ТҮРКІСТАН: БІР КҮНДЕ 2 КӘСІПОРЫН АШЫЛЫП, 1 ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Түркістан облысында өндірісті дамыту, зауыттар ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бүгін Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында сэндвич-панель шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен инвесторлар арнайы қатысып, жұртшылықты құттықтады.

Жобалар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының Қытайға жұмыс сапары нәтижесінде жүзеге асты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, облысымыздың өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін және қала тұрғындарына жұмыс орындарын ашуға үлесін қосатын «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт құрылысы басталғалы тұр. «Panel Sistem KZT» компаниясының жобасының іске қосылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді. Біз инвестиция тарту, кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашуға басымдық беріп отырмыз. Жұмыстар жалғасады. Бастамаға сәттілік және табыс тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.

Бұл маңызды әрі заманауи жобаның инвестициялық құны – 1,54 млрд теңге. Жаңадан 32-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған зауыттың жылдық қуаттылығы – 250 мың шаршы метр. Онда сэндвич-панельдер, гофрленген қаңылтырлар, металл плиткалар және өзге де құрылысқа қажетті заттар шығарылады деп жоспарланған. Бүгінде зауыт салынатын жер бөлініп, тиісті жұмыстар басталып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, «Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды. Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр. Яғни ел экономи­касының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артық­шылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан әрі дамыта беру керек», деді Президент.

Иә, елдің дамуы экономикаға байланысты екені түсінікті. Сон­дықтан да барлық күш-жігер осы саланы көтеруге жұмсалып жатқаны айқын. Әсіресе ол рес­пуб­ликаның өңірлерінде ай­рықша көрініс тапқан. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарының ашылуына және халықтың кәсіп­керлікке бет бұруына үлкен септігін тигізіп жатыр. Статистикаға көз жүгіртсек, жыл сайын Қазақстанға 50 млрд доллардың дайын өнімі импорт­талады. Еуразиялық эконо­ми­калық одақ шеңберіндегі басқа мемлекеттерді қосқанда, бұл көр­сеткіш 290 млрд долларға тең. Ал ғылыми-техникалық са­ла­дағы нарыққа қажетті инвестиция 25 млрд долларды құрайды. Сондықтан оларды отандық тауарлармен алмастыру міндеті тұр. Бұл орайда өнер­кәсіпті өркендетуге өңірдегі ішкі нарық, ресурстық-шикізаттық база және логистикасы мен сапалы мамандар дайындау арқылы адам капиталын қалыптастыратын жоғары оқу орындары толық мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда инвестициялық жобаларды мемлекеттік даму инс­­титуттарының көмегімен жү­зеге асыруға болады. Мәселен, кера­микалық тақтайша, санфаянс, шатыр жабындылары, лак­ты-бояулар, пластмасса құбырлары, сэндвич панельдер, жарықтандырушы құралдар, жылу радиаторлары, кабельдер және басқа да тұрмыстық бұйымдар өндірісі қажет. Осы жобаларды қолға алған инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Айталық әкелетін құ­рал мен техникаға кедендік салық алынбайды, қосымша құн са­лығынан босатылады, сон­дай-ақ өндіріс ошағын салуға жер учас­кесі беріліп, қажетті инфрақұ­рылыммен қамтамасыз етіледі. Инвесторларға металлургия саласында да мүмкіндік көп. Сол себепті алдағы уақытта соз­ба сым, алюминий табақтарын, қалбырдың алюминий таспаларын, радиаторлар, терезе мен құрылыс конструкцияларына және түрлі ыдыстарға арналған алюминий профильдерін шығаратын жобаларды іске қосу жоспарланып отыр. Өзіміздің қорғасын мен мыстан дайын өнімдер шығару жоспары да жоқ емес. Химия өнеркәсібінде де біра­з ірі жобалар іске асырылатын болады. Мәселен келешек­те органикалық минералды хи­мия­лық заттар және тұрмыстық химия бұйымдарын шығаратын зауыттар тұрғызылады.

Тұрғын үй құрылысы да қала экономикасының маңызды бөл­шегі саналады. Осы күнде шаһарда көпқабатты үйлер салу тиісті  құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. 2024 жылдан бастап жылына 3 млн шаршы метр үй тұрғызу көзделіп отыр. Қала кеңейіп келеді, жаңа шағын аудандар бірінен кейін бірі пайда болуда. Сондықтан құрылыс индустриясын инвесторлар үшін таптырмас мүмкіндік деуге болады. Құрылыс нысанын салуда немесе құрылыс материалын өндіруде кәсіпкер өзіне жақсы пайда таба алады.

Инвестиция өздігінен келмей­тіні белгілі. Кәсіпкердің жобаның тиімділігіне көзі нақты жетпесе, қалтасынан ақша шығармайтыны анық. Осы орайда Түркістан облысы өңірге инвестиция тарту мақ­сатында көп іс тындырып отыр. Сонымен бірге сауда әріптестік байланысы мық­ты және өзара тауар алмасу көрсет­кіші жылдан-жылға өсіп келе жатқан Өзбекстан, Түр­кия, Ресей, Қытай секілді мемле­кеттерден келген бизнес өкілдерімен өзара сауда-саттықты, жалпы бизнес­тік байланыстарды жандан­а бастады. Қызмет көрсету саласы өндіріс­тік экономика мен халықтың әл-ауқа­тының артуына негізгі қозғау­шы күш болып табылады. Соның ішінде сауданы, көлік тасымалын, тамақтану мен туризмді инвестициялық тартымдылығы жағынан бөлек қарастыруға болады.

Атап айтсақ, бұдан бөлек «TURKISTAN» индустриалды 2 кәсіпорын ашылды. Олардың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, кәсіпорындардың жұмысына сәттілік тіледі.

Бүгін ашылған жиһаз цехы жобасының жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құраған. 50-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Заманауи, соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған цех күніне 600 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Аталған цех облыс мектептерін, балабақшаларын, сонымен бірге, өңірде ашылып жатқан ғимараттарды толықтай жиһазбен қамтуға үлес қоспақ.

Ал «TURKISTAN» индустриалды аймағында Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасымен шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.

Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костьюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ. Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп күтіліп отыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2023 жылы Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, инвесторлармен келіссөздер жүргізген болатын. Сол келіссөздер жемісін беріп, жобалар жоспарлануда.

Тағы бір жаңалық, Түркістанда пандемия кезінде жұмысын уақытша тоқтатқан «Golden Camel» зауыты өз жұмысын қайта бастады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды былтыр Қытайға жұмыс сапарында «Golden Camel» зауытының басшыларымен кездесіп, жұмысын тоқтатқан зауытты қайта іске қосу туралы мәселені көтерген болатын. Нәтижесінде, кәсіпорын іске қосылып, өнімін экспорттап жатыр. Сұраныс жоғары. Өндіріс орны түйе және бие сүтінен құрғақ сүт шығарумен айналысады. Сонымен қатар мұнда ұлттық сусынды соңғы процеске дейін өңдеп, косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химиялық сұйықтықтар шығарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *