Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Сапаралы Құрбанов мәлімдеді.
— Орталық құрылғалы бері отандық бизнес үшін тиімді мүмкіндіктер ашылып келеді. Билік пен бизнес арасында, орталық пен кәсіпкерлер арасында диалог орнап, кәсіпкерлер үлкен қолдауға ие болды. Айта кетсем, өткен жылы орталық арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында 1 175 жоба сүйемелденіп қаржыландырылды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша — 770, егін шаруашылығы бойынша — 157, өндіріс саласы бойынша — 55, қызмет көрсету бойынша — 118 , айналым қаражаты — 75 жоба. Жалпы сүйемелденген жоба сомасы — 7 920 997 874 теңге. Одан бөлек, орталық мамандары тарапынан былтыр 1 862 құжат рәсімделіп, басқа да құжаттар бойынша 1 242 қызмет көрсетілді, — деді Сапаралы Әділханұлы.
Мекеме басшысының мәлімдеуінше, биыл орталық бизнес-қауымдастықтың негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамыту мен ел ішіндегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырмақ.
Түркістан облысының тұрғындарына кәсіпкерлік қызмет туралы аз-кем ақпарат бере кетейік. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.
«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі.
Кәсіпкерліктің түрлеріне келесілер жатады:
- Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
- Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
- Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
- Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
- Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.
- Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
- Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
- Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
- Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
- Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.
Нарық — ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады. Нарық – тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсын өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін механизм деген анықтама беріледі. Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады: миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алуды шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін қарастырады. Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді жолдарын түсінуге және микро және макро деңгейдегі тиімділікті арттыруға арналған фундамент, негіз болады. Оның негізі барлық шаруашылық етуші субьектілерінің, адамдар мен жалпы қоғамның арасындағы тауар айырбасы қатынастарының жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық айырбас саласында сатушы мен сатып алушы арасында арнайы экономикалық қатынастардың жүйесін құрайді деген пікірі толығымен расталған. Нарықтың сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастарға тигізетін әсері баға, сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, табыс және шығын, яғни «нарықтық механизм» ұғымына кіретін элементтердің барлығын қолдану арқылы қамтамасыздандырылады. Нарық нақты әлеуметтік-экономтикалық шарттармен өмір сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді болады. Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде — өндірісте, таратылуда, айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар. Нарықтың пайда болып, қалыптасуы екі объективті жағдайға байланысты: біріншісі — қоғамдық еңбек бөлінісі, ал екіншісі — жеке меншік негізіне сүйенген тауар өндірушілердің экономикалық тұрғыдан оқшаулануы. Ал, «нарық» туралы әртүрлі көзқарастар бар. Мәселен, «Саяси экономия» оқулығында, нарық өндірістік қатынастар жүйесіне кіретін, меншік қатынасын қамтамасыз 8 ететін, айырбас категориясы ретінде сипатталады. Ал, «Экономикалық теория негіздері» [3] курсында нарық — сатып алу және сату жиынтығы ретінде қарастырады. «Экономиксте» [4] нарық — бұл жеке тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін байланыстыратын, сатып алушылар мен сатушылардың институты немесе механизмі. Сонымен әртүрлі көзқарастарды еске ала отырып, қазіргі кезеңде былайша тұжырым жасауға болады: нарық — бұл тұтыну мен айырбас, бөлу және өндіріс үрдісінде пайда болатын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Олай болса, нарық субъектілері өндіріс пен тұтыну сферасын жалғастырып, ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұған қоса нарық ақпараттық қызмет атқарады: тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк салымдарының үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады. Сонымен бірге нарық мынадай қызметтерді де атқарады: бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағына тиімді жағдай жасайды және еңбектің, тауардың қоғам үшін маңыздылығы осы нарықта анықталады, өндірістік шығындарды азайтуға ынталандырады. Осы аталған қызметтер тұрғысынан алсақ, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға әбден болады. Экономика адаммен бірге пайда болып бірге дамып келеді. Ол адами тұлғаның, ұжымның және қоғамның қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер ететін фактор. Экономика – өмір сүру қажеттіліктерін алу үшін адамның табиғатқа белсенді және саналы түрде әсер етуінің нәтижесі. Бұл тұрғыда экономиканы, өмірге қажетті игіліктер алу үшін адам мен табиғаттың өзара әрекет етуі түрінде қарастыруға болады. Адамдар өздерінің экономикалық әрекеттері процесінде табиғи және жасанды ортамен байланысқа түсіп, пайдаланады. Адам өндіріс процесінде өзін қоршаған ортаға әсер етеді. Адамның экономикалық қажеттіліктерін, атап айтқанда, тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру – экономика қызметінің табиғи мақсаты болып татылады. Адамзат дамуының бастапқы кезеңінде адамдар өз