алдыңызға ұсынамыз.

Бордақылаудың негізгі тәртіптері. Бұқашықтардың бұлшық еттері мен салмағы тез артуы үшін, дұрыс тамақ жүйесін құрастыру қажет. Адам бұл кәсіпті бастамас бұрын өз алдына сұрақ қоюы тиіс, осы істі бастап аяғына дейін апаратынына сенімді болуы керек. Өйткені ірі қара басты бордақылау оңай істердің бірі емес. Басталған іс орта жолда қалып қойса, кеткен қаражат мал азығы босқа кеткенмен тең. Алдымен екі немесе бір басты бордақылап ұстап қарау қажет. Бірден он немесе жиырма бас ұстаса, физикалық және психологиялық тұрғыда қиынға соғуы мүмкін, одан кейін сол іске адамның құлшынысы ашылмай қалады.

Ең бірінші дұрыс бордақы күн тәртібін құру қажет. Оны қойын дәптер немесе арнайы журналға жазып отыру керек. Көпшілік фермерлер бір күнде үш мезгілдік күн тәртібін қолданады. Бұзау дүниеге келіп 60 күн аралығында анасының сүтімен, тары жармасымен және сапалы шөппен қамтылуы тиіс. Бұл яғни бұзаудың бойы өсуіне тез ықпал етеді. Уақыт өте 60 күн мен 90 аралығында салмақ жинайтын протеин азықтары берілуі тиіс. Көкөніс дақылдары мен қалдықтары, уақ бидай. 120 күннен кейін күніне аз-аздан сапалы шөптен үнемі салынып тұруы тиіс. Бұл болашақ бұқашықтардың салмақ жинауына көп септігін тигізеді. Осы аралықта олардың қарны ашпасада, тойып қалмауы тиіс. Осы күнге дейінгі іс тәжірибем бойынша жаңадан бордақылап жатқан адамдар бұқашықтардың тамақтандыру уақытынан жаңылысады. Айта кетерім қолда бар мал азық түлігін қолдану қажет. Мысалғы күзгі бау бақшада піспей қалған немесе қалдық көкөністерді саудагермен келісіп арзан бағаға сатып алу. Жем, ұнтақ бидай сиятқы мал азығын арзан бағаға іздеп жаз айында дайындап қою қажет. Бір күнге бұқашық 4-5 кг шөп, 4 кг көкөніс, бидай өнімдерін 2 кг жуық сіңіреді. Тағыда айта кетерім, бидай өнімдерін берген кезде (жем, уақ бидай тағы басқа) белгілі бір норманы және уақытты дұрыс пайдалану қажет. Мысалға алсақ су көп беріліп жем шөп аз берілсе, немесе жем көп беріліп су аз берілсе одан бұқашықтар салмақта жинамайды, нәтижеде көрінбейді. Бұқашықтар негізінде жемді жегенде тез сіңіріп, ыдысын тазалап бітіріп тастайды. Бірақ ол бұқашықтардың аш екенін білдірмейді. Егер қайта қайта нормадан тыс жем берілсе олардың тауы қайтып қалады. Екі үш күн жем жемей біраз әуреге салады. Сондықтан норманы сақтау керек.

Күнделікті адам өміріндегі азық түлік қалдықтарын осы бұқашықтарға беріп тұрса да болады. Мысалға алсақ: картоптың қабығын уақтап турап, өлшенген жемге араластырып беру қажет. Картопта крахмалдың құрамы өте көп. Бұзау кезінен өсіп келе жатырған немесе жарты жылдық бұқашықтардың жақсы өсуіне ықпал ету үшін әр түрлі мал азық қосындылары өте көп. Солардың бірі «Престартер» және «Суперпремикс». Яғни әр мал басына 150 грамм өлшеп беру қажет жәнеде малдың жасына қарай. Келесі кезекте «Антибиотиктер» «стрептомицин» және «пенициллин» бұлар бұзау немесе бұқашықтардың бойлары тез өсуіне және салмақ қосумен, тәбеті ашылуға жақсы. Соңғы кезең бұл яғни бордақылау уақыты. Ең алғашқы қар түсісімен немесе күн салқындағаннан бастап ұстауға болады. Тәулігіне 3 рет жем шөп және бір рет су мен қамтылуы тиіс. Вес қосып тәбеті ашылған уақыттан бастап күніне 4 мезгіл тамақтандыруға болады. Негізгі уақыттары: таңғы сегізде шөп салым, артынан жем беру, тұсқайта сағат 11:30 бен 12:30 аралығында ең бірінші су беру содан соң жем-шөбін салу. 16:30 бен 17:00 аралығында су беріп жем шөбін салу. Кешкі уақытта сағат 21:00 де жатарға жәй ғана құрғақ шөптен салып қою керек. Бұл яғни бордақылаудың бір түрі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.