қажеттіліктерін табиғаттың дайын өнімдері есебінен қанағаттандырды. қажеттіліктердің көпшілігі тауарлар мен қызметтер түрінде өндірілген игіліктердің есебінен, яғни, еңбек, табиғи, ғылыми және басқа да экономикалық ресурстар негізінде шығарылған өнімдердің есебінен қанағаттандыра бастады. Сонымен қатар қажеттіліктер де өсе бастады. Материалдық қажеттіліктермен қатар, экономикалық ресурстарды пайдалану арқылы қанағаттандырылатын рухани қажеттіліктер де өсіп отырады. Әрбір нақты тарихи кезеңде, қоғамның негізін құрайтын адамдар мен ұйымдар көптеген экономикалық қажеттіліктерді 9 иеленеді. Олардың бірі адам өмірінің биологиялық жағдайларына, екіншісі қалыптасқан дағдылар мен салттарға байланысты пайда болады. Қажеттілік, мұқтаждық және жетіспеушілік тұлғаның, ағзаның, әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның өмір сүруін қолдауға қажетті белсенділік қоздырғышы болып табылады. Экономикалық қажеттіліктер материалдық және рухани игіліктерді пайдалану арқылы қанағаттандырылады. Бұл жерде қоғамның экономикалық қызметінің табиғи мақсаты жүзеге асырылады. Адамдар өз еңбектерінің нәтижелерін пайдалану үшін шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастырып, оның қызметін қолдап отырады. Ұтымды пайдалану экономиканың жалпы тиімділігін де арттырады. Мысалы, материал сыйымдылығын кеміту қоғам қажеттілігін аз шығындармен қанағаттандыруға көмектеседі, әрі өндіріске жүктелетін тапсырмаларды жеңілдетеді. Қажеттіліктерді қанағаттандыру өндірістің әрі қарай дамуына ықпал етеді. Пайдаланылған өнімнің орнына жаңа өнім шығару қажеттілігі туады. Қанағаттандырылмаған қажеттілік жаңа сұраныстар туғызады. Саналы, мақсатты, пайдалы еңбекпен айналысатын адамдар белгілі бір жұмысты атқара отырып, өздеріне де, қоғамға да қажетті экономикалық өнімдрді қалыптастырады. Олар өмір сүруге қажетті материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, экономикадағы өндірістің басты түйіні болып табылатын кәсіпорындарда барлық өндірістік процестер жүргізіледі әрі қажеттіліктер қанағаттандырылады. Адамдардың шаруашылық қызметі нақты ойын ережелері шеңберінде жүзеге асырылады, негізгісі – меншік қатынастары. Жеке меншік еркін бәсекелестікке жағдай жасайды және мүдделі, шығармашылық әрі одан да нәтижелі еңбекке жетелейді. Шаруашылық қызметтің шарттарына шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін белгілейтін, еңбек қызметі талаптарын реттейтін әртүрлі мемлекеттік ұйымдар елеулі әсер етеді. Нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар — бұл экономикалық қатынастар. Экономикалық қатынас өзінің «қатынас» мағынасына сай қандай да бір заттың немесе адамдардың өзара қос әрекетін сипаттайды. Сондықтан экономикалық қатынас деп адамдардың қандай да бір затқа байланысты қатынасын айтамыз. Дәлірек айтқанда, экономикалық қатынас дегеніміз – экономика субъектілерінің қандай да бір зат жөніндегі қатынасы.
Экономиканың тұрақты болуы және бәсекелес сипатының қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет: — кәсіпкелік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқықтығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау; — кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны; — кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциалық табысқа жету бағдарын ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрлым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік – экономикалық шарттары қолдануы қажет. Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын болып табылады. Сонымен, кәсіпкерлік бұл меншік формасына тәуелсіз жеке және заңды тұлғалардың жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген тауарға (жұмыс, қызмет) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен алынатын жеке табыс немесе пайдаға бағытталған инициативті қызмет.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол шағын және жеке кәсіпкерлік. Шағын кәсіпкерлік – бұл мемлекеттік органдар және басқа да өкілетті ұйымдар көрсеткіштерімен, заңмен бекітілген анықтама негізінде нарықтық экономика субъектілерімен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсеткендей әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы кәсіпорындарды (ұйымдар) шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде анықтайтын негізгі критерилерге бірінші кезекте, есепті кезенде кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады. Бірқатар ғылыми еңбектерде шағын кәсіпкерлік – бір меншік иесімен басқарылатын кәсіпорындағы азғана топтың жұмыс істеуі деп түсіндіріледі. Негізінде шаруашылық қызмет субъектісін шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызу кезіндегі өте маңызды көрсеткіш болып персонал саны (жұмыспен 19 қамтылған жұмысшылар), жарғылық капитал қоры, актив мөлшері, айналыс көлемі (табыс, кіріс) табылады. Әлемдік банк мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызатын көрсеткіштер саны 50-ден жоғары. Бірақ көп қолданылатын көрсеткіштер келесілер болып табылады: кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны, жыл сайынғы айналым, актив мөлшері. Бірақ барлық дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызудың негізгі көрсеткіші жұмыскерлер саны болып табылады. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берді. Оның мынандай айтқан сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Осы туралы француз экономисті Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисті Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам білсенділігін жатқызды. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар, оларды бір-бірімен баламалап қарауға болады. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш.